6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
Суппозиторий дегеніміз не және оның дәрілік түр ретінде қандай ерекшеліктері бар?
Суппозиторийлердің қандай түрлерін білесіздер?
Суппозиторийлік негіздерге қандай талаптар қойылады?
Суппозиторийлік негіздер қалай жіктеледі және оларға толық сипаттама беріңіздер?
Суппозиторийлік негіздерге дәрілік заттарды қалай енгізеді?
Суппозиторийлердің сапасын бағалау.
Дәріс № 4
1. Тақырыбы: Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлер. Шаншуға арналған ерітінділер технологиясы.
2. Мақсаты: студенттер дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескеріп, тұрақтандыру талап ететін шаншуға арналған дәрілік түрлерді дайындаудың және олардың сапасын НҚ сай бағалаудың теориялық материалын игеруі керек.
3. Дәріс тезистері:
Шаншуға арналған ерітінділер. Жіктелуі. Қойылатын талаптар.
Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау сатылары.
Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру.
Жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін дайындау.
Изотонды ертітінділер. Оларға қойылатын талаптар.
Изотондықты есептеу тәсілдері.
Физиологиялық, қан алмастырғыш, шоққа қарсы шаншуға арналған ерітінділер.
Шаншуға арналған ерітінділерді жетілдіру.
Шаншуға арналған ерітінділер. Жіктелуі. Қойылатын талаптар.Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады. Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі (тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік, буын ішілік) қолданылады. Шаншуға арналған ерітінділерді ұлпаларға және ағза сұйықтарына енгізу терінің және шырышты қабаттардың табиғи қорғаныс баръерлерін бұзып енгізетіндіктен оларға МФ XІ басылымында жалпы «Инъекционные лекарственные формы» мақалаға сәйкес келесі талаптар қойылады: стерильділік, апирогендік, тұрақтылық, механикалық қоспаларының болмауы, кейбір ерітінділер фармакопеялық мақалалардағы нұсқауларға сәйкес изотонды, изогидрлі және изоионды болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |