Дәріс – 1 Кіріспе. Метеорологиядағы жаhандық және аймақтық өзгерулерге жалпы шолу



бет6/9
Дата03.02.2023
өлшемі124 Kb.
#469126
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 2023 (1)

Дәріс 6
Энергетикалық өндірістегі экологиялық мәселелер және метеорологиялық факторлардың ролі.

Экологиялық өндіріс орындарының негізгі проблемасы болып олардың ластану көздері болып табылатындығы жатады, бірақ осы орындардың өнімінсіз тағы болмайды. Өскемен секілді тау аңғарында орналасқан экологиялық өндіріс орындары ластаушы заттардың жер бетіндегі концентрациясына үлкен әсерін тигізеді. Таулы аудандарда штильдердің қайталанушылығы жоғары болғандықтан, ластаушы заттардың аса жоғары концентрация байқалады.




Дәріс 7
Қазақстан климатының динамикасы және оның жаһандық және аймақтық процестермен байланысы.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның метеорологиялық жағдайын біршама сипаттаушы аудан болып Балқаш маңы табылады. Сонымен қатар, Балқашта ұзақ уақыт бойы техникалық сипаттамасы бойынша үздік метеорологиялық радарлардың бірі қондырылып, жұмыс жасаған. Өз бақылаулары кезінде бұл радар 250 км артық радиуста территорияны қамтыды. Солтүстікте Қазақтың ұсақ шоқысының орталық және оңтүстік аудандарын, оңтүстікте Қапшағайға және Жоңғар Алатауына дейін, шығыс және оңтүстік-шығыста Кіндіктас тауларына, оңтүстік-батыста Бетпақдалаға дейін үлкен аймақты қамтыған.


Бұл аумақтағы жауын-шашынның мөлшері жылына 200 мм аз. Жауын-шашынның жылдық жүрісінде екі максимумы және минимумы байқалады. Максимумы көктемгі айларға, әдетте сәуірге сәйкес келсе, екіншісі қазан, қарашаға, негізгі минимумы жаздың екінші жартысы және күздің басына сәйкес келеді. Жер өңдеу тау бөктерлерінде және өзендер бойымен суармалы егіншілік таралған. Сол себепті аймақтың көп бөлігі қысқы және көктемгі жайылымдық жерлер ретінде пайдаланылады.Бірақтан жайылымдық жерлердің де жағдайы жауын-шашын мөлшерімен тығыз байланысты. Сол себепті аймақ үстіндегі бұлттылықтың таралуына талдау жасау тек ғылыми ғана емес, практикалық қызығушылық туғызады.
Конвективті бұлттылықтың таралуының барлық маусымдардағы негізгі ерекшелігі болып оның кеңістік бойынша біртексіз таралуы табылады. Маусым кезінде де конвективті бұлттылық 1 рет қана байқалған, немесе мүлде байқалмаған ауданы 30х30км болатын квадраттар байқалады.
Найзағайдың қайталанушылығы аймақтағы конвективті бұлттылықтың су қорының индикаторы болып табылады, себебі ол күшті будақ-жауын бұлттарының дамуын көрсетеді.
Найзағайлардың, сәйкесінше конвективті бұлттылықтың ең жоғарғы қайталанушылығы тауды қоршаған бөктерлерде байқалады. Ең белсенді облыс Іле Алатауының солтүстік бөлігінде, Алматының оңтүстік-шығысында орналасқан және жылына 42-43 рет қайталанады. Тағы бір жоғарғы қайталанбалы аудан Жоңғар Алатауының солтүстік-батыс, солтүстік беткейінде орналасқан Талдықорғаннан Алакөлге дейін созылып, жылына 22-29 найзағай қайталанушылығымен сипатталады. Тағы бір жоғарғы аудан Қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстік-батыс ауданында байқалады, жылына 10-12 рет болады. Найзағайдың жоғарғы қайталану аудандарының барлығының ені 40 км жақын.
Ал ең аз найзағайдың қайталанушылығы Оңтүстік Балқаштың орталық ауданында, Іле өзенінің бойымен, Қытаймен шекарға дейінгі аймақты алып жатыр және жылына қайталанушылығы 10 реттен аз. Найзағайдың жоғарғы қайталану аймақтары әдетте жауын-шашынмен жақсы қамтылған аудандарда орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет