Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы



бет14/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

БДД ІІ ғғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған.


Ғұндар ат-үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсу, қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар жетік меңгерген.
Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұндардың дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген цирк өнершілерінің дәлелдемелері бар.

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

Шыңғысхан құрған Мың қол империясы кезінде (XIII-XII) әскери дене тәрбиесі жүйесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам, атымен, қару-жарығымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде ерлердің үш ойыны дене тәрбие жүйесі болды . Ол күрес, садақ ату және атта шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.


Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

Әмір Темір билігі кезінде (XI) жеке сайыс, шахмат (шатрантаж) өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріене жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.


XV ғ. Бастап Қазақ хандығы кезінде дене тәрбиесі жүйесі ұлттық ойындарды және әскери жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Сол кезеңде қазақ арасындағы батырлар, палуандар, шабандоздар, сал-серілер қадірлі болды.

Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы

XVIII-XIX ғғ. Ресей патшалығына қосылған кезеңдерінде қазақ жеріндегі дене тәрбиесі орыс дене тәрбиесі арқылы түрленіп, күрделеліне түсті. Ресей мемлекетінің дене тәрбиесі негізін қалаған П.Ф.Лесгафт он алты Еуропа елдерін аралап, дүниежүзі дене тәрбиесімен спорт жүйелерін орыс жеріне әкелсе, енді сол классикалық спорт түрлері, дене тәрбиесі орыстар арқылы қазақ жеріне тарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет