Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет7/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
лекция ЕК

Бақылау сұрақтары:

  1. Қолданыстағы еңбек нормаларын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру ұғымдарына түсінік беріңіз

  2. Жалпы ережелерді түсіндіріңіз

  3. Еңбек нормаларды тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  4. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты

  5. Жұмыс орнын аттестаттау



Дәріс 6. Еңбек шарттарын жиынтық бағалау.
Жоспар:

  1. Аттесттау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі.

  2. Еңбек шарттарын жақсарту бойынша шаралар.

  3. Жұмыс істеушілерге зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру.

Бүгiнгi таңда адамныңеңбек қызметінің басты басымдықтарының бірі-адамның өмірін және денсаулығын сақтау. Еңбек жағдайларын жақсарту өндiрiстегі кәсiби аурулардың және жарақаттанудың алдын алу бойынша жетекшiлердiң және мүдделi қызметтердің басты құралдары болып табылады.


Тәуекелдi бағалау және талдау, тұжырымдамалық қағидаттардың негiзiнде оларды іске асыру бойынша кешенді шараларды жасау - елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесінің функционалдық құрамдас бөлiктерiнің басты арнауы. Қазақстандықтардың, барлық әлеуметтiк топтардың әлеуметтiк хал-жайын тұрақты жақсарту мемлекеттiк саясаттың ең алдында болуы керек.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласында жаңа идеология қалыптасқан. Осы орайда еңбек қатынастарын дер кезiнде және бiлiктi шешуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және ғылыми-зерттеу шараларының басымдылықтары анықталды. Әлемдiк экономикалық кеңiстiкке бірігу жағдайларында кәсiби тәуекелдiң мәселелерін зерттеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. Өз кезегiнде уәкiлеттi органмен еңбек гигиенасын және денсаулықты басқару жүйесін жетiлдiру бойынша мемлекеттiк, сондай-ақ аймақтық деңгейлерде еңбектi қорғауды, өндiрiстiк ортаны жақсарту шаралары қолға алынып жатыр.
Өндiрiстегi ажалды төмендету және халықтың денсаулығын қорғау мәселелері тек әлеуметтiк мәселелердi шешуде ғана емес, сондай-ақ қоғамдық еңбектiң экономикалық тиiмдiлiгін арттырудың өзекті және басым бағыттарының бiрiне жататынын атап өткен дұрыс. Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтiк жаңғырту. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласы бұл ұғымның мағынасы туралы адамдардың түсінігін кеңейте түстi. Мақалада «әлеуметтiк мәселелердi шешуден бiздiң елдің барлық азаматтарының күндегi көңiл күйі және өмiрi байланысты» деп көрсетілген. Мемлекет басшысы «қазақстандықтар әлеуметтiк жаңғырту саясатын іске асыруда тiкелей және мүдделi қатысады» деген сенiмдiлiк бiлдiрдi делінген [2].
Бүгiн өндiрiсте тәуекелдiң ең аз шектеулі деңгейiн анықтау мақсатында еңбек саласындағы отандық мамандар тәуекелге қатысты әр түрлi: техникалық, жеке, потенциалдық, қолайлы, ұжымдық (топты, әлеуметтiк), соның iшiнде кәсiби тәуекел терминдерді қолдануға мәжбүр. Кез-келген тәуекелдің шамасы бойынша, сондай-ақ өз табиғаты бойынша айырмашылығы болады. Сондықтан оны өлшеудегі мiндетке бағалау жұмыстарын жүргізу: бiрiншiден тәуекелдiң барлық мәндi түрлерiнiң ауқымдарын бағалау (өндiрiстiк жарақаттанушылықтың және науқастықтың жиiлiгi, соның iшiнде ажалдың болуы), екiншiден әрi зиянды және қауiптi факторлар салдарынан болған зияндыққа қатысты санын салыстырмалы бағалау кіреді.
Халықаралық тәжiрибеде «кәсiби тәуекел» еңбек процессінің және өндiрiстiк ортаның факторларынан қызметкерлердiң кәсiби ауруларының және жарақаттарының пайда болуы сандық заңдылықтары кең аспектiлік және ауқымды қаралады. Осы орайда басқа елдердегi (Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Финляндия, Австралия, Франция және т.б.) кәсiби тәуекелдердi басқару жүйесін енгiзу еңбек жағдайларын жақсарту, кәсiби аурулардың және жарақаттардың деңгейiн төмендету үшiн тәуекелдердi басқару тәсiлiнің негізділігін көрсеткенін атаған жөн.
Кәсiби тәуекелді бағалау жазатайым оқиғаларды болдырмауда негiзгi буын болып тұр және еңбек қауiпсiздiгiн басқаруға тәсiлдердi анықтаудың бастапқы буыны (кезеңі) болып табылады. Өндiрiстегi тәуекелдердi нақты бағалаудың жоқтығы сақтандыру шараларын жоспарлауда уақытында емес және нақтылығы, сонымен бiрге шаралар тиiмдiлiгінің кері әсерінің салдарынан болу себептері бар. Осыған сүйене келе елде кәсiби тәуекелдерді басқару әдістерін, және оның жаңа талаптарын әзірлеу, кәсiби тәуекелдерді бағалау мәселелерінің маңыздылығын белгілеуге болады. Осы тұрғыда еліміздің еңбек қорғау саласындағы ғалымдары «кәсiби тәуекел» және «кәсіби тәуекелді бағалау» заңнамалық анықтамаларын қабылдау және түсiндіру үшін мақсатты түрде жұмыстар жүргiзуде.
Бiз әуелде, кәсіби тәуекелді бағалауды қолданудың басты ойы – бұл еңбек қауiпсiздiгiнің нормативтiк талаптарына сәйкес еңбек жағдайларын келтіру және жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру, зиянды жағдайларда айналысатын адамдардың денсаулық күйін бағалау, сонымен бiрге кәсiби аурулардың мақсатты алдын алу екенін анық түсiнуiмiз керек.
Кәсiби тәуекелдiң кеңiстiгi әлемдiк тәжiрибемен жасалған қорғау механизмдері: өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан әлеуметтiк сақтандыру жүйесінің өтемақылы-оңалту қызметімен, кәсiпорындардың ұйымдастыру-техникалық жұмысымен, мемлекеттiң заңнамалық және бақылау міндеті сияқты спектрлерімен қамтылуы қажет.
Тәуекелдердi бағалау процессiнде келесi аспектiлерін шартты түрде бөлуге болады, олар:
- кәсiби тәуекелдер мониторингі;
- кәсiби аурулар және өндірістік жарақаттану зардаптарының ауырлығы және жиiлiгі, оның экономикалық бағасы туралы мәлiметтердi жинау;
- қызметкерлердiң денсаулығы үшiн олардың потенциалдық қауiптілік ұстанымынан кәсiби тәуекелдердің зиянды және қауiптi факторларын анықтау;
- сақтандырудың тиiстi үлгiсiн таңдау.
Бүгін Қазақстан үшiн кәсіби тәуекелді бағалау бойынша мәселелерді шешудің күрделiлiгi елімізде тәуекелдiң (техникалық, жеке, потенциалдық, қолайлы, ұжымдық және кәсiби) мониторингі жүргізілмегенімен шартталған. Мониторингтің кез-келген түрiнің жоқтығы тәуекелдердi бағалауда жалпы өздерінің кері әсерін тигізетіні белгiлi жай. Осыған байланысты тәуекелдердi бағалауды мына төмендегідей талдау:
- еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялау жүргiзу нәтижелерi;
- еңбек қауiпсiздiгiн жақсарту үшiн өткiзiлетiн технологиялық үдерiстер және өндiрiстiк объектiлердi жаңғыртудың нәтижелерi;
- еңбек қауiпсiздiгі саласында нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарының сақталуын бақылау, ұйымдарда кәсiби тәуекелдердi басқаруды қолдану тиiмдiлiгі;
- еңбектi қорғау бойынша шаралардың экономикалық тиiмдiлiгі;
- зерттелетiн кезең iшiнде ұйымдарда анықталған кәсiби тәуекелдердiң көрсеткiштерiн төмендету (арттыру) серпiнi;
- жұмыс iстейтiндерді оқытуды жүргiзу әдiстемелерiнiң сапасын бағалауы;
- ұйымдар және салалар деңгейінде сертификатталған жеке қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық орындармен, емдеу-профилактикалық қызметтермен қызметкерлердiң қамтамасыздығын бағалауы;
- өндiрiсте жазатайым оқиғалардан, аурулардан міндетті сақтандыруға сақтандыру тарифтері жүргізілу негiзiнде қалыптастыру керек.
Еңбектi қорғау саласындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың басшыларына және мамандарына кәсiби тәуекелдердің экономикалық және табиғи көрсеткiштері жиi ажыратылатыны белгiлi. Бұған осы мәселенiң әртүрлi аспектiлерi әсер етедi. Мысалға, әлеуметтiк сақтандыру ұстанымынан кәсiби тәуекелі осы кәсiби топ үшiн табысын жоғалтумен бiрге жүретiн сақтандыру оқиғаларының басталу ықтималдығын бiлдiредi. Мұнда жарақатты алу тәуекелі емес, ол зардап шеккендердің емделуге, оңалуына қосымша шығындардың тәуекелі және жазатайым оқиғалардан табыстарын жоғалту қаупі сақтандырылады. Кәсiби тәуекелдi талдауға оның қауiптілігінің дәрежесiн бағалау және сәйкестендіру, анықтау бойынша мiндеттер кіреді, ал оны басқару ең әуелі тәуекелдi бақылауды және өтемақысын төмендетуге себеп болатын шараларды болдырмайды. Кәсiби тәуекелдердi зерттеу объектісі сипаттамалардың қиылысуы: тәуекел факторлары, тәуекелдiң субъектiсi, тәуекелдердi басқару сияқты өзiн көрсететiн тәуекелдi жағдай әрқашан да ол - жұмыс орны болып табылады.
Әлеуметтiк сақтандыру үшiн жұмысшыға (жартылай немесе толық еңбек ету қабiлетiнен айырылу) жазатайым оқиғалардың көпшiлiгi маңызы зор зардаптарды болдырмайтын және жазатайым оқиғалардың саны аса маңызды емес зардаптарға әкелетін кәсiпорындар мен салалар болып табылатынын ескеру қажет. Кәсiби тәуекелді бағалау критерийін еңбек ету қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi мен ұзақтығы бойынша қызметкердiң денсаулығының зақымдану көрсеткiшi арқылы қарау керек .
Қазiргi уақытта республикамызда жұмыс күшiнiң үлкен тозуы мен жұмысшының еңбек ету қабiлеттiлiгi көрсеткiштерi бірнеше ретке төмендегені байқалады. Бұл туралы үлкен кәсiби-салалық топтардың кәсiби тәуекел деңгейлерiн осы жөніндегі жалпы көрніс пен статистикалық база деректері куәландырады. Дегенмен, өндiрiстегi тәуекелдiң бар факторлары бойынша: қанша рет тәуекелдiң факторлары санитарлық нормалардың (шекті-ұйғарынды шоғырлануларды және шекті-ұйғарынды деңгейлерді) артқанын, сонымен бiрге еңбектiң қолайсыз жағдайларда қызметкердiң болуынының ұзақтығы жөніндегі қажетті позициялар бойынша мәліметтер бере алмайды. Сондықтан еңбектiң жоғарыда айтылған мәселелері терең талдауды және зерттеулерді талап ететіні анық екенін білу керек.
Кәсiби тәуекелдердi басқару және бағалаудың мемлекеттiк жүйесін қалыптастыру мақсатында мынадай:
- еңбек ету қабiлетiнен айырылу және жұмыс iстейтiндердің денсаулығының нашарлауының (анықтаудың ерте түрлерін қоса) медициналық көрсетулерін, еңбек процесiн, өндiрiстiк ортаның факторларын есепке ала отырып кәсіби тәуекелдi кешендi бағалаудың теориялық - әдiстемелiк негіздерін әзiрлеу;
- мемлекет деңгейінде кәсiби тәуекелдердi бағалау бойынша үйлестiру деңгейiн арттыру, бұл үшiн елдiң кәсiби тәуекелдерiн басқару және бағалау бойынша бiртұтас үйлестіруші органды құру тиімді;
- негiзгi топтар (100-500 жұмыс орындары) бойынша кәсiби тәуекелдiң үлкен деңгейiмен жұмыс орындарының үлгiлік тiзбесін анықтау және олардың базасында кәсiби тәуекелдiң серпiнi және деңгейлерінің тұрақты, ұзақ мерзiмдi мониторингтер ұйымдастыру сияқты бірнеше шараларды жүзеге асыру қажет.
Өндiрiстiк тәуекелдің шамасы антропогендiк әсерлерiмен шартталған жиi қауiптерді бағалаудың сандық өлшемі болатыны белгiлi. Химиялық табиғаттың антропогендiк факторларының әсері патологиялық әсерлерге оның тұрақтылығын анықтайтын және ағзаның тіршілік әрекеті мен дамудың материалдық негiзiн көрсететін табиғи факторлардың жиыны оның ағзаға әсер ету аясында жүзеге асады. Тәуекелдiң жеке факторлары (шу, тозаңдылық, тербелу, газдылық және т.б.) бойынша қолайсыз еңбек жағдайларда жұмысшылардың үлестік тығыздылығы тәуекелдің олар туралы маңызды ақпаратын сипаттап көрсете алмайды.
Бүгiн өндiрiстегi (зиянды және қауiптi факторлармен) қауiптерден тәуекелдердi анықтау мен еңбек жағдайларын басқару құралдарының бiрi – өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау болып табылады. Ол үшін жұмыс орындарын аттестациялаудың кейбiр позицияларын қарап шығайық. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау жарақаттану қауіпсіздігі бойынша және еңбек жағдайларының сыныптарын анықтаумен зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторларды анықтауды қарастырады. Алайда, жұмыс орындарын аттестаттау процессiнде тек өндiрiстiк факторлар ғана тәуекелдерге жiктеледi және ол кезеңде бар қауіптерді, тәуекелдердi қызметкерлердiң денсаулық жағдайымен салыстыру механизмдері толық қанды қарастырылмайды.
Жұмыс орындарын аттестаттау кезінде бағалау механизмі қызметкерлердiң (жабдықпен, технологиялық үдерiстермен, өндiрiстi ұйымдастырумен жасалынатын қауiптер) жарақаттануының барлық мүмкіндігі бар тәуекелдерді толық мәнiнде қамтуға қабiлеттi емес. Сонымен бірге қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыздығы тегiн берудiң нормаларына берілетін құралдардың сәйкестік қағидаты бойынша жүргізілетінін ескеру керек. Бұл рәсiмнің дұрысы әлеуметтiк сипатты бiлдiредi және қауіптен қорғанудың бағасы мен еңбек жағдайларын бағалаудың нақты нәтижелерiмен байланысты жоқ. Барлық бұл факторлар осы салада қаралатын мәселенiң маңыздылығын растайды.
Еңбек қызметінің процессiнде бар қауіпті толық жоюдың түбегейлі мүмкiнсіздігін мойындау доктринасы бiр жағынан «қолайлы тәуекелді» анықтауды және бағалауды, ал басқа жақтан - «жол беруге болмайтын тәуекел» немесе шамадан тыс болдырмау бойынша шараларды қабылдауды талап етедi. Еңбек процессінің және өндiрiстiк ортаның күйiн бақылау мақсатында қызметкерлердiң денсаулығын, еңбек ету қабілеттілігін бағалау әдiстерi қолданылады, зақым келтiретiн әсерлердiң пайда болу ықтималдығы мен еңбек жағдайларының күйi аралығында өзара байланыс тудырады.
Кәсiпорындар деңгейінде кәсiби тәуекелдi басқару әр түрлi тәсiлдері мен әдістерінің жиынтығын қосады: шаң, шу шоғырлануды және жұмыс аймағы ауасында химиялық заттектердің мөлшерін өлшеу, мониторингті жүргiзу, әр түрлi оқиғаларды тiркеу. Кәсiби тәуекелдiң мән-мәтінінде басқару әсерлерiнің әрекет саласы кәсiби және өндiрiстiк - мерзiмдi аурулардың, жазатайым оқиғалардың профилактикасын және денсаулықтың нашарлауы, өндiрiстiк жарақаттану себептерінің алдын алу мен жою жөніндегі басымдылықтарды, шешiмдердi және әрекеттерді таңдаудың шешімдерін қамтиды.
Халықаралық еңбек ұйымының сарапшыларының пікірі бойынша Қазақстан Республикасында әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуда және өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруда жұмыс берушiнi ынталандыруға жағдай жасалған және еңбек қатынастары жүйелі дамыған. Сол себепті, елімізде еңбек қорғау және еңбек қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласында іс-шараларды жоспарлаудағы стратегиялық бағдар халықаралық стандартқа, уақыт талабына сәйкес болуы шарт. Осы тұрғыда, бүгiнгі таңда елімізде кәсiби тәуекелдi басқару жүйесi көкейкесті және өзекті әлеуметтік сипаттағы мәселе болып табылатыны баршаға белгілі
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процес дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушалардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық – құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыруды жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қалпы, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзгеде мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе шынара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзгеде зиын келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көщделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесімен медицина сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзжелетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшері ретінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануына немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру, мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамддардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген ішінара немесе толық мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көз ілетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, ден саулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай –ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жаупатылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.


Зиян келтіргендігі үшін азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептелінеді.
Шартты бұзғандығы үшін азамматтық – құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылаты және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс- қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс- қимыл жасайтын келісім шарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуына болған кәсіпкерлік қызметтің залал тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті алалмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушы кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап «сақтық төлем ақыларына кепілдік беру қоры» өзінің тікелей қызметін бастады. Қор «сақтық төлем ақыларына кепілдік беру қоры туралы» заңға сәйкес жарғылық капиталына ұлттық банкінің жүз пайыздық қатысуына болатын акционерлік қоғам нысанына құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың мыңдай оншақты түрлері бар: әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық – құқықтық ждауаптылығын сақтандыру, турагенттер мен туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қыземткерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азамттық – құқықтық жауаптылығын, өсімдік шаруашылығында сақтандыру, экологиялық және медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шетелде инвестицияларды экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігімен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты Республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқығын ескере отырып, отандық инвесторлармен экспортерларды сыртқы қауіп қатерден қорғау саласында мамандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.

Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінідегі мемелекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2003 – 2015 жылдарға арналған Индустриялық – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден –бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты – бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, реттеуші тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестициялардысақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерді өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай – ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркентингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.


Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: сатып алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс - әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, копорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс - әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісішарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10% -ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай – ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түлерін ажыратады; ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруға міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық – құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін; көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат – климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет