Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет14/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер пайдаланудың кемістіктері жайында айтып беріңіз.

  2. Жер пайдаланудың кемістіктері қалай түзетіледі?

  3. Шаруа шаруашылығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?

  4. Кемістіктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?



Дәріс№6. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ЖЕР ПАЙДАЛАНУ-ЛАРДЫ ҚҰРУ

Республика территориясының басым бөлігінде ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын кәсіпорындар орналасқан. Сондықтан әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық мұқтаждықтарға қажетті жер учаскелері ауылшаруашылық мекемелерінің үлесінен бөлінеді. Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде басқа заңдық мәнге ие болады. Енді бұлар жер иеленушілік қалпынан жер пайдаланушылық статусына ауысады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі экономикалық және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер пайдаланушылықтарды құқықтық тұрғыдан рәсімдеу ic-әрекеттерін қамтиды. Демек, жерге орналастыру процесіне жобаны жасау және дәлелдеумен бipгe жер учаскесін белгі беру, соңғысының межелерін жер бетіне түcipy және жер пайдаланушыға пайдалануға құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті шешімі қабылдау жатады.


Әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттық және басқа ауылшаруашылық емес объекттерің орналасуы өндіргіш күштерді орналастыру принциптерінің негізінде халық шаруашылық салалардың экономикалық даму жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жерге орналастырудың міндеті емес. Бірақта, ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарың нақты орны, аудандары, межелері және кескін үйлесімдіктері жерге орналастыру арқылы анықталады. Бұндай жағдайда шаруашылық аралық жерге орналастыру салааралық сипатқа ие болады, өйткені жердің бip саладан екіншісіне, бip категориядан басқасына ауыстыруы орын алады.
Ауылшаруашылық емес объектілер түрлі-түрлі болады. Бұл қазып шығару және өңдеу өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, энергетика, транспортты байланыс және басқа көптеген (денсаулық сақтау, табиғат қорғау т.б.) салаларға жататын құрылыстар мен объектілер, мекемелер мен ұйымдар. Осымен қатар бұлардың жер пайдаланушылықтарының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.
Уақыт аспектісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша берілуі мүмкін.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтар жерді пайдалану ерекшеліктеріне, территория реттілігі мен қоршаған ортаға әсер етуіне қарай мынандай бірқатар түрлерге топтастыруға болады:
- қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері;

  • табиғат пен межелес территорияға зор әсер тигізетін (жер, су және атмосфералық ластануы, халықтың көшірілуі, ғимараттар мен өндірістік құрылыстардың жойылуы т.с.с.) ipi кәсіпорындарға берілген кең ауданды жер массивтері;

  • сызықтық объектілерге (жолдарға, электр жүйелеріне, құбырларға, каналдарға т.с.с.) бөлінген ұзын пішінді жер учаскелері;

  • су қоймаларының астына бөлінген ipi жер массивтері;

  • пайдалы кеңдерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер.

Жер заңдары бойынша ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларға учаске бөлініп берілгенде ауыл шаруашылықтың жерге деген приоритеті ескерілуге тиісті. Бұл принципті жүзеге асыру үшін мынандай бiр қатар шарттарды орындап отыру қажетті:
а) ауыл шаруашылығын жүpгiзyгe жарамды жерлер, бірінші кезекте, осы мақсатқа берілуге тиісті;
е) ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жер танаптарын белгі беру қажетті;
б) бұндай объектілерге ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ерекше жағдайларда Министрлер кабинетінің Қаулысы мен жер иеленушілердің кeлiciмi бойынша ғана беріледі;
в) ауылшаруашылық өндірістің шығындарын жер алған кәсіпорындар мiндeттi түрде өтеуге тиісті;
г) сонымен қатар олар берілген учаскенің топырағының құнарлы қабатын алып басқа жерлерді жақсарту мақсатымен қолдануға міндетті, ал уақытша бepiлгeн жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін бұрынғы қалпына келтіруге тиісті.
Сонымен, шаруашылық аралық жерге орналастырудың міндеті тек жер иеленушіліктер мен жер пайдалануларды тиімді түрде ысырапты жұмсауды қамтуға тиісті.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жүргізілетін шаруашылық аралық жерге орналастыру мынандай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті:

  1. Берілген учаске мақсатына сай және басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың мүдделері ескеріле отырып орналастырылады;

  2. Учаскенің ауданы, пішін кескіндігі қойылған талаптарға сай, пайдалануға ыңғайлы түрде жобаланады;

  3. Берілген жердің тиімді пайдалануы, айнала ортаның ластанбауы қамтамасыз етіледі;

  4. Ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті сақталады. Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларды құру процесі үш стадиядан тұрады.

Бірінші кезең — объектінің орны мен оған берілетін жер таңбаның ауданы жөніндегі алғашқы келісімді жасау. Жер алуға мүдделі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар тиісті органдарға (әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерге) сұрап отырған жер учаскесінің ауданы мен орны көрсетілген өтініш жазады. Осы өтініш бойынша аталған органдар шешім қабылдайды. Бұл шешімді негіз етіп жобалау институттары (ҒӨO «Гипрозем») жобалау- іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы бірінші стадия мынандай іс-әрекеттерді қамтиды:

  • дайындық жұмыстар;

  • жобаны жасау;

  • жобаны қарап, тексеру және келісу.

Жер учаскесін бөліп беру екінші стадияда жүзеге асырылады. Жоба бекітілгеннен кейін оған қосымша тағы да бip қатар құжаттар дайындалады. Бұлар: жерді рекультивациялау (пайдаланып болғаннан кейін жерді алғашқы қалпына келтіру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану) жөніндегі жобаларды жасау, аудандық әкімшіліктің жер беру туралы шешімі және т.б. Соңында бірінші стадияда жасалған жобалық ұсыныстар нақтыланып толықтырылады.
Үшінші стадия - жер пайдаланушылықты рәсімдеу. Жер учаскесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жоба (учаскенің межелері) жер бетіне түсіріледі. Жер пайдаланушыға куәлік ретінде (егерде учаске тұрақты пайдалануға берілсе) мемлекеттік акт тапсырылады..
Жалпы түрінде ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы осындай құрам бөлшектерден тұрады:
а) берілетін жер учаскесінің (жер пайдаланушылықтың) ауданын анықтау және негіздеу;
ә) берілетін учаскені орналастыру;
б) алынатын жердің алқаптық құрамы мен құндылығын анықтау және осында орналастырылатын объектінің қоршаған орта мен шектес өндірістерге теріс әсер етуін айқындап, оған қарсы шараларды белгілеу;
в) ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау және оларды өтеу жолдарын белгілеу;
г) жер иеленушілер шеккен залалдардың түрлері мен мөлшерлерін анықтап, оларды өтеу жолдарын іздестіру;
д) топырақтың құнарлы қабатын алып пайдалану жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;
е) рекультивациялау жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;
ж) берілген жерді пайдалану жөніндегі негізгі шарттарды анықтау;
з) межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру, керекті жағдайларда өндірістерін өзгерту, жұртты көшіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Енді әpбip құрам бөлшегін нақты түрде қаралық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет