Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет13/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

Бақылау сұрақтары:

    1. Ауылшаруашылық жер иеленуліктерді құру жобасының құрам бөлшектерін ата.

    2. Жер иеленушіліктің ауданын анықтау тәртібі.

    3. Орталық мекендерді орналастыру қалай жүргізіледі?

    4. Шаруа қожалығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?



Дәріс №5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУЛАРЫ МЕН ЖЕР ИЕЛЕНУЛЕРІНІҢ КЕМІСТІКТЕРІН ЖОЮ

Жер пайдаланудың кемістіктері дегеніміз ауылшаруашылық мекемелерінің жер пайдалануындағы өндірістің экономикасына, ұйымдастыруына және жерді пайдалануда кері әсерін тигізетін қолайсыздықтар. Бұл қолайсыздықтарға жер пайдаланудың өте үлкен немесе өте кіші мөлшерлері, ыңғайсыз орналасуы және шекарасындағы кемістіктер жатады. Осы кемістіктерді жоюға бағытталған жерге орналастыру жұмыстары жер пайдалануды жетілдіру деп аталады. Кемістіктер:


1. Жер пайдаланудың тиімсіз мөлшері – оның ауылшаруашылық мекемесінің мамандығына, аймақтық тиімді мөлшерлерге сәйкес келмеуі. Мысалы, солтүстік аудандарда: қой шаруашылықтарының мөлшері өте үлкен болуы мүмкін, ол шаруашылық экономикасына, немесе ұйымдастыруына кері әсерін тигізбейді. Ал егер оңтүстік аудандарда орналасқан жеміс-жидек немесе көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың мөлшері жоғарыда айтылған солтүстік ауданда орналасқан қой шаруашылығының мөлшеріндей болса, бұл өте қолайсыз және тиімсіз мөлшер болады. Өйткені бұл шаруашылықтарда жұмыс қолы өте көп пайдаланылады. Сондықтан, осыншама көлемдегі жерді игеру үшін өте көп адам керек болады. Екіншіден, бұл өнімдер өте тез бұзылатын, алыс жерге тасымалдауға келмейтін болғандықтан олардан алынатын түсімдер шығындардан асып кетуі мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда жер пайдаланудың ықшам ауданы және қалаға немесе басқа үлкен елді мекенге, яғни, сол өнімдерді сату мүмкіншілігі жоғары, елді мекендерге жақын орналасқаны тиімді.
Сонымен, ауылшаруашылық мекемесінің тиімді мөлшері деп, шаруашылықтың мамандығына, оның орналасқан аймағына сәйкес көлемді шаруашылық мөлшерін атайды. Мысалы, мал шаруашылығы бойынша шаруашылықтар жерлерінің тиімді мөлшері бірдей болуы мүмкін емес. Қойды алысқа айдауға болады, ал сиырды оның ішінде – сүтті сиырды өте алыс айдауға болмайды. Мысалы, шошқа бір орында тұрып өсіріледі және бордақыланады. Сондықтан қой шаруашылығының мөлшері 20-50 мың га, ІҚМ шаруашылығының мөлшері –16-18 мың га, шошқа шаруашылығы 1-5-7 мың га а/ш алқаптарына сәйкес болулары керек. Бұл шаруашылық мөлшерлері салыстыру үшін берілген. Қазіргі кезде, ауылшаруашылық құрылымдарының мөлшерлерінің айырмашылықтары өте үлкен болғандықтан олардың оңтайлы мөлшерлерін атау қиын.
2. Жер пайдаланудың кемістіктерінің бірі - жер пайдаланудағы ауыл шаруашылық пайдаланулардың тиімсіз құрамы мен үлесі. Яғни, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы мен үлесінің а/ш кәсіпорнының мамандығына және оның құрамындағы салаларға сәкес келмеуі. Мысалы, мал шаруашылығымен айналысқан кәсіпорынның жер пайдалануының үлесінде шабындық пен жайылым көп болуы керек, ал егістік пен шошқа шаруашылықтарының үлесінде егістік алқаптары көбірек болу керек.
3. Жер пайдаланудың әр учаскесінің басқа жер пайдаланулармен жолақтана орналасуы. Мысалы, шаруа қожалығына берілген жер пайдалану бірнеше учаскеден тұрады: шабындық бір жерде, жайылым бір жерде. Бұл жағдай транспорттық шығын көбейеді; басқару қиындайды, басқа жер пайдалануды басып өту қажеттілігі туады.
4. Бір жер пайдалануда екінші жер пайдаланудың жер учаскесінің орналасуы. Бұл жағдайда транспорттық шығын ұлғаяды, қолайсыздық туады.
5. Алыс жерлік - жер пайдаланудың кейбір учаскелері елді мекеннен алыс орналасқан. Бұл жағдай экономикалық және шаруашылықтық кері әсерін тигізеді. Транспорттық шығын ұлғаяды, ұйымдастыру күрделіленеді.
6. Жер пайдалану шекарасының ирелек болуы. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарын күрделілендіреді және жер пайдаланудың конфигурациясын қолайсыздандырады.
7. Топографиялық жолақтана орналасуы. Жер пайдаланудың бір бөлігінің томардың, өзеннің, көлдің басқа бетінде қалуы.
Жер пайдаланудың кемістіктері олардың көп жылдар бойы күрделі қалыптасу жолында пайда болған. Кемістіктерді анықтау және оларды жою белгісі ретінде жер пайдаланудың сыртқы пішіні емес, оның шаруашылықтың экономикасына, оны ұйымдастыруына тиетін кері әсері қаралады. Кейбір жағдайларда бұл кемістіктері жою мүмкіндігі болмайды.
Кемістіктерді жою жобасы бірнеше қатар орналасқан жер пайдалануларды қамтиды. Кемістіктерді жою жобасы шаруашылықтардың экономикалық, шаруашылық, жер пайдалану жағдайларына өте үлкен өзгерістер енгізеді, кей жағдайда шаруашылықтың мамандығын өзгертуде алынатын жалпы өнімінің мөлшері өзгеруі мүмкін. Сондықтан, кемістіктерді түзетуге арналған жерге орналастыру жобасы ғылыми және экономикалық негізделуі тиіс. Жерді пайдалану тиімді, алынатын өнімнің нәтижесі жоғары болуы керек.
Кемістіктерді жою жобасы келесі кезеңдерде орындалады:
- аудан, немесе, бірнеше шаруашылықты қамтитын территорияда орналасқан шаруашылықтардың жер пайдаланулары зерттеліп, олардың кемістіктері мен оларға байланысты жер пайдалануды ұйымдастыру жұмыстарында болатын кедергі және кемістіктерді жою жолдары анықталады;
- жобаны құру;
- жобаны негіздеу (экономикалық есептеулер арқылы жер пайдалануда болған өзгерістердің, олардың үлкеюіне немесе кішіреюіне байланысты өзгерістер қандай экономикалық кіріс әкелді);
- жобаны қарау, бекіту, жер бетіне шығару.
Кемістіктерді жою келесі жолдармен шешіледі:
- шаруашылықтардың арасында мөлшерлері және сапасы біркелкі жер бөліктерін өзара айырбастау арқылы (кейде республикалар арасында да кездесетін жағдай);
- сапасы мен мөлшері біркелкі емес жер бөліктерімен айырбастау арқылы;
-жер пайдалануды қайтадан ұйымдастыру арқылы.
Әр жағдайда жер пайдаланушылар мен мүдделі мекемелер мен шаруашылықтардың тілегі есепке алынады.
Жер пайдаланулардың сапалары әртүрлі болған жағдайда жер бөліктерін айырбастау келесі жолмен орындалады: мысалы бір шаруашылық екінші шаруашылыққа 130 га егіс (Е 1) береді, оның б.б. (Б 1) 70, сол жер үшін екінші шаруашылық біріншіге бонитет баллы (б.б.) 65 жер учаскесін береді. Бұл учаскенің ауданы келесідей анықталады:
, яғни, 10 га жер көбірек беру керек.
Қазіргі нарық кезінде осы проблемаларды жер бөліктерін айырбастамай, сату-сатып алу арқылы да шешуге болады. (Орналасқан зонасындағы жердің құны бойынша).
Жоғарыда айтылған, кемістіктерді жою тәсілдері әрі қарай ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарында жалғастыруға болады: (а-ш алқаптарды трансформациялау, кәсіпорынның мамандығын өзгерту арқылы тиімділігі жоғары ауыспалы егіс енгізу арқылы).
Жер пайдалануды өндіріске енгізгенде келесі ережелер орындалуы тиіс:
- қалыптасқан жер пайдалануда, өндірісті ұйымдастыруда, жерді пайдалануда өзгерістер неғұрлым аз болуы керек;
- бір жер пайдалануды жақсарту екінші жер пайдаланудың кемістігін туғызбауы тиіс;
- кейбір жер бөлшегін басқа пайдаланушыға тегін бергенде жер пайдалануды ұйымдастыру және жерді пайдалану жағдайы қиындалмауы керек;
- бір жер пайдаланудан екінші жер пайдалануға жер бергенде тұтас бір массивтер немесе тұтас бөлімшелер берілуі керек.
Жобаның экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштермен есептелінеді:
- траснпорттық шығын;
- учаскелердің өнімділігінің жоғарылауы және төмендеуі;
- техниканы тиімсіз пайдалануға шығатын шығындар. (ішкі шаруашылық ұйымдастыру жақсарғанға байланысты);
Бұл экономикалық көрсеткіште жердің жобаға дейінгі және жоба бойынша жағдайлары салыстырыла отырылып тарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет