Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Күрделі тұнбалар және қайнатпалар



бет26/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

Күрделі тұнбалар және қайнатпалар. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. № 142 бұйрығының 1 бөлiмiнiң 22 тармағына сәйкес: Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаған кезде ұнтақ түрiндегi дәрілік заттарды сүзiлген, суыған сiрiндiде ерiтедi. Қажет болған жағдайда сығынды көлемiн белгiге дейiн сумен жеткiзiп, қайтадан босататын құтыға сүзедi. Дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерi бұл жағдайда қолданылмайды. Шырындар, тұндырмалар, сұйық экстракттар, басқа да галендiк препараттар дайын сығындыға осы бұйрықтың 15 тармағына сәйкес бiрден босататын құтыға қосылады. Бiрдей экстракциялау тәртiбiн қажет ететiн өсiмдiк шикiзаттарынан көп компоненттi сулы сығындыларды, шикiзаттың гистологиялық құрылысына қарамастан, бiр инфундирлiк аппаратта дайындайды. Әртүрлi экстракциялауды талап ететiн өсiмдiк шикiзаттарынан көп компоненттi сулы сығындының технологиясы максималды су мөлшерiмен әртүрлі инфундирлік аппаратта жүргiзiледi. Су мөлшерi шикiзат мөлшерiнен 10 есе артық алынады.
Тұнбалар мен қайнатпалар технологиясын жетiлдiру:

  • антимикробты тұрақтандыру, консерванттар қосу (10% этанол, 0,1% натрий бензоаты ерiтiндiсi, нипагин, нипазол). ССРО МФ ХI бысылымына «Настои и отвары» жалпы мақаласына бiрнеше консерванттар енгiзiлген

  • физико-химиялық талдаудың жаңа әдiстерiн зерттеу

  • микрокапсулалау (гигроскопиялығын төмендетедi)

  • жаңа дәрiлiк түрге алмастыру, мысалы, тез еритiн шайға. Қазiргi кезде, өт айдайтын, қабынуға қарсы, iш жүргiзетiн, бырыстыратын әсерi бар шайлар жасалуда

  • экстракт-конценттраттар ассортиментiн кеңейту

4. Иллюстрациялық материалдар:
Кестелер:

  1. Сумен шикізаттың қатынасы.

  2. Әр түрлі шикізат үшін су сіңіру коэффициенттері

  3. Жалбызтікен тамырынан тұнба үшін шығын коэффициенті

  4. Өсімдік шикі затынан алынатын тұнба мен қайнатпа технологиясының сатылары

  5. Экстракт-концентраттардың тізімі

Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет