Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері


Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы



бет3/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

1.2 Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы
Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи кезеңінде алдына қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады.
Жеке немесе өзіндік жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық болған мерзімде (мысалы Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы столыпиндік реформа жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері, аула, хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдікте аналитикалық тәсілмен жобалаған.
Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы ғылым ең бастысы аумақтарды бөлуге математикалық және геодезиялық тәсілдер бойынша орындауды ұсынылған, сондай-ақ жерді иелену мен пайдалану құқығын заңды рәсімдеу жолдарын көрсеткен. Революциядан кейінгі жылдары және Кеңес Одағы кезінде жерге орналастыруды жобалау революциядан бұрынғы жылдардан алынып сақталған, дегенмен жерді ұлттандыру негізінде жерді қайта қалыптастыру (1917-1921жж) жерге орналастырудың кластық және әлеуметтік мазмұны түпкілікті түрде өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі - жерге орналастыруды жобалау сол уақыттан бері әрдайым дамып отырды.
Кейбір тұғырықтық құбылыстарды өткізгеннен кейін, жер пайдаланудың қалыптасқан формаларының түпкілікті өзгерісін ескере отырып, жерге орналастыру ғылымы жер құрылымының жаңа тәсілдерін іздеуге мақсат қойған болатын. Бұл қайта қалыптасқан колхоз және совхоздардың ұйымдасқан-шаруашылық түрін бекітуге қойылған талап еді. Біртіндеп, колхоздардың шекарасын нақты мәнге шығару қарапайым тәсілінен жерге орналастыру а.ш кәсіпорындарының жерін құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.
Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды. Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерді пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу, дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т.б.жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау жұмыстарында жер өлшеу–техникалық (геодезиялық) бағытынан жерге орналастыруды жобалауда әлеуметтік-экономикалық бағыт үстем болды.
Ол енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890-1970ж.ж.) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан-құқықтық және жер өлшеу-техникалық бағытымен қарама қайшы келетіндін байқады. П.Н. Першин халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында «Аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болатындығын, оның қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталғандығын алдын ала көрген.
Ауыл шаруашылығын реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның белсенді қатысуымен қысқа мерзім ішінде (1932-1938ж.ж) «Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институты» (АҰҒЗИ) құрылды, ұлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.
АҰҒЗИ еңбектерімен жерге орналастыру мектебін құру және дамыту үшін қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық уақыт ВАСХНИЛ академик С.А.Удачин (1903-1974жж.) басқарды.
Жерге орналастырудың ғылыми түсінігі қалыптасты, оның мақсаты мен міндеті, ұйымдастырудың жалпы қағидалары, жерге орналастыру шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыру болып бөлінуі ұсынылды, шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жерге орналастырудың жалпы теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдісін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жер-бағалау жұмыстарымен, аудандық ауыл шаруашылық жоспарлаумен, келешектік жоспарлаумен, ұзақ мерзімді болжамдармен, мелиорациямен, агроорман мелиорациясымен, жол жұмыстарымен,ауыл елді мекендерді жоспарлаумен және т.б. жерге орналастырудың өзара байланысы ескеріліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет