6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
Ұнтақтарға дәрiлiк түр ретiнде анықтама берiңiздер?
Құрамы мен қолданылуы бойынша ұнтақтар қалай жiктеледi?
Ұнтақтардың технологиялық сатыларын атаңыз?
Ұнтақтарды босатудың бөлiнетiн және бөлiнген әдiстерiн салыстырыңыз?
Жәй (қарапайым) ұнтақтарды алу технологиясы?
Күрделi ұнтақтарды дайындау кезiнде ингридиенттердi араластыру тәртiбiне қандай факторлар әсер етедi?
Ұнтақтар технологиясында тритурацияны қолданудың қажеттiлiгi неде?
Итжидектiң құрғақ, қою экстракттарын және қою экстракт ерiтiндiсiн ұнтақтар технологиясында қолданудың салыстырмалы артықшылығы неде?
Құрамында қиын ұнтақталынатын заттары бар ұнтақтар технологиясында этанолды не үшiн қолданады?
Дәріс № 2
1. Тақырыбы: Сұйық дәрілік түрлер. Ерітінділер. Микстуралар технологиясы.
2. Мақсаты: студенттер сұйық дәрілік түрлер дайындаудың теориялық негіздерін және сапасын бағалауды меңгеруі керек.
3. Дәріс тезистері:
Сұйық дәрілік түрлердің сипаттамасы. Жіктелуі.
Концентрация. Сұйық дәрілік түрлерге рецепт жазу әдістері.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындау үшін қолданылатын еріткіштер. Оларға қойылатын талаптар. Аппаратура.
Ерітудің ерекше жағдайлары.
5. Сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау салмақтық және салмақтық-көлемдiк тәсiлдерiмен
жүргiзiледi.
6. Iшке және сырт тәнге қолданылатын сұйық дәрiлiк түрлердi дайындау тәсiлi дәрiлiк түрге
және дисперстiк ортаның табиғатына байланысты.
7. Ерітінділердің сапасын бағалау.
Сұйық дәрiлiк түрлердiң жалпы сипаттамасы. Жiктелуi. Сұйық дәрiлiк түрлер – дәрiлiк зат сұйық дисперстiк ортада ерiген жүйе. Дисперсологиялық жiктелуi бойынша сұйық дәрiлiк түрлер еркiн дисперстiк жүйеге жатады. Сұйық дәрiлiк түрлердiң келесi белгiлерi бойынша бiрнеше топқа жiктеледі: қолдану тәсiлi бойынша; дисперстi фазаның ұнтақталу дәрежесi және оның дисперстiк ортамен байланысы бойынша; ерiткiштiң құрамы мен табиғаты бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |