Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері



бет25/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

3. Дәріс тезистері:

  1. Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Сипаттамасы.

  2. Өсімдік шикізатынан әсер етуші заттарды экстракциялаудың жылдамдығына әсер ететін факторлер.

  3. Күрделі тұнбалар және қайнатпалар.

  4. Тұнбалар мен қайнатпалар технологиясын жетiлдiру

Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Сипаттамасы. Қайнатпа мен тұнбалар дәрiлiк өсiмдiктердiң әртүрлi бөлiктерiнен ex tempore алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар, себебi күрделi құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткiлiксiз экстрагенттердiң қолдануын талап етпейдi. Алу жолына және шикiзат құрамына байланысты сулы сығындылар келесi түрлерге бөлiнедi: тұнбалар (Infusa), қайнатпалар (Decocta), шырыштар – (Mucilaginis). Тұнбалар өсiмдiктiң жұмсақ бөлiктерiнен - гүлiнен, шөбiнен, жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсiмдiктердiң қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Шырыштар - жалбызтiкен тамырынан, зығыр тұқымдарынан, салеп түйiнiнен алынады.
Өсімдік шикізатынан әсер етуші заттарды экстракциялаудың жылдамдығына әсер ететін факторлер. Сығындылаудың толықтығына және жылдамдығына әсер ететiн факторлар: шикiзаттың стандарттылығы, шикiзаттың майдалану дәрежесi, шикiзат және экстрагент мөлшерлерiнiң қатынасы, экстракция кинетикасы, өсiмдiк шикiзатындағы әсер етушi заттардың және iлеспелi заттардың физико-химиялық табиғаты, сулы сығындыларды дайындауға қажет құрал жабдықтар әсерi.
Экстракт – концентраттар. Олардың қолданылуы. Экстракт-концентраттарды пайдаланып тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау. Экстракт-концентраттар - тұнбаларды дайындау үшiн қолданылатын дәрiлiк өсiмдiк шикiзатынан алынған стандартталған концентрленген сығындылар. Оларды зауытта, фабрикаларда дайындалады. ҚР ДСМ 15.12.04 жылғы N 142 бұйрығының 22 тармағына сәйкес: сулы сығындылар алу үшiн дәрiлiк өсiмдiк шикiзатының орнына экстракт-концентраттарды қолдануға болады. Олар сұйық 1:2, құрғақ 1:1, 1:2 болуы мүмкiн. Бұл жағдайда жазылым құрамындағы дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерiн қолдануға болады. Сулы сығындылар рецептте дәрiлiк заттармен бiрге жазылады. Олар сығындының терапевтiк әсерiн күшейтедi немесе толықтырады. Осындай микстураларда дәрiлiк заттар ұнтақ немесе сұйық түрінде болуы мүмкiн. Сулы сығындыларды экстракт-концентраттармен дайындау салмақ-көлемдiк әдiспен ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. № 142 «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығына сәйкес жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет