Дәріс 13
Қазақстан территориясына Еуропа, Таяу Шығыстан, Оңтүстік-Шығыстан тасымалды модельдеудің нәтижелері
Модельдеудің нәтижелері Қазақстанға ластаушы заттар Еуропа және Таяу Шығыстан келетінінін көрсетті. Таңғаларлық мәлімет ластаушы заттардың біршама мөлшері Қытай мен Жапония территориясынан келеді. Бірақ мәселе шешілудің алғашқы қадамында.
Дәріс 14
Қазақстан өндіріс орындарымен шығарылған ластаушы заттардың тасталымдары туралы мәліметтерді талдау.
Қазақстан өндіріс орындары жылына атмосфераға 3 млн.т. жуық ластаушы заттар шығарады. Осы мөлшердің жартысынан көбін энергетикалық өндіріс орындары, яғни жылу электрстанциялары алады.
Жылу электростанциялары ластаушы кең мөлшерін шығарады. Бірақ олардың негізгілері: қалқымалы заттар (шаң), азот оксидтері, күкірт оксидтері, формальдегид, бенз(а)пирен. Газда жұмыс жасайтын станциялар қалқымалы заттарды аз шығарады, күкірттің қостотығын мүлде шығармайды.
Қазақстанның батысында жылу станциялары газбен, солтүстікте көмірмен жұмыс жасайды. Ең күшті жылу станциялары Экібастұз, Павдлодар және Қарағандыда. Қазақстанның барлық облыстары ішінде атмосфераға ең көп ластаушы заттар шығаратын Қарағандының өндіріс орындары. 1 млн.тоннадан артық. Бұл осы аймақтағы металлургиялық және химиялық өндіріс орындарымен байланысты. Ал ең ластанған аудан болып Қазақстандық Алтай табылады. Бұл осы аумақтағы әлсіз желдер және штильдердің үлкен қайталанушылығымен байланысты. Сол себепті ластаушы заттар шашырамайды.
Дәріс 15
Метеорологиялық жағдайларды есепке ала ауа бассейніне антропогендік жүктеменің және ассимиляцияның мүмкіндіктерін кешенді талдау.
Ауа бассейніне кешенді жүктемені (нагрузка) есептеу оңай емес. Бұл әр түрлі ластаушы заттар концентрациясының ұлғаюы адам организміне әр түрлі әсер ететіндігімен байланысты. Сол себепті атмосфераның кешенді ластануы (ИЗА) ұғымы енгізілген. Ол қауіптілік класын есепке ала, бес ең маңызды ластаушы заттардың ШМК деңгейін қосу арқылы анықталады. Әр ластаушы зат қауіптілік класына байланысты күкірттің қостотығына теңестіріледі, содан кейін жеке ластану индекстері қосылып, кешенді АКЛ (ИЗА) анықталады. Ол индекс 7 төмен болса, ластану шамалы, 7-ден 13-ке аралығында – күшті, одан жоғары – өте күшті ластану болады.
Метеорологиялық жағдайлар, әсіресе жел ластаушы заттардың тасымалданып және шашырауына әсер етеді, ал штильдер мен әлсіз желдер АКЛ ұлғаюына септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |