4.1 Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру жобасының мазмұны, әдістемесі Жер пайдалануды құру дегеніміз - жерге орналастыру жобасын құру арқылы ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын агроқұрылымға өндірісін жүргізу үшін
территориялық жағдай жасау.
Жер пайдаланудың көлемі мен шаруашылықтың мөлшері - әр түрлі түсініктер.
Жайылымы үлкен қой шаруашылығының көп жері құнарсыз, соған байланысты шаруашылықтың мөлшері кіші көлемі аз, бірақ жері аз жүзімдіктер мен жеміс жидекпен айналысатын шаруашылықтардың жалпы алатын өнімі жоғары.
Жер пайдаланудың мөлшері, орналасуы, жинақылығы (компактілігі) алынатын өнімнің тек қана көлеміне әсерін тигізіп қоймай, әртүрлі шығындардың көлеміне, өндірісті басқаруға әсерін тигізеді. Сондықтан жер пайдалануды құру – негізгі мәселелердің бірі. Ол экономикалық және экологиялық негізделген жобаны құру арқылы шешіледі.
Жер пайдалануды құру жобасының құрам бөліктері:
жер пайдаланудың мөлшерін анықтау
жер пайдалануды орналастыру және құру;
3 орталықтарын орналастыру (жаңа шаруашылық құрылғанда);
жер пайдаланудың шекараларын орналастыру;
территорияларын ішкі шаруашылықтық орналастыру схемасын жасау.
Жобалау жүргізуде дайындық жұмыстарының материалдары, жобалауға тапсырма, аудан және облыстық жерге орналастыру схемасы және басқа жоба алды ұсыныстар қаралу керек.
Жобалау есептеулері бір-бірімен территориялық және экономикалық өзара тығыз байланысты шаруашылықтар немесе әкімшілік аудан шаруашылықтары бойынша жүргізіледі.
Жер пайдаланудың параметрлері және орналасуы олармен тығыз байланысты шаруашылық өндірісінің әрі қарай даму жолдарына, орналасуына, мамандығына сәйкес болулары керек және агроөндірістік кешеннің басқа элементтерімен тығыз байланыста шешілулері керек.