Дәріс – 1 Кіріспе. Метеорологиядағы жаhандық және аймақтық өзгерулерге жалпы шолу


Дәріс 5 Шөлдену туралы жалпы мағлұмат. Шөлдену түрлері



бет5/9
Дата03.02.2023
өлшемі124 Kb.
#469126
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 2023 (1)

Дәріс 5
Шөлдену туралы жалпы мағлұмат. Шөлдену түрлері.

Шөлдену ретінде табиғи жерлердің, олардың топырақ және өсімдік жамылғысының азаю, бұзылу және экологиялық нашарлау процесін айтамыз.


Қазіргі кезде әлемде шөлдену процесі 3100 млн.га жайылымдық жерлерді (құрғақ жерлердің 80% жайылым), құрғақ зоналардың 335 млн.га (ауылшаруашылық жерлердің 60% cуарылмаған) және 40 млн.га (суарылатын жерлердің 30%) артық.
Шөлдену процесін табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырады:
-құрғақ аумақтардағы экожүйелердің табиғи әлсіздігі;
-ресурстарды шектен тыс пайдалануға әкелетін адамның тікелей әрекеті;
-жерді дұрыс пайдаланып, шөлденуге қарсы күреске кедергі келтіретін экономикалық ойлар;
-саяси тұрақсыздық;
Қазақстанда шөлдену ауданы 180 млн.га құрайды.
Шөлденудік табиғи алғышарттары климаттың құрғақшылығының артуымен байланысты:
-жылдық температуралардың өсуі байқалған (әр жүзжылдық периодтың әрбір 10 жылында 0,2°С);
-Арал бассейнінде жергілікті құрғақшылық орнаған;
-СО2 мөлшері 2050 ж. екі есе көбейсе, жылыну және жауын-шашын мөлшерінің азаюы күтілуде;
-шөлдерде шаңды борандардың қайталанушылығы жылына 90 кунге дейін жетеді;
-үлкен аумақтарда топырақтың сортаңдануы, таулы жерлердегі апатты жағдайлар, селдер, су тасқындары шөлденуге үлкен қауіп туғызады;
Қазақстандағы шөлденудің антропогендік факторлары:
-малды шектен тыс жаю;
-жер өңдеудің жетілмеген жүйесі;
-пайдалы қазбалардың кен орындарын қазу;
-Арал теңізіндегі дағдарыс, Балқаштың тартылуы, өзен алқабының шөлденуіне әкелетін өзен ағысын реттеу және суқоймаларын салу жұмыстары;
-топырақ және грунтты сулардың техногенді ластануы;
Қазақстандағы шөлдену түрлері:
-өсімдіктердің азаюы (ормандардарда ағаштар 10%, самырсын 16%, сексеуіл 40-50% азайған);
-дала зонасы шөлденуге ең күшті шалдыққан (жайылымдық жерлердің 3,6 млн.га), шөл және шөлейт зонасында-4,3 млн.га, тауларда-4,3 млн.га;
-топырақтың желді эрозиясы. Құдықтар маңында мал жаюдың мөлшері өсуіне байланысты топырақ массивтерінің эрозиясының жергілікті өсуі;
-су эрозиясы 19,2 млн.га аумақты алып жатыр;
-топырақта қарашіріктің азаюы;
-суармалы топырақтың сорлануы;
-көлдердің тартылуы кезіндегі топырақтың сорлануы;
-қалалар және өндірістік орталықтардағы атмосфералық тасталымдардың әсерінен топырақ пен грунтты сулардың химиялық ластануы;
-техногенді шөлдену өндіріс, құрылыс, көлік және инженерлік инфрақұрылыс аудандарында басым. Мұнай құбырлары бойымен шөлдену сызығы жүреді. Сонымен қатар жоғарғы вольтті электроөріс, ғарыштық және әскери полигондар аудандарында техногендік шөлдену қарқынды жүреді;
-гидрологиялық режимнің бұзылуы ағынның қайта құрылуы, көлдердің тартылуы, аумықтың батпақтануы, сорлануы секілді процестерде байқалады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет