Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет2/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

1.1 Жерге орналастыруды жобалау
Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу - барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың заты болады.
Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы-таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің бүгінгі күнгі әдістерін кең қолданады (есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико-математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектикалық-материалистік әдісіне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т.б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады,сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін орналастыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.
Бірақта, тәжірибеде әртүрлі ситуациялар кездесіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделген жобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процессі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет