Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Адамның аталық жыныс безінің құрылысы



бет5/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Адамның аталық жыныс безінің құрылысы:

1- белоктық қабық, 2-аталық ұрық безінің бөлімі, 3-иректі аталық ұрық безінің жолы, 4-аталық ұрық безі пердесі, 5-аталық ұрық безінің жұмыртқа торымен (Геллери) түйісуі. 6-алып кетуші каналшалар, 7-қосымша бездің басы мен өзегі, 8-қосымша өзегі, 9-тұқым шығарғыш өзегі


Омыртқалылардың барлық класының өкілдерінде сперматогенез ұқсас жүретіндіктен сперматогенез процесін 4 сатыға бөліп қарастырады: 1) көбею (диплоидты перматогониялардың митоз арқылы көп ретті бөлінуі); 2) өсу (прелептотенді сперматоциттер), 3) пісіп-жетілу кезінде бөліну(мейоз); 4) спермиогенез(немесе сперматидтерден сперматозоидтардың қалыптасуы). Алайда, сперматогенез барысында жыныс клеткалардың өсуі өте əлсіз байқалатындықтан жəне овогенезге қарағанда трофикалық заттар аз жиналатындықтан, екінші кезеңді (өсу) үшінші (жетілу) кезеңмен біріктіріп, бір мейоздық кезең ретінде қарастырады. Сол себептен батыс шетел əдебиеттерінде сперма- тогенезді үш сатыға: 1) сперматоцитогенез, 2) мейоз, 3) спермиогенез деп бөледі Сүтқоректілердің əртүрлі өкілдерінің сперматогенездерін сипаттай отырып, олардың арасында айтарлықтай ұқсастық мейоздық сатыда, ал айырмашылықтары спермиогенез сатысында байқалады. Сперматогенездердің түр аралық ерекшеліктерін ескере отырып, келесідей ортақ жағдайларды бөліп қарастыруға болады:


1) Спермиялардың дамуы ұрық фолликулаларында немесе ұрық каналшаларында өтеді (9-сурет), сонымен бірге сперматогониялар каналша қабырғасының шетінде орналасып, даму барысында оның ішкі қуысына қарай ығысады. Сондықтан да əр клеткалық тип ұрық каналшасының қабырғасында белгілі бір орында орналасады;
2) сперматозоидтар синцитиальды жəне функциональдық қызметтері бойынша, байланысты клеткалар клоны түрінде дамиды;
3) сперматогенез барысында Сертоли клеткалары-соматикалық көмекші клеткалары (трофикалық, қорғаныш жəне тірек қызметін атқаратын, ұрық каналшаларының эпителий клеткалары) белсенді қатысады.
Сонымен қатар, Сертоли клеткалары ұрық клеткаларымен паракринді байланыса отырып, каналша аралық ортаны жəне сперматогенезді реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Олардың тестостеронды сперматидтерге таситын андрогенмен байланысты белокты синтездейтін қасиеті анықталған. Каналша аралық кеңістікте орналасатын соматикалық клеткалардың басқа түрі – Лейдиг клеткалары да тестостеронды синтездейді. Көбею кезеңінде сперматогониялар ирек ұрық каналшасының қабырғасының шетіне, базальды мембрана маңына, жиналады. Олар бағаналы жəне жартылай бағаналы клетка түрінде болады. Адамда клеткалардың 3 типі ажыратылады:
А типті күңгірт (А1) немесе Аd (dark –күрең); 2) А типті ашық түсті (А2), немесе Ар (раle-ашық түсті), 3) В типті. А типті күңгірт сперматогониялар – бұл резерв ретінде сақталынатын нағыз бағаналы клеткалар, клеткалық циклі өте ұзақ, митозға сирек түседі. Бұл клеткалар АЖК-нан (ППК) кіші мөлшерімен жəне сопақша ядроларымен ерекшеленеді. А типті ашық түсті (А2) сперматогониялар – жартылай бағаналы клеткалар, бұлар қысқа клеткалық циклдерден өтіп, өз кезегінде А3 типті сперматогония бастамаларын береді, ал олар А4 типті сперматогония бастамаларын, А4 типті сперматогониялар аралық спермато-гонияларды береді. Аралық сперматогониялардың бөлінуінің нəтижесінде В типті сперматогониялар пайда болады. В типті сперматогониялары митоз жолымен бөлінеді, бірақ сперматид кезеңінің соңына дейін шамамен диаметрі 1 мкм болатын цитоплазматикалық көпіршіктермен байланысып (аяқталмаған цитокинез) толығымен ажырамайды (қара:9-сурет). Осылайша А типті ашық түсті сперматогониялардың бастамасымен клеткалардың клоны қалыптаса бастайды. Синхронды пісіп жетілуі иондар мен молекулаларды оңай өткізетін клонды клеткалар көпіршелерінің байланысы арқылы қамтамасыз етіледі. В типті сперматогониялардың митоздық бөлінуінің нəтижесінде мейозға қатысатын 1-реттік сперматоциттер пайда болады.
Оогенез (грек. ōуn – жұмыртқа және ...генез) – аналық жыныс клеткасының, яғни жұмыртқаның пісіп жетілуі.
Оогенездің ұзақтығы 3 кезеңнен тұрады: көбею, өсу және пісіп жетілу. Көбею кезеңінде митоз жолымен жыныс клеткаларының - оогонилердің саны өседі. Митоз тоқтағаннан кейін оогонилер өсу кезеңіне өтеді. Өсудің алғашқы фазасында ооцит көлемі аздап ұлөайып, генетикалық материалдың әрі қарай бөлінуіне дайындық процесі жүреді. Бұдан соң ооцит ұзақтығы бірнеше жылға созылатын жай өсу кезіңіне, одан соң вителлогенез (ооциттің көлемінің бірнеше есе ұлғайып, сары уыздың жинақталуы) кезеңіне өтеді. Пісіп жетілу кезеңі хромосома санының екі есе кемуіне әкелетін 2 тізбекті бөлінуден тұрады. Диплоидты 1-реттік ооциттен тек бір ғана гаплоидты жұмыртқа-клетка пісіп жетіледі. Бірінші бөліну нәтижесінде 2-реттік ооцит және алғашқы полярлы денешіктер түзіледі. Ал екінші бөлінуде хромосома саны гаплоидты, одан әрі дамуға қабілетті жұмыртқа-клетка және 2 полярлы денешік түзіледі. Жалпы оогенез процесі 2 түрге (диффуз. және локализденген) бөлінеді. Біріншісінде оогенез процесі организмнің кез келген жерінде жүре алады. Мысалы: губкаларда және кейбір жалпақ құрттарда байқалады. Ошақтанған түрінде оогенез процесі тек белгілі бір жерде, яғни аналық безде ғана жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет