4.2 Жер пайдаланудың ауданын анықтау.
Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылық өндірістік қуатына және мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажетті алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:
мамандығы;
өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
жолдардың жағдайы;
- ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
- жер массивтерінің конфигурациясы;
- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы.
4.3 Жер пайдалануды орналастыру
Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда:
территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.
Бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
компакті массив ретінде;
тегіс жерлерде квадратқа немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;
бірнеше учаскеден тұрғанда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.
әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.
Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін мынандай бipқатар принциптерді нұсқау ету қажетті:
Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылық өндірістің көлеміне, мамандығына, екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;
Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылықтың мамандығына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;
Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) біртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
Жер иеленушіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті. Ауылшаруашылық жер иеленушіліктерге қандай өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |