Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Шексiз iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi



бет14/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

Шексiз iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi: пепсин және фермент топтарының ерiтiндiлерi, шайыр, шырыш ерiтiндiлерi, экстракт ерiтiндiлерi (құрғақ, қою экстракттар).
Шектi iсiнетiн ЖМҚ ерiтiндiлерi. Шектi iсiнетiн ЖМҚ желатин, крахмал, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ), поливинилпирралидон (ПВП) және т.б. жатады.
Коллоидты ерітінділер. Анықтамасы. Сипттамасы. Қасиеттері. Коллоидты ерiтiндiлер - құрылымдық бiрлiгi мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдар комплексi болып табылатын ультра- микрогетерогендi дәрiлiк түр. Коллоидты ерiтiндiлер дисперстiк фаза мен дисперстiк ортадан тұрады. Дисперстiк фаза бөлшектерiнiң өлшемдерi 1 нм-ден 100 нм-ге дейiн (0,1 мкм - 0,001 мкм) болады. Коллоидты ерiтiндiлердiң ерекшелiктерi: агрегаттық және термодинамикалық тұрақсыз; коллоидты ерiтiндiлердiң керi қайту қасиетi жоқ; коллоидты ерiтiндiлердiң бөлшектерi кәдiмгi микроскопта емес, ультрамикроскопта байқалады. Көлденең бөлшектерi едәуiр үлкен болғандықтан, олар арқылы жарық өтпейдi. Осыған орай коллоидты ерiтiндiлер шашыраған жарықта лайлы болып көрiнедi; коллоидты ерiтiндiлердiң осмостық қысымы төмен; бөлшектерiнiң мөлшерiнiң үлкендiгiнен коллоидты ерiтiндiлер ЖМҚ ерiтiндiлерi сияқты әлсiз диффузияланады; коллоидты ерiтiндiлер - лабильдi, бұл олардың сезiмталдығының жоғары болуымен түсiндiрiледi; коллоидты ерiтiндiлердiң сақталу мерзiмi шектеулi.
Қорғалған коллоидты ерітінділер. Жеке технологиясы. Фармацевттiк iс-тәжiрибеде қорғалған коллоидты ерiтiндiлер қолданылады. Қорғалған коллоидтар - гидрофильдi қасиетi бар ЖМҚ және гидрофобты коллоидты заттан тұратын жасанды препарат. Қорғалған коллоидтардың ерiгiштiгi ЖМҚ секiлдi шексiз. Медициналық iс-тәжiрибеде үш коллоидты препарат кеңiнен қолданылады - колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллоидты заттар) және ихтиол (табиғи қорғалған коллоид). Протаргол - ақ уыздардың сiлтiлi гидролиз өнiмдерiмен - натрий альбуминаттарымен қорғалған күмiс тотығының коллоидты заты. Күмiс тотығы - 8%, қалған мөлшерi - ЖМҚ қорғанысы. Протаргол ерiтiндiсiн дайындаған кезде пептизация, яғни ерiту сатысы, колларголдағы iсiну сатысына қарағанда ұзақ жүреді. Келесi коллоидты қорғалған препарат - колларгол жасылдау немесе көкшiл-қара пластинкалар, металдық жылтыры бар, коллоидты ерiтiндi түзе суда еридi. Колларголда 70% күмiс тотығы және 30%-ға дейiн лизальбин және протальбин қышқылдарының натрий тұздары бар (ЖМҚ). Ихтиол - табиғи қорғалған коллоид - битуминозды сланецтардын құрғақ айдалған өнiмi. Ихтиол - қара, тұтқыр сұйықтық, сумен және глицеринмен жеңiл араласады.
Жартылай коллоидты ерітінділер. Бұл жүйелерде заттар бiрден нағыз ерiген, сонымен бiрге коллоидты түрде болады. Жартылай коллоидтар ерiген кезде, бос және ассоциацияланған иондар түзетiн электролиттер. Оларға сабын, иiлiк заттар, бояғыштар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет