Бақылау сұрақтары:
Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды анықтау қандай жүйелікте анықталады?
Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес салмағын көрсет?
Жерді қорғау жөніндегі шаралардың маңыздылығын ата.
Ауылшаруашылық өндірістің шығындарын өтеу проблемасы жөнінде теорияларға кімдер үлесін қосты?
Дәріс№8. ЖЕРДІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Жерді қорғау ұғымы және оны жүзеге асыру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастырудың міндеттері;
Жерді қорғаудың негізгі бағыттары;
Рекультивация туралы ұғым;
Жерді пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және жерге орналастыру жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру.
Жер- кеңістікте және сапа жағынан шектелген табиғи зат, өндірістік ресурс. Оған бас заттарға сияқты бip қатар қасиеттер тән. Олардың ішінде: топырақ қыртысы, өсімдік жамылғысы, қойнауы, сулары және кеңестік қасиеттері. Бұлардың адамзат тіршілігі мен қоғамдық өндірісі үшін маңызы бағасыз. Сондықтан жердің бұл қасиеттерін үнемі арттырып отыру қоғамның ең күрделі міндеттерінің бipi. Бірақта аталған мәселені жүзеге асыру үшін қыруар қаржы қажетті, ал жерді қорғау жөніндегі шаралар зор көлемде шығындарды талап етеді. Сонда неден, қандай ic - әрекеттер мен құбылыстардан жерді қорғау керек? Біріншіден, ысырапты жұмсау мен таратудан. Екіншіден, тиімсіз және ұтымсыз пайдаланудан. Үшіншіден - бүлінуден, ластанудан және басқа жердің сапасына теріс әсер ететін құбылыстардан сақтау керек.
Жер мен айнала ортаны қорғау мәселесі жердің пайдалануын ұйымдастыруымен өзара байланысты. Сондықтан ол жерге орналастырудың ең маңызды міндеттердің бipi болып табылады. Дұрыс жобалық шешімдердің қабылдануы тек осы екі немесе бip уақытта және өзара байланысты түрде қаралғанда ғана қамтамасыз етіледі. Ос ы арада жерді және айнала ортаны қорғауға қатысты жерге орналастырудың мақсат - міндеттерін қаралық:
- ұтымды экологиялық тепе-теңдікке сай алаптардың құрамын қамтамасыз ету;
жердің өндірістік қасиеттерін арттыруға қолайлы жағдайларды жасау;
жердің кеңестік қасиеттерін ескере отырып, жер пайдаланушылықтар мен олардың межелерін дұрыс орналастыру;
территориялық айнала ортаға бейімделген реттілігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 169 бабы бойынша: «Жерді қорғау, оны ұтымды пайдалануға. Ауылшаруашылық айналымның негізсіз шығарып тастауды болғызбауға, зиянды антропогендік әсерлерден қорғауға, сондай-ақ топырақ құнарлығын, шабындықтардың, жайылымдардың және орман қоры жерінің өнімділігін қалпына келтіріп арттыруға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқықтық және басқа шаралар жүйесін қамтиды». Кодекстің осы бөлінің 176 статьясында республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін жер қорғау жөніндегі шаралар мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен, ал жер иеленушілер мен пайдаланушыларға берілген нақты жер учаскелерін жақсарту жөніндегі жұмыстар соларды қаржы есебінен жүзеге асырылады делінген.
Жердің пайдалануы мен қорғалуы зор мемлекеттік және қоғамдық міндет болып табиғи мемлекеттік тарапынан бұны жергілікті әкімшіліктерің жерге орналастыру қызмет та биғат қорғау органдары және арнайы уәкілдік белгілеген басқада органдар жүзеге асырады.
Өзгерістерді уақтылы анықтап, оларға баға беру, келеңсіз процестер зардаптарының алдын алу мен оларды жою үшін жер қорының жайын қадағалап отыру жүйесі жер мониторингі деп аталады. Жер мониторингінің құрылымын, мазмұнын және жүзеге асырылуы тәртібін Министрлер кабинеті белгілейді.
Жалпы алғанда жерді қорғау жөніндегі шаралар үш бағытта жүргізіледі. Олар: құқықтық экономикалық және техникалық. Егерде біріншілері жерді қорғау жөніндегі шаралардың құқықтық және экономикалық негіздерін қамтамсыз етсе, соңғысы ол шаралардың жүзеге асырылуының нақты жолдары мен әдістерін қарастырады.
- қайтара жер пайдалану үшін төлем;
экологиялық тұрғыдан таза жер пайдалануды ынталандыру үшін төлем;
ауылшаруашылық өндірістің территориялық реттілігі бұзылғаны үшін төлем.
Әрине, басқа ұсыныстар да баршылық бірақта біздің ойымызша, осының өзі проблеманың шешілуін жеткілікті түрде қамтамасыз етуге тиісті.
Жалпы алғанда, экономикалық шаралардың түпкі мақсаты жерлердің ұтымды және тиімді пайдалануын ынталандыру.
Құқықтық және экономикалық бағыттағы шаралар жерді қорғау жөніндегі техникалық шаралар құқықтық және экономикалық алғы шарттарды жасайды. Нақты техникалық шаралар арқылы бүкіл жерді қорғау жөніндегі ic-әрекеттер жүзеге асырылады. Осы мақсатпен әртүрлі шаруашылық аралық жобаларда мынандай бip қатар техникалық шаралар ескеріледі:
жаңа жерлер ауыл шаруашылық айналымға енгізілгенде экономикалық тепе-теңдіктің бұзылмауы қамтамасыз етіледі;
жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың ұтымды орналасуы мен тиімді алаптың құрамы іздестіріледі;
жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың межелері эрозияға және басқа қолайсыз құбылыстарға қарсы бағытталған талаптарға сай жүргізіледі;
суармалы алқаптарды орналастырғанда олардың тұздануы және т.с.с. теріс ықпалдарға ұшырауы ескеріледі;
шаруашылық орталықтар және басқа өндірістік объектілер экологиялық талаптар ескеріле отырып орналастырылады;
тағы да басқа көптеген осылар тәріздес және осы мақсаттағы ic-әрекеттер ескеріледі.
Бұл тек шаруашылық аралық жерге орналастыруда қамтылатын шаралар.
Сонымен жалпы алғанда, жерді қорғау - бұл ұйымдастыру шаруашылық, құқықтық, экономикалық, техникалық және басқа жерді сақтап қалуға, қалпына келтіруге, ұтымды пайдалануға, талан-тараждан қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жер әртүрлі ауыл шаруашылық емес мақсаттарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабаты бүлінуі мүмкін. Бүлінген жер - адамның өндірістік ic- әрекетінің салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан, айнала ортаға ықпал тигізетін жер учаскелері.
Жер кодексінің 170 бабында «Жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар, соның ішінде жалға алушылар топырақ құнарлығы, сондай-ақ жерің басқа да қасиеттерін қалпына келтіру мен арттыруды жүзеге асырады» делінген. Осымен қатар олар, бұл статья бойынша бүлінген жерлерді рекультивациялауға тиісті.
Рекультивация - бүлінген жерлердің биологиялық өнімділігі мен халық шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік-техникалық, мелиоративтік, агоротехниаклық және т.с.с. шаралардың кешені. Сонымен қатар рекультивацияның міндеттеріне айнала ортаның хал-ахуалын жақсарту да кіреді. Рекультивацияға карьерлер, олардың үзінділері және сондай көптеген жерлер жатады. Алғашқы қалпында келтірілген жер учаскелері ауыл шаруашылық алаптарға, ормандарға, су қоймаларына немесе демалыс зоналарына айналдырылуы мүмкін. Ондай мақсаттарға жарамсыз жерлер әртүрлі құрылыс жүргізуге пайдаланылады.
Рекультивация жөніндегі жұмыстар екі кезекте жүргізіледі:
а) техникалық рекультивация;
е) биологиялық рекультивация.
Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезек жерді тегістеуді, керекті жағдайларда химиялық мелиорацияны жүргізуді, жол, гидротехникалық және басқа инфрақұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Биологиялық рекультивацияның міндеті жердің құнарлығын қалпына келтіру. Ол үшін әртүрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар жүргізіледі. Соңғы мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, шаруашылық өнімділігін қалпына келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |