6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау негiзiнде қандай процесстер жүредi? Экстрагенттерге қандай талаптар қойылады? Сулы сiрiңдiлердi алудың технологиялық сатыларына сипаттама берiңiздер? Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау кезiнде әсер етушi заттарды сығындылаудың жылдамдығы мен толықтығына қандай факторлар әсер етедi? Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаудың қандай айырмашылығы бар? Әсер етушi заттардың химиялық табиғатына байланысты сiрiндiлеу процесiнiң ерекшелiктерi неде? Тұнбалар мен қайнатпаларды экстракт-концентраттарды пайдаланып дайындау жолдары? Өсiмдiк шикiзатынан тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау кезiнде нелiктен жазылымдағы басқа дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерiн қолданылуға рұқсат етiлмейдi?
Дәріс № 2
1. Тақырыбы: Жағар майлар дәрілік түр ретінде. Дәрілік заттарды жағар майға енгізудің негізгі ережелері.
2. Мақсаты: студенттер ингредиентердің физика – химиялық қасиеттерін ескеріп дисперстік жүйелері әр түрлі жағар майлар дайындауды және олардың сапасын бағалауды үйренуі қажет.
3. Дәріс тезистері:
Жағар майлар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Жіктелуі. Қойылатын талаптар.
Жағар майлар үшін негіздер. Оларға қойылатын талаптар. Жіктелуі.
Дәрілік заттарды жағар майларға енгізудің негізгі ережелері.
Гомогенді, суспензиялық, эмульсиялық және аралас жағар майлардың жеке технологиясы.
Жағар майлардың сапасын бағалау. Орамдау және безендіру
Дәрілік түр ретінде жетілдіру жолдары.
Жағар майлар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Жіктелуі. Қойылатын талаптар. Жағар майлар - сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны жоғалтып, қою сұйықтыққа айналады. Жағар майлар официналдық дәрілік түрлер, МФ Хl басылымына арнайы жалпы «Жағар майлар» мақаласы енгізілген. Фармакопея анықтамасы бойынша, жағар майлар - теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түрлер. Жалпы мақаладан басқа МФ ІХ, Х басылымдарына - кейбір жағар майларға жеке мақалалар енгізілген. Физико-химиялық, агрегаттық күйіне байланысты жағар майлар сұйық және қатты дәрілік түрлер аралығында жатады. Дисперсологиялық жіктелу бойынша жағар майлар еркін, тұтқыр-пластикалық дисперсті ортасы бар жүйеге жатады. Жағар майлар әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді: белгіленуі бойынша; қолданылатын жері бойынша; дәрілік заттар дисперстік дәрежесі және оның негізде таралуы бойынша (технологиялық). Белгіленуі бойынша жағар майлардың жіктелуі: қорғаныс жағар майлары; косметикалық жағар майлар; емдік жағар майлар (немесе медициналық). Қолданылатын жері бойынша емдік жағар майлардың жіктелуі: жағар майлардың өзі (Unguenta) дерматологиялық жағар майлар; мұрынға арналған жағар майлар; көзге арналған жағар майлар; вагиналды; уретралды; ректалды; Технологиялық жіктелуі: жағар майлардағы дәрілік заттың дисперстік дәрежесі заттардың негізде таралуын көрсетеді. Осыған байланысты жағар майлар гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді жағар майлар алынуы бойынша: ерітінді жағар майлар, балқыма жағар майлар, экстракциялық жағармайлар болып бөлінеді. Гетерогенді жағар майлар: суспензиялық (тритурациялық), эмульсиялық, аралас.
Достарыңызбен бөлісу: |