Ерітудің ерекше жағдайлары.
егер дәрiлiк заттың мөлшерi 3%-ға дейiн болса, онда тазартылған су мөлшерiн рецептте қанша жазылса, сонша көлемде алу керек, себебi, ұнтақтың мөлшерi оны ерiткен кездегi ерiтiндi көлемiнiң өзгеруi (ҚР ДСМ 2.06.2003 ж. N 85 бұйрығындағы ауытқу нормаларына кiредi);
егер ерiтiндi құрамында улы, күштi әсер ететiн заттар жазылған болса, онда ең алдымен осы заттардың дозаларының дұрыстығын тексередi;
аса гигроскопиялық заттардың (кальций хлориді, кальций ацетаты) сұйық дәрiлiк түрлерiн дайындау кезiнде олардың концентраттарын қолданады, мысалы, кальций хлоридi ерiтiндiлерiнiң технологиясында 50%-дық немесе 20%-дық концентрлi ерiтiндiлерi қолданылады;
ерітінділерді дайындау кезінде дәрілік заттардың қасиеттерін ескеру қажет: баяу және аз еритiн дәрiлiк заттар; ірі кристалды заттар; тотықтырғыш қасиетi бар заттар; жеңiл еритiн комплекстi қосылыс түзетiн заттар және т.б.
Салмақтық тәсiлмен:
қатты және сұйық дәрiлiк заттардың, салмақпен дозаланатын тұтқыр және ұшқыш ерiткiштердегi ерiтiндiлерi;
дисперстiк орта табиғатына байланыссыз (сулы, спирттi-сулы, бейсу), дисперстiк фаза концентрациясы 3% және одан жоғары суспензиялар;
дисперстiк фазасының концентрациясына байланыссыз эмульсиялар;
сұйық гомеопатиялық дәрiлiк құралдар.
Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен:
сулы ерiтiндiлер;
сулы-спирттi ерiтiндiлер;
галендi, жаңа галендi дәрiлiк құралдар (тұндырмалар, сұйық экстракттар, адонизид және басқалар) дайындалады.
Салмақтық-көлемдiк тәсiлмен дәрiханада сұйық дәрiлiк түрлердi (микстураларды) дайындау үшiн: өлшегiш құралдар комплектiсi; бюреткалық қондырғылар үшiн арнайы концентрлi ерiтiндiлер; микстураларды дайындау үшiн арнайы есептеулер жүргiзу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |