Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы



бет13/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

Осы мәліметтерге жүгіне отырып, қазіргі кезеңдегі спорттық ат ойындары, қыз-қуу, өздерінің түп-тамырларын сонау сақ заманынан алады деп ой түйіндеуге болады. Көшпенді сақтардың кейбір тұрмыстық ерекшеліктері осы күнгі үйлену кезіндегі жарыстар түрінде сақталып калуы, бұл кездсйсоқтық емес.

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағьнда сармат тайпалары тұрды. Сарматтар, сақтар секілді, қарудың бірнеше түрін қолдана білді. Сармат әскерінің қару-жарақтарында көптеген найзаның, садақ пен жебенің түрлері болды. Жеңіл де, салмақты ұшы бар найзасы болды. Сармат әскерінің қабірінен садақ оғының ұшы табылды. Бүл «әскери бағыттағы тұрмыста тәжірибені алға жетелеуші күш ретінде тапсыру екендігін нақ болжауға болатынын» білдіреді.


Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

Көне ғасыр авторлары Орта Азия тайпаларының әйелдері ер адамдармен қатар, қоғамдық өмірде де, соғыс қимылдарында да белсене қатысқанына ерекше назар .аударады. Массагет тайпаларының бірі жөнінде, Геродот: „оларда әйелдер еркектермен бірдей жағдайда қолданылады", -деп жазды. Кейбір массагет әйелдері тайпа көсемі болды. Сармат әйелдері батыр да ержүрек еді. „Мен сармат әйелдерін білемін, олар соғыс ісін еркектерден кем білмейді " - деп Климент Александрийский атап көрсетті. Герадоттық суреттеуі бойыша, сармат әйелі атқа салт мініп аң аулаған, еркек киімін киген, жауын өлтірмей, бір де бір қыз тұрмысқа шықпаған. Бүл тайпаның әйелдері ат үстінде де. жаяу да жақсы соғысқан, яғни, бұл көрініс әйелдердің дене шынықтыру деңгейін жоғарылығын көрсетсе керек.


Алаңдардың дене тәрбиесінің жүйесі.

Б.э.д. ІУ-Ш ғ.ғ. қарсаңында Қазақстан жерінде жаңа тайпалық одақ пайда болды. Сондай-ақ, ірі тайпалар одағьна кірмеген кішігірім тайпалар да мұнда өмір сүрді. Алайда, бізге тарих -бетінен көбірек белгілі алан, қаңлы , үйсін сияқты ірі тайпалар.


Алаңдар, сарматтар ұрпақтары Батыс Қазақстаңды жайлады. Аландар көсемдерін тек жауынгерлік ерлігіне қарап сайлады. Рим жазушылары оларды „қатал да мәңгі соғысқұмарлар"деп есептеді. Аландар ұзын бойлылығымен және келбеттіліктерімен даңқы шықты. Жастары ерте жастан-ақ ат үсті өнері мен садақтан жебе тартуға үйренді. Алан елінде әртүрлі әскери жаттығулар кең дамыған еді. Латын тарихшысы Марпелмен аландар туралы былай деді: „олар түрлі дене жаттығуларын жасай білгендіктен, бәрі шебер жауынгер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет