Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет4/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

Бақылау сұрақтары:
1. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оның мәні.
2. Жерге орналастыруды жүргізу мақсаттары.
3. Жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру жобаларын атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
4. Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы.
5. Жерге орналастыруды жобалау бағытының өзгеруі.


Дәріс№2. Жобаларды жіктеу. Жерге орналастыру түрлері және түр тармақтары
2.1 Жоба алды жұмыстар.
Жерге орналастыруды жобалау жұмыстарын бастамас алдын қажетті зерттеулер мен іздестірулерді жүргізеді. Оларға: топографиялық-геодезиялық, топырақтық, топырақтық- зрозиялық, геоботаникалық, су шаруашылықтық, жол, жерге орналастыру және т.б.
Зерттеу және іздестіру материалдары және де жер кадастрлық жұмыстар жобалау барысында кең қолданылады.
Соңғы жылдары жерге орналастыру жобасынан алдын жерлерді аймақтау және облыстық, аудандық жерге орналастыру схемасын өңдеу жүргізіледі. Олардың негізгі міндеті - ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа салаларын келешекте дамыту үшін жер ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың ең тиімді бағытын анықтау. Бұндай схема келесі негізгі мәселелерді шешуден тұрады:

  • ел экономикасының салаларының келешектегі дамуына сәйкес жерлерді санаттар арасында бөліп тарату;

  • ауыл шаруашылық өнімін өндіруді жоғарлату жөніндегі ұсыныстар;

  • ауыл шаруашылық өндірісін орналастыру және мамандандыру бойынша ұсыныстар;

  • ауданда келешекте күтілетін жерге шаруашылық етудің көп түрлі формалары мен көп салалы экономиканы ескеріп тұрғындарды орналастыру және аумағын ұйымдастыру бойынша болжамдық белгілер;

  • жерді қорғау шаралары;

  • ауданда жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша белгіленген шараларды жүзеге асыру кезектілігі мен экономикалық тиімділігі.

Әсіресе, әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасы нақты өңделеді. Онда жерге орналастырудың көптеген түпкілікті мәселелері нақты шешімін табады, онда келешекте шаруашылық аралық, шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастырудың инженерлік жобаларын, сондай ақ мелиорация, ауыл елді мекенді жоспарлау, жол құрылысы және т.б. құру үшін негіз болады.
Жерге орналастыру схемасында жерді пайдалану мен елді мекендерді, өндірістік және басқа кешендерді орналастыру өзара байланысы ескеріледі.
Сонымен, кез келген жоба құрушы жоба жасамастан алдын шешетін мәселені түпкілікті салалық және кешендік схемаларда, жерге орналастыру схемасында, басқа болжамдау және жоспарлау жобалық өңдеулерде оған тікелей немесе жанама қатынасы бар болса үйренуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет