Дәріс – 1 Кіріспе. Метеорологиядағы жаhандық және аймақтық өзгерулерге жалпы шолу


Дәріс -3 Қазақстанның жер ресурстары



бет3/9
Дата03.02.2023
өлшемі124 Kb.
#469126
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 2023 (1)

Дәріс -3
Қазақстанның жер ресурстары


Бірінші қарастыратынымыз — жер ресурстары. Қазақстанның жер көлемі 2,7 млн км2. Бұл көлем адам басына шаққанда дүниежүзі елдерінің ішінде алдыңғы орыңдардың біріңде. Барлық жердің 81 % ауыл шаруашылығына жарамды жерлер болса, оның 26,6 млн гектары егістік жерлер де, ал 182 млн гектары табиғи жайылымның үлесіне тиеді.
Соңғы жылдары Қазақстан жерінің экологиялық жағдайы нашарлай түсуде. Әсіресе, шөлге айналу процесі жылдам жүруде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі себептер — жерді аяусыз пайдалану, тоздыру, ластау, агротехникалық шараларды сақтамау болып табылады. Сол сиякты өңдіріс қалдыктарының далаға шығарылуы, су тасқындары, жүйесіз суару, химиялық улы препараттарды есепсіз пайдалану, жасанды минералдық тыңайт-қыштарды сауатсыз пайдалану темендегідей метеорологиялық және экологиялық апатты жағдайға әкелді. Олар негізінен:

  • Қазақстанның барлық жерінің 66 % шөлге айналу процесіне ұшырап отыр;

  • тың игеру кезінде тың өлкенің құнарлы топырағының қарашірігі 30-35 % азайды;

  • Қазақстанның өнеркәсіптер шоғырланған аймақтары ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен, радиациялық қалдықтар және т.б. уытты токсинді заттармен ластанған;

  • 30 млн гектар табиғи жайылымдар су және жел эрозиясына ұшыраған.

Аталған фактілер Қазақстан жерінің бүгінгі экологиялық жағдайын көрсетіп қана қоймай, оны қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қатаң талап етеді. Осы жағдайлар жердің иесі тек қана мемлекет болуы керектігін меңзейді. Әйтпеген жағдайда жердің жеке меншікке қолды болып кетуі, оның сапасын жаксартудың орнына әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайларды шиеленістіре түсуі мүмкін.
Екінші экологиялық проблемасу ресурстары. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Қазақстан суға тапшы елдер қатарына жатады. Судың негізгі қоры — жер үсті және жер асты сулары. Ең басты қауіп негізгі таза су қорларын 100,5 км3 (текше км) десек, оның 56,6 км3 ғана Қазақстан территориясынан құралса, қалғаны 44,0 км3 шетелдерден (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан) келеді. Мұның өзі қай кезде болмасын су проблемасын шешу шетелдік мемлекеттерге тәуелді екенімізді көрсетеді. Қазірдің өзінде Іле, Сырдария, Ертіс және т.б. өзендерінің суы азайып, оның атырабындағы ну-тоғайлардың, табиғи жайылымдардың тозуына әкеліп отыр.
Таза су тапшылығы қазіргі кезде Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында қатты сезілуде. Оның үстіне өзен - көлдердің ластануы (ауыр металдар, мұнай өнімдері, радиоактивті қалдықтары, химиялық заттар, т.б.) ТМД елдерінің ішінде жоғары деңгейде. Әсіресе, Сырдария, Іле, Ертіс, Нұра, Елек, Шу өзендерінің ластануы сын көтермейді. Мұндағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты деңгейден 2 - 7 есе асып кетуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет