Дәрігер интерн хирургтарына «Балалар хирургиясы» модулі бойынша балалар хирургиясы пәнінен тест сұрақ (720) Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы



бет2/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#124949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Диагноз және дәрігердін амалы ?

| Шенлейн-Генх ауруы, гормондар тағайындау

| Ішек полиппі, полипэктомия

| Жедел аппендицит, аппендэктомия

| Жедел дивертикулит, дивертикулэктомия

| Ішек инвагинациясы, дезинвагинация

~Бала 5 жаста. Оң жақ қабырғаасты аймағында ауырсыну, жүрек айну, құсу. 6 сағат ауырған. Іші кеппеген, Мерфи, Захарьин-Геда, Ортнер симптомдары оң. Қан анализінде лейкоцитоз 13х109 г/л, СОЭ жылдамдаған.

амалыңыз ?

| 72 сағат консервативтік ем, нәтиже болмаса – операция

| Динамикалық бақылау

| 6-8 сағат консервативтік ем, нәтиже болмаса- операция

| 24-48 сағат консервативтік ем

| Шұғыл операция

~Клиникаға салмағы 3100 г нәресте жеткізілді. Қарау кезінде анал тесігінің жоқ болуы. Болжам тесік зонасында тері қатпары анықталды, «итеру» симптомы оң, анал рефлекс анықталды.

Хирургтың амалы ?

| Шапаралық проктопластика

| Құрсақ және шапаралық проктопластика, колостома салу

| Шапаралық проктопластика, колостома салу

| Құрсақ-шапаралық проктопластика

| Шапаралық проктопластика, илеостома

~ 6 айлық балада қайталамалы тынымсыздық, құсу байқалады. Пер ректум тексергенде нәжісі қан аралас болды. Ауру ұзақтығы 10 сағат.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Ішек инвагинациясы

| Жедел аппендицит

| Ішек инфекциясы

| Құрсақ қуысының ісігі

| Аппендикулярлы инфильтрат

~Пневмониясы бар балада жалпы кеуде қуысының рентгенограммасында сол өкпенің қараюыгоризонтальды деңгеймен, өкпенің коллабирленуі, аралықтың оңға ығысуы анықталады.

Өкпе деструкциясының қай түріне тән?

| Пиоторакс

| Эксудативті плеврит

| Пиопневмоторакс

| Пневмоторакс

| Өкпе абсцессі

~Хирургиялық стационарға 14 жасар бала келіп түсті. Анамнезінде бір апта бойы эпигастрии аймағында ауру сезім жіне кекіру мазалаған. Түсерге дейін екі сағат бұрын ішінде қатты ауру сезім, тамақпен құсық пайда болды. Баланың жағдайы ауыр. Бала сол жық қырында аяғын ішіне тартып жатыр. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші тыныс алу актісіне қатысады, ауру сезімді, ішперде тітіркену симптомы оң. Пульсі 120 рет минутына. Т – 37,5C

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Асқазан жарасының тесілуі

| Улану

| Жедел холецистит



| Жедел гастрит

| Жедел панкреатит

~Бала бір жаста Оң жақ қолының қозғалысы шектелген. Қарап тексергенде ауру сезімді, оң жақ бұғанасында жергілікті ісік байқалады.

ем көрсетілу керек?

| Дезо таңуы

| Кокситті-гипстік таңуъ

| Сегіз тәрізді гипстік таңу

| Кузьминскии-карпенко таңуы

| Жергілікті анестезиямен жабық репозиция

~Қабылдау бөлімшесіне 2 жасар бала келіп түсті. Бір тәулік бойы бала мазасыз, ұйқысы беткей, оң жақ қырында жатады, құсады, нәжісі сұйық. Пальпация кезінде бала мазасызданып, жылап, көрсетпейді. Ұйқы кезінде тексергенде Филатов және оң жағында перитонизм симптомы оң. Пульсі 132 рет минутына. Т= 38,1 C

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Жедел аппендицит

| Төменгі бөлікті пневмония

| Инвагинация

| Энтеровирусты инфекция

| Құрттық инвазия

~Өкпе деструкциясы бар балада плевра қуысын дренаждағаннан кейін тыныс жетіспеушілік симптомы сақталуда. Бюлау бойынша дренажда ауа мен ірің бөлінеді, кезекті рентгенограммада өкпе коллабирленуі сақталған.

Өкпе жазылуына қосымша не істеу керек?

| Оперативті ем-торакотомия, жыланкөзді тігу

| Антибиотиктер қолдану

| Екінші қабырға арлықта қосымша дренаждау

| Екінші қабырға аралықта плевра қуысының пункциясы

| Бронх окклюзиясын орындау

~8 жасар бала автотравмадан кейін келіп түсті. Рентгенде плевра қуысы тотальды қарайған, аралықтың жарақаттанған жаққа ығысуымен.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Гемопневмоторакс

| Өкпе ателектазы

| Плеврит

| Өкпе абсцессі

| Хилезді пиоторакс

~Туғаннан бір сағаттанк ейін нәрестеде өтпен көп мөлшерде құсу байқалды. Емізгеннен кейін құсуы қайталанады. Адинамия, эксикоз байқалуда, 256г салмақ жоғалтты. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағы кепкен, құсқаннан кейін кішірейеді. Ішінің төменгі бөлігі төмен түскен. Жалпы рентгенде құрсақ қуысында екі горизонтальды сұйықтық деңгейі байқалады, ішектерде газ жоқ.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Фатер емізікшесінен төмен ұлтабар атрезиясы

| Гиршпрунг ауруы

| Пилоростеноз

| Сигма тәрізді ішек атрезиясы

| Фатер емізікшесінен жоғары ұлтабар атрезиясы

~Нәрестеде туа салысымен мұрнымен аузынан көбікті шырышты бөліністер бөлінді.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Өңеш атрезиясы

| Өкпе ісігі

| Өңеш ахалазиясы

| Өңеш халазиясы

| Өңеш стенозы

~12 жасар балада диагностикалы емдік – диагностикалық плевра пункциясында көп мөлшерде мөлдір сұйықтық бөлінді.

Қай ауруды алып тастау керек?

| Эхинококкоз

| Хилезды плеврит

| Лимфа жүйесінің жарақаты

| Өкпе ісігі

| Питоракс

~6 айлық баланы қарап тексергенде оң жақ шап аймағында ауру сезімді жарықты түзіліс байқалды. Ауру ұзақтығы 10 сағат.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі ?

| Жарықты кесу жедел операциясы

| Жарықты орнына келтіру

| Жарықты жоспарлы кесу

| Диспансерлі графикпен герниотомия

| Диагностикалық лапароскопия

~Хирургия бөлімшесіне 12 жасар бала гематология бөлімшесінен өңештен қана ағуғу шағымданып ауыстырылды. Анамнезінде 9жасында вирусты гепатитпен ауырған, стационарда емделген. «Д» есепте тұрмайды. Іші ұлғайған, ішінің терісінде жұлдызшалар, пальпаторлы – бауыры ұлғайған.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Портальды гипертензия

| Рефлюкс эзофагит

| Вирусты гепатит

| Верльгоф ауруы

| Бауыр кистасы

~Қабылдау бөлімшесіне бір жасар бала келіп түсті.анасының айтуы бойынша бала туғаннан бастап іш қатумен ауырады, іші ұлғайған. Тазалау клизмалары әсерсіз.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі ?

| Ирригография

| Құрсақ қуысының шолу рентгені

| Жіңішке ішек қабырғасының биопсиясы

| Құрсақ қуысының УДЗ

| Копрограмма

~1айлық бала анасының айтуы бойынша мазасыз және фонтан сияқты құсады. Қарап тексергенде эпигастрии аимағы кепкен. Пальпация жасағанда құм сағат симптомв оң, және асқазанның пилорусты аймағы тығыздылған.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Пилоростеноз

| Пилороспазм

| Адреногенитальды синдром

| Дебре-Фибигера синдромв

| Ұлтабар стенозы

~1,5 айлық бала анасының айтуы бойынша мазасыз және фонтан сияқты құсады. Қарап тексергенде эпигастрии аимағы кепкен. Пальпация жасағанда құм сағат симптомв оң, және асқазанның пилорусты аймағы тығыздылған.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі ?

| Фред-Рамштед операциясы

| Консервативті ем

| Росс отасы

| Винкельман отасы

| Коэн отасы

~Бала 3 жаста, әлсіздікке, жиі құсып жіберуге, туған мезеттен бастап өздігінен дәрет болмауына, тек клизмадан кейін шағымданады. Қарап тексергенде іш көлемі ұлғайған. Алдыңғы құрсақ қабырғасына басқанда саусақ іздері қалады «саз» симптомы.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Гиршпрунг ауруы

| Аноректальді ақаулар

| Долихосигма

| Созылмалы іш қатулар

| Ішек өтімсіздігі

~Бала 3 жаста, әлсіздікке, жиі құсып жіберуге, туған мезеттен бастап өздігінен дәрет болмауына, тек клизмадан кейін шағымданады. Қарап тексергенде іш көлемі ұлғайған. Алдыңғы құрсақ қабырғасына басқанда саусақ іздері қалады «саз» симптомы.

Ең ақпаратты зерттеу әдісі?

| Ирригография

| Лапароскопия

| Колоноскопия

| Фиброгастродуоденоскопия

| Ректороманоскопия

~6 жастағы бала апта бойы ауырады, іштегі ауру, күніне 1=2 рет құсу, 38,4С дейін температура жоғарылау мазалайды. Қарап тексергенде іш пальпациясы кезінде іштің төменгі жағында оң жақта ауырсынғыштық пен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің кернелуі анықталды. Сонда өлшемдері 9х8 см, аз қозғалатын, шекаралары анық,ауырсынғыш, тығыз-эластикалы консистенциялы ісік тәрізді түзіліс пальпацияланады.

Ақпаратты зерттеу әдісі?

| Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

| Экскреторлы урография

| Құрсақ қуысы рентгенографиясы

| Ирригография

| Колоноскопия

~4 жастағы қызда пальпация кезінде жайылған ауырсынғыштық пен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің кернелуі құрсақ қуысының барлық бөлімдерінде анықталады. Перитонизм симптомдары іштің төменгі бөліктерінде айқын, Щёткин – Блюмберг симптомы оң. Сыртқы урогениталийлердің гиперемиясы байқалады.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Пельвиоперитонит

| Жедел аппендицит

| Аналықбездер кистасының айналып кетуі

| Аппендикулярлы инфильтрат

| Аппендикулярлы перитонит

~4 жастағы қызда пальпация кезінде жайылған ауырсынғыштық пен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің кернелуі құрсақ қуысының барлық бөлімдерінде анықталады. Перитонизм симптомдары іштің төменгі бөліктерінде айқын, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Сыртқы урогениталийлердің гиперемиясы байқалады.

Диагнозды анықтау үшін зерттеу әдісі?

| Лапароскопия

| Колоноскопия

| Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

| Шолу рентгенографиясы

| Құрсақ қуысы ағзаларының МРТ

~5 жастағы баланы қарап тексергенде анустан кезек=кезек қанағу анықталады. Өзгермеген нәжіс массаларда таза қан іздері бар желобок анықталады. Тік ішекті саусақпен тексергенде анустан 5-6см қашықтықта 3х3 см, тығыз, аз қозғалатын, аздап ауыратын ісік тәрізді түзіліс анықталады. Саусақта қан іздері.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Тік ішектің шырышты қабатының түсуі

| Парапроктит

| Ректосигмоидит

| Тік ішектің қанайтын полипі

| Артқы өтістің сызаты

~Профилактикалық тексеруде балада балабақшада кіндік сақинасы аймағында томпаю анықталды. Ол тыныш жағдайда жоғалады, бірақ күшенгенде және айқайлағанда пайда болады. Кіндік сақинасы өлшемдері ұлғайған.

Керекті зерттеу жоспарын таңдаңыз?

| Кіндік сақинасын қарау мен пальпациясы

| Ортостатикалық сынамалар

| Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

| Ұманы қарау мен пальпациясы

| Допплерография

~Тексеруде балада балабақшада кіндік сақинасы аймағында томпаю анықталды. Ол тыныш жағдайда жоғалады, бірақ күшенгенде және айқайлағанда пайда болады. Кіндік сақинасы өлшемдері ұлғайған.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Кіндік жарығы

| Шап жарығы

| Кіндік бауының жарығы

| Іштің ақ сызығының жарығы

| Вентральді жарығы

~3 айлық бала анасының айтуынша фонтан сияқты құсады, қарап тексергенде эпигастрии аймағы кепкен. Пальпация кезінде құм сағат симптомы оң.

Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі ?

| ФГДС

| УДЗ


| МРТ

| Колоноскопия

| КТ

~2 жасар баланың анасы баласының оң қолымен қозғалмайтынына және денесінің бойында салбырап тұратынына шағымданып келді. Киім аустырғанда пассивті қозғалыстар ауру сезімді.



Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Оң кәрі жіліктің басының шығуы

| Иық сүйегінің жедел гематогенді остеомиелиті

| Оң иық сүйегінің т/3 бөлігінің жабық сынығы

| Оң бұғананың о/3 бөлігінің жабық сынығы

| Ревматоидты артрит

~Дәрігер бір жыл бойы іш қатуға және дефекация кезінде қанның бөлінетініне шағымымен келген 1жасар баланы тексеріп жатыр.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Тік ішек полипі

| Геморрой

| Инвагинация

| Дизентерия

| Тік ішек жарасы

~Қабылдау бөлімшесіне 7 күндік бала келіп түседі. Әлсіз. Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы жиі, беткей. Жүрек тондары тұйық. Ішінің қатты кепкені және ауру сезімділігі көңіл аудартады. Тері асты вена торы кеңейген. Перистальтикасы естілмейді. Перкуторлы - бауыр тұйықтығы жоқ.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Перитонит

| Жедел панкреатит

| Жедел аппендицит

| ОНМК

| Құрсақ қуысының ісігі



~Қабылдау бөлімшесіне 7 күндік бала келіп түседі. Әлсіз. Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы жиі, беткей. Жүрек тондары тұйық. Ішінің қатты кепкені және ауру сезімділігі көңіл аудартады. Тері асты вена торы кеңейген. Перистальтикасы естілмейді. Перкуторлы= бауыр тұйықтығы жоқ.

Диагнозды дәлелдеу үшін не істеу қажет?

| Құрсақ қуысының шолу рентгені

| Диагностикалық лапароскопия

| Кеуде қуысының шолу рентгені

| Ирригография

| Ештенке жасамаймыз

~Қабылдау бөлімшесіне 7 күндік бала келіп түседі. Әлсіз. Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы жиі, беткей. Жүрек тондары тұйық. Ішінің қатты кепкені және ауру сезімділігі көңіл аудартады. Тері асты вена торы кеңейген. Перистальтикасы естілмейді. Перкуторлы- бауыр тұйықтығы жоқ.

Хирургтың амалы?

| 2-3 сағат дайындықпен жедел операция

| 1сағат аралығынад жедел операция

| 5сағаттық ота аолдыңғы дайындықтан кейін жедел операция

| Бір тәулік баланы реанимацияда консервативті ем жүргізу керек.

| Күту амалы

~Балада гастрошизис диагностикаланды. Қарап тексергенде құрсақ ұқуысының алдыңғы қабырғасының диаметрі 3см дефект бар. Ішек қабырғалары диаметрінде қалыңдаған, бір бірімен жабысқан. Ішек қуысы қою және жабысқақ меконимен толған.

Жарық қабы немен жабылған?

| Тоқ ішек шажырқайымен

| Үлкен шажырқаймен

| Кіші шажырқаймен

| Құрсақ қуысының жұқарған алдыңғы қабырғасымен

| Жарық қабы жоқ

~3 жасқа дейінгі балалардағы жедел аппендициттің клиникалық ерекшеліктері бар?

| Жалпы симптомдардың жергілікті симптомдардан басым болуы

| Жергілікті симптомдардың жалпы симптомдардан басым болуы

| Айқын тыныс алу жетіспеушілігі

| Айқын Щеткин-Блюмберг симптомы

| Айқын қозғалыс мазасыздығы мен полиморфты тері бөртпелерінің пайда болуы

~3жасқа дейінгі балаларда аппендэктомияның әдісі?

| Лигатуралық әдіс

| Тұқылды байлап, кисетті тігіске енгізу

| Тұқылды (культя) байлап, кисетті және Z-тәрізді тігіске енгізу;

| Тұқылды байламай кисетті тігіске енгізу;

| Инвагинациялық аппендэктомия

~Перитонит кезінде гиповолемия дәрежесін қалай анықтайды?

| Гемоглобин деңгейін, эритроциттерді, гемотокритті және ОВҚ анықтау

| Гемоглобин деңгейін, эритроциттерді, гемотокритті анықтау

| Гемоглобин деңгейін және эритроциттерді анықтау

| Эритроциттерді, гемотокритті және ОВҚ анықтау

| Гемотокритті және ОВҚ анықтау

~3 апталық нәрестеде «фонтан» тәріздес құсу, терісінің құрғақтығы, еңбегінің ішке енуі және салмағын жоғалту байқалды. іші эпигастрий аймағында ұлғайған, көзге «құм сағат» тәріздес перистальтика көрінеді. Диурезі аз.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Пилоростеноз

| Туу кезіндегі жарақат

| Пилороспазм

| Жоғарғы ішек өтімсіздігі

| Парездік ішек өтімсіздігі

~Төмендегі клиникалық белгілердің Дугласс абсцесiне тән?

| Гектикалық температура, жалған шақырулар және шырышпен жиі нәжіс, зәр шығару кезінде ауырсыну, тiк iшекті тексергенде iсiк тәрiздi түзілістің анықталуы

| Үнемі қалтырау, көп ретті құсу, нәжіс пен газдың кідіруі, құрсақтың тітіркену симптомы оң, гиперлейкоцитоз

| Үнемі қалтырау, көп ретті құсу, нәжіс пен газдың кідіруі, құрсақтың тітіркену симптомы оң, солға жылжумен лейкопения

| Гектикалық қалтырау, көп ретті құсу, нәжiс пен газдың кідіруі, iш пердесiнiң тiтiркену симптомы оң, гиперлейкоцитоз, перистальтиканың болмауы

| Гектикалық қалтырау, көп ретті құсу, нәжiс пен газдың кідіруі, iш пердесiнiң тiтiркену симптомы оң, гиперлейкоцитоз, перистальтиканың болмауы, гиперемия және шат аралықтағы ісік

~Қуыс ағзалардың жабық жарақатының негізгі клиникалық синдромы?

| Перитонит синдромы

| Дизуриялық синдром

| Бүйрек-бауыр қызметінің жетімсіздігі

| Жүрек-қан тамыр жетімсіздігі

| Ішкі қан кету синдромы

~Бала 9 жаста. Шағымдары: ішінің ауырсынуы, температурасының 39,5 дейін жоғарылуына, 3-4 реттік құсу. Анамнезінен: 4 тәулік бойы ауырады, 2 рет сұйық нәжіс болған. Жергілікті: тері жабынедылары құрғақ, тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші қампимаған, пальпация кезінде барлық бөліктерінде ауырсыну бар. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық бөліктерінде оң. Іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы белгісі оң. Жалпы қан анализінде Нв-105г/л, Л-19* 10/л, с-89, ЭТЖ-22сағ.

Операция алды дайындық?

| Инфузия көлемі 1,5-2,5 литр, дайындық ұзақтығы 2-4 сағ.

| Инфузия көлемі 500 мл, дайындық ұзақтығы 1 сағ.

| Инфузия көлемі 1 литр, дайындық ұзақтығы 1 сағ.

| Инфузия көлемі 3-4 литр, дайындық ұзақтығы 6 сағ.

| Инфузия көлемі 5-6 литр, дайындық ұзақтығы 24сағ.

~Ішінің ауырсынуы, құсу, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы. Перистальтикасының күшеюі, сұйық нәжіс, гиперлейкоцитоз.

Жіктелу бойынша клиникалық диагноз қойыңыз?

| Перитониттің І кезеңі

| Жедел аппендицит жамбастық орналасуы

| Перитониттің ІІ кезеңі

| Перитониттің ІІІ кезеңі

| Гангренозды перитонит

~Балалар хирургия бөліміне аудандық ауруханадан 3 күндік нәресте келіп түседі. Диагнозы: туа біткен ішек өтімсіздігі. Балада 10 пайыздық салмақ жетіспеушілік. Сусыздану және интоксикация белгілері анықталады. Қан анализінде гипохлоремия, қан ұю анықталады. Шолу R-граммада іш қуысында екі үлкен бос ауа горизантальды сұйықтық денгейімен.

хирургтың іс-әрекеті ?

| Инфузионды ем және жедел операция

| Тазарту клизмасы, антибиотик, жедел операция

| Тазарту клизмасы, асқазанды шайу және антибиотиктер

| Асқазан жуу, тазарту клизмасы және жедел операция

| Антибиотик, жедел операция және инфузиялық терапия

~10 жастағы қыз балада гектикалық температура, жиі шырышты нәжіс пен тенезм, зәр шығару ауырсынумен, ректальды зерттегенде тік ішегінен алды қарай ісік тәрізді түзіліс анықталды.

Хирургтың амалы?

| Шұғыл лапаротомия, балада Дуглас-абсцессі

| Шұғыл лапаротомия, балада аналық бездің апоплексиясы

| Шұғыл лапаротомия, балада аппендикулярлы инфильтрат жеделдеу формасы

| Шұғыл лапаротомия, балада аппендикулярлы инфильтрат лизис сатысында

| Шұғыл лапаротомия, балада жаралы-перфоративті энтероколит

~Нәресте. Балада мұрын-ауыз үшбұрышында цианоз, мазасыздану, ентігу. Кеуде клеткасының оң жағында ісінумен, қабырғааралықтың кеңеюі. Оң жақ өкпеде перкуторлы-тимпан.ит, аускультативті – тыныс әлсізденген – тыныстың болмауы. Өкпе рентгенограммада – сол жаққа көкірекаралықтың ығысуы, оң жақта өкпе суретінің болмауы және диафрагманың оң жағында куполасының төмендеуі.

Хирургтың амалы?

| Жедел операция, баланың жағдайы ауыр

| Консервативті ем, оперативті емнің қажеті жоқ.

| Плевральды қуысқа пункция, нәрестеге емнің аяулы әдісі қолданылады

| Торакоцентез, кішігірім оперативті араласу

| Торакоскопия, кішігірім оперативті араласу

~Жедел аппендициттің 3 жасқа дейінгі балалардағы клиникасының ерекшелігі?

| Жалпы симптомдардың жергілікті симптомдардан басым болуы

| Жергілікті симптомдардың жалпы симптомдардан басым болуы

| Айқын тыныс жетіспеушілігі

| Щеткина-Блюмберг симптомының айқын болуы

| Айқын қозғалыс бұзылысы және терідегі полиморфты бөртпелер

~Нәрестеде 3-аптада «фонтан» тәріздес құсу байқалады. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт, еңбегі батыңқы, салмақ жоғалту бар. Ішінің эпигастрии аймағы қампиған, перистальтикасы «құм сағат» тәріздес күшейген. Операция кезінде привратникті кесу кезінде шырышты қабатты зақымдалды.

Хирургтың амалы?

| Жараны тігу, қарама-қарсы жағынан тілу

| Шырышты қабатқа 1-2 тігіс салу

| Жараны толық тігу, гастростома арқылы интубация

| Жараны толық тігу

| Зақымданған аймақтың резекциясы, жараға тігіс салу

~10 жасар бала жарақат алғаннан кейін келіп түсті. Биіктен қасаға аймағына құлаған. Жағдайы ауыр. Тері жабындылары борзғылт, тахикардия. Іші қампимаған. Қасаға үстінде ауырсыну бар. Құрсақ қабырғасының қасаға үсті аймағының қанмен имбибициясы байқалады. Гематурия.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Қуықтың құрсақтан тыс жарылуы

| Паренхиматозды ағзаның құрсақішілік жарылуы

| Қуысты ағзаның құрсақішілік жарылуы

| Қуықтың құрсақішілік жарылуы

| Қуысты ағзаның және паренхиматозды ағзаның құрсақішілік жарылуы

~Қыз бала 11 жаста, ішінің төменгі бөлігіндегі және қасаға үстінен оңға қарай қатты ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну оң жақ жыныс ерінденріне және тік ішекке беріледі. Балада зәр шығаруы жиі және ауырсынумен. Нәжісі жиі, сұйық шырыш-қан аралас. Ректальды тексеру кезінде тік ішектің оң жағында ауырсыну мен инфильтрат анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Жамбастық аппендицит

| Ішек инвагинациясы

| Цистит


| Дизентерия

| Оң жақ аналық без кистасы

~Бала 8 жаста. Ауруханаға автожарақаттан кейін түсті. Қасаға астында ауырсыну, құрсақ қабырғасының қасаға үстінде және шатаралықтың қанталауы анықталады, көлемі үлкейген қуық пальпацияланады. Анурия. Қуыққа катетер өткізу мүмкін емес.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Уретраның жыртылуы

| Қуықтың ішастары ішінде

| Қуықтың ішастарсыртында жыртылуы

| Несепағардың жыртылуы

| Қасаға қосылысының жыртылуы

~Бала 13 жаста. Ауырғанына 5 тәулік өткен соң ауруханаға түсті. Дене қызуы 37,5С-қа дейін көетілген. Іші кепкен, пальпация жасағанда іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің шамалы қатаюы, іш астарының тітіркену симптомы әлсіз, оң жақ мықын аймағында тығыз, қатты ауырсынумен, қозғалмайтын түзіліс анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Аппендикулярлық инфильтрат

| Жедел аппендицит

| Мезаденит

| Аппендикулярлық перитонит

| Жамбастық аппендицит

~7 жастағы бала жедел түрде жедел аппендициттің клиникасымен келіп түсті. Операция алды дайындықтан кейін бала операцияға алынды. Операция кезінде қатты, қозғалмайтын және жақсы шектелген инфильтрат анықталады.

Хирургтың амалы?

| Аппендэктомия жасалмайды

| Аппендэктомия, инвагинациялық әдіспен

| Аппендэктомия, лигатуралық әдіспен

| Аппендэктомия, батыру әдісімен

| Консервативті ем жүргізу

~2 айлық бала ауырғаннан соң 16 сағаттан кейін келіп түсті. Анасының айтуынша, баланың шағымдары мазасыздыққа, оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліс. Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы қалыпты. Жергілікті қарау кезінде оң жақ шап аймағында ұрық бауы бойымен ұмаға түсетін, көлемі 1.0х1.5 см болатын, пальпацияда қатты ауырсынатын, қатты эластикалық құрылымды және құрсақ қуысына енбейтін ісік тәрізді түзіліс анықталады.

Сіздің болжам диагнозыңыз ?

| Қысылған шап жарығы оң жақтан

| Ұрық бауының жедел дамыған шемені оң жақтан

| Байланысқан ұрық бауының қысылған шемені оң жақтан

| Ұрық бауының айналуы жақтан

| Шап лимфадениті оң жақтан

~2 айлық бала ауырғаннан соң 16 сағаттан кейін келіп түсті. Анасының айтуынша, баланың шағымдары мазасыздыққа, оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліске. Баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы қалыпты. Жергілікті қарау кезінде оң жақ шап аймағында ұрық бауы бойымен ұмаға түсетін, көлемі 1.0х1.5 см болатын, пальпацияда қатты ауырсынатын, қатты эластикалық құрылымды және құрсақ қуысына енбейтін ісік тәрізді түзіліс анықталады.

Хирургтың амалы?

| Жарықты кесу операциясы, шап каналының Мартынов бойынша пластикасы

| Емі консервативті, өиткені осы жағдайда операция жасаудың қажеті жоқ

| Жарықты кесу операциясы, шап каналының Ру-Краснобаев бойынша пластикасы

| Консервативті ем шарасы нәтижесіз болған жағдайда жарықты кесу операциясы, шап

каналының Мартынов бойынша пластикасы

| Жарықты кесу операциясы, шап каналының Дюамель бойынша пластикасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет