Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет11/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
лекция ЕК

Қоршаған ортаның ауасын жақсарту
Өнімді еңбек жағдайының бір шарты – ол жұмыс аумағында, еденнен немесе жұмыс орны орналасқан алаңнан 2м биіктікке дейінгі кеңістікте қалыпты метеорологиялық жағдай мен таза ауаны қамтамасыз ету керек.
Жұмыс аумағындағы ауаның ластану себебі мен сипаты
Атмосфералық ауа құрамында (көлемдік %) 78,08 – азот, 20,95 – оттегі, 0,93 – аргон, неон және басқа инерттік газдар, 0,03 – көмір қышқыл газы, 0,01 – басқа газдар болады да, мұндай ауа дем алуға өте қолайлы болып табылады.
Ауа химиялық кұраммен қатар белгілі бір иондық құрамға да ие болуы керек. Ауа құрамында, қозғалмалығына қарай, жеңіл және ауыр болып бөлінетін теріс және оң иондар болады. Ауыр иондар жеңіл иондардың әр түрлі майда бөлшектерге шаң, тозаң, тұман тамшылары т.с.с. қонуы нәтижесінде пайда болады. Таза ауада жеңіл иондар, ал ластанған ауада ауыр иондардың шамасы басымды болып табылады. Адам организімінің өмір сүруіне оттегінің теріс иондары қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыс аумағының ауасы жоғарыдағы құрамда сирек кездеседі, себебі көптеген технологиялық процестер ауаға зиянды заттарды (бу, тозаң, қатты және сұйық бөлшектер) бөлумен жүреді.
Газ бен бу, ауа мен қоспа, ал қатты және сұйық заттар бөлшектері – дисперсиялық жүйе – аэрозольді түзеді. Аэрозольдар шаңға (қатты бөлшектердің өлшемі 1 мкм ден жоғары), түтінге (мөлшері 1мкм ден төмен) және тұманға (сұйық заттардың өлшемі 10 мкм – ден төмен) бөлінеді. Шаң ірі (бөлшек өлшемдері 50 мкм ден жоғары), орташа (50-10 мкм) және майда дисперсиялы (10 мкм-ден төмен) болып жіктеледі.
Жұмыс аумағындағы ауаға зиянды заттардың түсуі технологиялық процеске, пайдалынатын шикізаттың, аралық пен соңғы өнімінің құрамына байланысты. Осыған орай:
булы еріткіш - бірқатар қышқылдарды, бензин, сынапты пайдаланғанда;
газдар - дәнекерлеу, құю, металды термиалық өңдеу кезенде;
шаң - майдалағанда, тасымалдағанда, қаптағанда, тегістеу кезінде шығады.
түтін - отын жанғанда және электр қондырғыларында.
тұман - майлау-салқындату сұйықтықтарынан және гальваникалық цехтарда пайда болып шығады.
Зиянды заттар адам ағзасына тыныс жолдары, тері және тамақ арқылы өтеді. Бұл заттардың көбісі уландырғыш әсер беретін болғандықтан қауіпті және зиянды өндірістік факторғаға жатады. Зиянды заттар биологиялық ортада жақсы еріп, қарым-қатынасқа тұседі де, қалыпты өмір сүруді бұзады. Соның нәтижесінде адамның улану ауру жағдайы пайда болады.
Бірқаттар зиянды заттар тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіріп өкпеде қалып фиброгендік әсер береді. Олар биологиялық ортада нашар еритін болғандықтан қан айналымына түспейді. Негізінен бұл металл, пластмасса, қайрақ қағаз, карборунд, ағаш, шыны және минералдық талшықтар мен кремнезем-қосынды шаңдарымен аса қауіпті майдадисперсиялы шаңдар болып табылады. Себебі мұндай шаңдар ірідисперсиялы бөлшектерге қарағанда өндірістік бөлме ауасында қонбай қалқып жүреді де адамның өкпесіне оңай өтеді.
Жұмыс аумағындағы ауаның құрамындағы зиянды заттарды мөлшерлеу
ГОСТ 12.1.005-76 бойынша өндірістік бөлмедегі жұмыс аумағының ауасының шектік мүмкіндік шоғыры qnqk (мг/м3) белгіленеді.
Зиянды заттардың адам организміне әсер ету дәрежесіне қарай мынадай кластарға бөлінеді: 1-класс - өте қауіпті, 2-ші класс - аса қауіпті, 3-ші класс - орташа қауіпті, 4-класс – төменгі қауіпті.Кейбір өкімдермен заттардың мүмкіндік шоғыр мәндері і кестеде берілген.

2 – кесте.


Заттардың мүмкіндік шоғыр мәндері

Зат

Шектік мүмкіндік шоғыр шамасы мг/м3

Қауіптілік класы

Агрегаттық күйі*

1

2

3

4

Берилий және оның қоспалары

0,001

1

А

Қорғасын

0,01

1

А

Марганец

0,05

1

А

Озон

0,1

1

Б

Хлор

1

2

Б

Тұз қышқылы

5

2

Б

Құрамында кремнезем бар шаңдар

1

3

А

Темір тотығы

4-6

4

А

Көміртегі тотығы, аммиак

20

4

Б

Бензин

100

4

Б

Ацетон

200

4

Б

*Ескерту: өндірістік жағдайда заттың агрегаттық күйін көрсететін әріптердің белгіленуі: А- аэрозоль, Б - бу немесе газ


Ауа бассейінін жақсарту іс-шаралары
Жұмыс аумағының ауасының керекті жағдайы төмендегідей негізгі іс шараларды атқару арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін:

  • өндірістік процестерді механизациялау мен автоматтандыру және оларды арақашықты басқару;

  • зиянды заттардың бөлуін немесе олардың жұмыс аумағына түсуін болдырмайтын технологиялық процестер мен құрылғыларды ендіру – (герметизациялау, улы заттарды зиянсыз, ал сұйық отынды газ тәріздеске ауыстыру, щаң басқыш операцияларды қолдану және т.б.);

  • жылу бөлу көздерінен қорғану;

  • желдеткіш және жылу беру қондырғыларын орнату;

  • жеке қорғану құралдарын қолдану.

Жылу бөлу көздерінен қорғану
Кейбір жағдайларда жұмысшыларды жылу әсеріне ұрынуы өте үлкен 3000-6000 Вт/м2 шамаға жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жылулық сәуле ағыны тек қана әсер берген жерге ғана емес жалпы организмге зиянын тигізеді. Осынын әсерінен биохимиялық өзгерістер жүреді, жүрек-қан тамырлары мен жүйесінің жұмысы өзгереді. =0,72-1,5 мкм болатын инфрақызыл сәуленің әсерінен көз катаракты пайда болып, көз қарашығы тұманданады.
Жылудың сәулелік ағыны жұмысшыларға әсер етуімен қатар, еденді, қабырғаны, жабынды, құрылғыларды да қыздырып бөлменің жалпы температурасын жоғарылатады да бөлмедегі қалыпты жағдайды бұзады.
Осыған байланысты жұмысшылардың жылуға ұрынуын есептеу келесі ретпен өткізіледі.
Жылу шығару көзі мен жұмысшының оған дейінгі арақашықтығын біле отырып, жұмыс орындарын жылуға ұрыну қарқындылығы төмендегі формуламен анықталады:

Мұндағы: Т-жылу шығару бетінің температурасы, к;
А- эмпериялық коэффициент, адам терісі мен қағаз - мақта маталар үшін А=85, ал кендір маталар үшін А=110;
Етаж-қаралықтың келтірілген дәрежесі; денемен шағылысқан ағынның, жылудың сәулелік ағымын толық емес жылуын есепке алады;

Мұндағы: Е1 мен Е2 - жылуға ұрынатын жұмысшы мен жылу шығарушы зат;
0 - жылулық сәулеге ұрыну коэффициенті, жылу шығару көзінен адам денесіне өтетін бөлігін көрсетеді; бұл коэффициент салыстырмалы арақашықтыққа тәуелді;
l=l/a (l-жұмысшы мен жылу шығару көзіне дейінгі қашықтық, а-квадрат жақтары немесе жылу шығару көзінің эквивалентті өлшемі: адам жылу көзіне жақын орналасқанда 01; көбіне 0<1);
α0жылу шығару бетіне жүргізілген нормаль мен осы жазықтық ортасынан жұмыс орныыына бағытталған түзу арасындағы бұрыш.
Есептелген шама мен мөлшер бойынша шектекулі шамамен салыстырамыз. Егер Еұ > 348 Вт/м2 [300ккал/(м2сағ.)], бұл жағдайда қосымша жылу шығару әсерін төмендету іс шаралары жүргізіледі.
Қазіргі санитарлық мөлшер бойынша қызған құрылғылардың жұмыс орнындағы қоршаған орта температурасы 450С аспауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет