Дәріс 1 (2 сағат) Тақырып. Техникалық жылу динамикасы



бет2/12
Дата13.06.2023
өлшемі196.99 Kb.
#475004
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс 1-2-3 ТОТ каз

Термодинамикалық жүйе
Табиғаттың көптеген құбылыстарында бір-бірімен әртүрлі байланыста болатын көптеген денелер қатысады. Жылу және жұмыс түрінде өзді-өзді және айнала ортамен энергия алмасатын материалдық денелердің жиынтығы термодинамикалық жүйе дер аталады. Осы термодинамикалық жүйені таңдау өз пайымдауымызға берілген.
Жылу динамикасы жүйенің қарапайым мысалы ретінде поршень мен цилиндрдің астындағы газды алуға болады. Егер жылу динамикалық жүйе сыртқы ортамен ешқандай байланысы болмаса ондай жүйені тұйықталған немесе тұйық жүйе деп атайды. өзінің көптеген бөліктерінде құрамы және физикалық қасиеті бірдей жүйені физикалық біртекті немесе біркелкі жүйе деп атайды. біртекті жылудинамикалық жүйе, егер олардың ішінде оны бөліп тұратын, бөлу беттері болмаса, онда ондай жүйе галогендік жүйе деп аталады (мысалы, мұз, су, газ). Олардың арасында бөлу беттері болса гетерогенді жүйе деп аталады. Гетерогенді жүйе бөлу беттері бір-бірімен араласпайтын, әрқайсысының физикалық қасиеті бір макроскопиялық заттардан тұратын жылудинамикалық жүйені айтады (мұз+су, су+су буы).
Жылудинамикалық тепе-теңдік
Жылудинамикалық жүйеге кіретін барлық заттардың күйі ұзақ уақыт өзгермесе онда жүйенің мұндай күйін жылудинамикалық тепе-теңдік деп атайды. жылудинамикалық тепе-теңдік жүйенің заттарының температуралары айналадағы ортаның айналадағы ортаның температуралары
Ғылым саласында XVIII ғ. ортасында бірінші рет жылу теориясы облысында ғылыми ұсынысты М.В.Ломоносов енгізді,ол өзінің теориялық және эксперименттік жұмыстары мен заттың негізгі молекула-кинетикалық теориясын жасады және энергияның сақталу заңында жылу мен механикалық энергияның өзара байланысын орнатты.
Жылуды қолданудың ең тиімді әдістерін табу, жылу қондырғыларының жұмысшы процестерінің үнемділігін талдау, осы процестерді біріктіру, жылу агрегаттарының жақсы жетілген түрлерін немесе жаңа түрлерін құрып шығару үшін жылу техникасының теориялық негізін тереңдетіп оқып, жасауды қажет етеді. Жылу теориясын білімсіз күшті бу және газ трубиналарын реактивті қозғалтқыштар мен жылу қондырғыларын құру мүмкін емес еді.
Жылуалмасу пәнінде жылу энергиясының қасиетін және жылудың таралу процесін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет