Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет13/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
лекция ЕК

Бақылау сурақтары:
1. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын ауа ортасының қандай параметрлерімен анықтайды?
2. Терморегуляцияға анықтама беріңіз.
3. Өндірістің қолайлы метеорологиялық факторларының мәндері қалай аталады?
4. Микроклиматтың нормалық құжаттарын атаңыз. Мұнда есепке не алынады?
5. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын анықтау және оған мән берудің мақсаты?
6. Метеорологиялық жағдайды анықтау әдісі.
7. Психрометр аспабының жұмыс істеу принципі.
8. Желдету ж.йесіне сипаттама беріңіз


Дәріс №9. Өндірістік жарықтандыру
Жоспар:

  1. Жұмыс орындары жарықтанғандығының еңбек қауіпсіздігіне әсер етуі. Негізгі жарық – техникалық шамалар.

  2. Табиғи және жасанды жарықтандыру, жарықтандыру түрлері, нормалау. Жасанды жарықтандыруды есептеу әдістері.

  3. Өндірістік жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар. Шамдар.

  4. Апаттық жарықтандыру. Өндірістік жайларды түрлі-түсті рәсімдеу.сипаттағы төтенше жағдайлар.



Еңбекті қорғаудағы негізгі сүрақтардың бірі болып өндірістік ғимараттар мен жүмас орнындағы толық қүрамды жарықтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Жұмыс орнын ұтымды жарықтандыру - бұл өндірістік жарақат алуды төмендетудің, жоғары еңбек өнімділігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.
Өндірісте жүмысты жарықтандырудың табиғи және де жасанды жарық берілуі қолданылады тағы да олардың аралас түрі. Табиғи жарықтандыру қабырғадағы терезелер арқылы орындалады. Жасанды жарық берудің нормасы екі жүйені қарастырады, ішкі жарық беруді қүру кезінде қолданылатындар:
- жалпы жарықтандыру жүйесі;
- аралас жарық беру жүйесі;
Бірінші жүйе ғимараттағы жасанды жарық берудің толығымен тек ғимараттың жоғарғы аумағында орналасқан шамдар арқылы жүзеге асатынын көрсетеді.
Бүл шамдар жалпы жарық беру шамдары деп аталады жэне ғимаратта бірқалыпта немесе эртүрлі орналасуы мүмкін яғни жұмыс орындары мен жүмыс аймақтарының орналасу есебі бойынша.
Екінші жүйе - аралас жарық беру жүйесінің біріншісінен айырмашылығы ол бір уақытта екі шам тобы арқылы іске асуы мүмкін: аралас жарық берудің жалпы жүйесі жэне жергілікті жарық беру, жүмыс үстелінің жанына орналасқан немесе тікелей сонда орналасқан жэне жүмыс істейтін жағдайға жарық ағымын жіберуші. Аралас жарықтандыру жүйесінің бірқатар техникалық және экономикалық артықшылығы болғанымен ол жалпы жарық беру жүйесіне қарағанда сирек қолданылады.
Бөлмелердің және жұмыс орындарында орынды жарық түсіру еңбек етуге қолайлы жағдайлар туғызады
Жарықтандыру кезінде еңбек өнімділігі жоғарылайды, қауіпсіздік жағдайы көтеріледі, шаршағандық төмендейді. Жеткілксіз жарықтандыру кезінде жұмысшы айналасындағы заттарды нашар көреді және өндірістік жағдайға бейімделу қиындайды. Дұрыс емес және жеткіліксіз жарықтандыру қауіпті жағдайдың пайда болуына әкелуі мүмүкін. Жақсы көру жағдайын күн сәулесі жасайды.
Жарықтандыруды тиімді ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын жеткілікті жарықтандыру ғана емес, сонымен қатар жарықтандырудың тиісті сапалық көрсеткіштерін жасау керек. Жарықтандырудың сапалық көрсеткіштеріне келесілер жатады: жарық ағынының біркелкі таралуы, жарықтық, жарық күші, фон, обьектінің фонмен карама – қарсылығы.
Өндіріс, қызмет, тұрмыс бөлмелерін және жұмыс аймағын жарықтандыру үшін табиғи жарықты және жасанды жарық көздерін қолданады.
Өндірістік жарықталу тиімді, дұрыс нормаланған жағдайда психологиялық комфортты қамтамасыздандырып, көзді шаршағандықтан және кәсіби аурулардан сақтайды. Жарықталудың өлшем бірлігі люкс. Люкс – ол 1 люмен жарық ағынының 1м2 ауданына түсіп бір қалыпты таралуы. Люмен – жарық ағынының халықаралық шамалардының (Си) бірлік жүйесі (лм). Жарықталудың дәрежесі өзгеріп отырады. Мысалы: түнде айжарықта жарықталу 0,2-0,3 люкске тең, ал күндіз күн жарқырағанда 20 000-100 000лк аралығында болады.
Жарықпен дұрыс қамтамасыз ету бақытсыз жағдайды азайтып, жұмыс өнімділігін арттырады. Тәжірибе көрсеткендей, жарық жеткілікті орында жұмыс өнімділігі 15%-ке артады. Жарықтың техникалық, санитарлы-гигиеналық нормаға сай болуы (рационалды) ұтымды деп аталады.
Өндірісте осы нормаға сай жарықты жасау оның негізгі және актуальді есептерінің бірі болып табылады.
Өндірістердің бөлмелерінде жарық көздеріне тәуелді 3 түрлі жарықты пайдаланады: табиғи, жасанды және құрастырылған.
Табиғи жарықтың таралуы тәулік және жыл мезгіліне, сонымен қатар атмосфералық құбылыстарға байланысты. Жарықтандыруға ғимараттардың орналасуы және құрылысы, шыны беттерінің үлкендігі, терезелердің формасы мен орналасуы, қарама – қарсы тұрған ғимараттардың арақашықтығы және т.б. әсер етеді.
Табиғи жарық көзі – күн радиациясы, яғни жер бетіне күннен келетін сәуле энергиясының түзу және шашыраған жарығы. Табиғи жарық терезелер арқылы бөлме ішіне кіреді.
Табиғи жарық терезеден немесе төбеден арнайы жасалған жарық көздерінен түседі. Табиғи жарық жыл мезгілдеріне және тәулікке, сонымен қатар атмосфералық жағдайға байланысты жиі өзгеріп тұрады. Жарықтың түсуіне құрылыстың орналасқан жағдайы, әйнекпен қапталған бетінің өлшемі, терезенің орналасуы мен пішіні, қарсы тұрған құрылыспен арақашықтығы байланысты.
Табиғи жарық адамға ең жақсы, тиімді жарық. Бірақ ол толығымен керегімізді қамтамасыз ете алмайды, сондықтан жасанды жарық көздері көп пайдаланылады.
Табиғи жарықтың қарқындылығы табиғи жарықталудың коэффициентімен бағаланады. Ол бөлме жарықталуының сыртқы жарықталудан төмендігін көрсетеді (%-пен). ТЖК-ң шамалары 0,25-10% аралығында болады. Ол СН – II – 4 – 89 санитарлық нормасының «Табиғи және жасанды жарықталу»-мен жұмыс түрінің дәлдігіне, жарық түсіне, климаттық белдеуіне және күн сәулесі коэффициентіне тәуелденеді. Жоғарыдағы нормаға сәйкес, өндіріс бөлмелерін жобалағанда терезелердің саны, өлшемі, қайда орналастырылуы қажет екендігі табиғи жарық беру үшін анықталады.
Құрастырылған жарықталу ең ұтымды болып есептеледі, себебі жарықты бөлмеге бір қалыпты етіп таратады.
Нормалық мөлшер ретінде салыстырмалы өлшем бірлігі мен табиғи жарықталу коэффициенті (ТЖК) алынады. Ол процентпен алынған бөлме ішіндегі бір нүктедегі өлшенген жарықталудың (Еб) мәнінің, дәл сол мезетте жарықтың сыртта өлшенген, көлбеу күйінде, аспаннан шашырап таралғаннан пайда болған сәулесінің жарықталуына (Еа) қатнасы:

мұнда: Еб – бөлмеде өлшенген жарық, лк
Еа – далада өлшенген аспан жарығы, лк

Табиғи жарықтың сандық сипатынан басқа сапалы сипаты бар. Ол табиғи жарықтың бір қалыпты түспеуі (бірқалыпсыздығы). Табиғи жарықталу коэффициентінің ең жоғарғы мәнінің қатнасы болып табылады. I-II разрядтарының бірқалыпсыздығы 2:1 аспау керек; ал III, IV разрядтарына 3:1 аспау керек.


Табиғи жарықталу коэффициенті нормасының шамасы жарықтың климатына, күн сәулесінің коэффициентіне және жарық жүйесіне байланысты санитарлық норма СН және Е ІІ – 4 – 89 бойынша ҚР ІІІ-ші жарық аймағына жатады.
Жарық жанынан берілетін бөлмелерде ең төмен ТЖК-нің мәні нормаланады, ол терезеден ең алыс тұрған жұмыс орны. Ал төбеден немесе құрастырылған жарықталуында ТЖК-ң орташа мәні нормаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет