Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері



бет8/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

Хош иiстi сулар (жалбыз, аскөк және т.б.) нормативтiк құжаттардың талаптарына сай дайындалады және көлем бойынша дозаланады. (ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. N 142 бұйрығының 14 қосымшасы).
Хош иiстi суды дайындау:
Қарапайым хош иiстi сулар эфир майын суда (1:100) ерiту арқылы дайындалады.
Хош иiстi сулар жазылымда галендiк препарат немесе ерiткiш ретiнде берiлуi мүмкiн.
а) Хош иiстi су галендiк препарат ретiнде берiлсе, онда ол микстураға басқа галендi препараттар сияқты бiрден босататын құтыға ең соңында қосылады, ал жазылымдағы дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерiн қолдануға болады.
б) Егер хош иiстi су ерiткiш ретiнде берiлсе, онда ерiтiндiнi тек құрғақ заттармен дайындайды. Бұл жағдайда олардың мөлшерi 3%-дан жоғары болса да көлем ұлғаю коэффицентiн қолдануға болмайды, себебi хош иiстi сулар өздерi фармакологиялық әсер көрсетедi, сондықтан олардың көлемiн азайтуға болмайды.
Микстуралардың сапасын, ерiтiндiлердiң көрсеткiштерi бойынша бағалайды.
Дәрiханаға микстура жазылған рецепт келiп түскенде, келесi шараларды жүргiзу керек:

  • рецептiң дұрыс жазылғандығын тексеру;

  • рецептегi ингредиенттердiң сыйымдылығын анықтау;

  • микстура көлемiн анықтау;

  • ішке қолданатын микстурадағы «А» және «Б» тiзiмдерiне жататын дәрiлiк заттардың дозасын тексеру;

  • құрғақ заттардың мөлшерiн есептеу (3%-дан көп немесе аз);

  • ерiткiш көлемiн есептеу;

  • бақылау паспортын жазу;

  • технологиясының тиiмдi вариантын таңдау;

  • орамдау, босатуға безендiру.



4. Иллюстрациялық материалдар:
Кестелер:

  1. Сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемде дайындаған кезде жалпы көлемде жіберілетін ауытқулар.

  2. Дистиллятор - Д -10

  3. Дистиллятор - ДО - 04

  4. Құтыларды тығындауға арналған қондырғы.

  5. Препараттарды еріту.

  6. Ерітінділерді фильтрлеу.

  7. Ерітінділер технологиясы.

  8. МФ ХІ басылымы бойынша заттардың ерігіштігі.

9. Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.
10.Дәрілік заттардың көлем ұлғаю коэффициенттері және ерітінділердің тығыздықтары
Графпроектормен тақырып бойынша жазылымдарды демострация жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет