(11)
Қосымша табыстың бір бөлігі тұтынуға жұмсалып, қалған бөлігінің жинақталатынын ескерер болсақ:
(12)
Қысқа мерзімді кезеңде қолда бар табыс өссе тұтынуға орташа бейімділік (APC) азаяды, ал жинақтауға орташа бейімділік (APS) өседі. Яғни, қысқа мерзімді кезеңде үйшаруашылығының қолда бар табысы өскенде тұтыну шығындарының үлесі қысқарып, жинақтау үлесі артады. Алайда, ұзақ мерзімді кезеңде үйшаруашылығының тұтыну шығындарының шамасына ағымдағы қолда бар табыстың шамасы ғана емес, сонымен бірге өмірлік жинаған даулетінің (баспана, көлік, тұрмыстық бұйымдар және т.т.), күтілетін және тұрақты табыстарының шамалары да оң ықпал ететіндіктен тұтынуға орташа бейімділік (APC) тұрақтанады да, жинақтауға орташа бейімділік (APS) әлде қайда шапшаң қарқынмен өсетін болады.
Үйшаруашылығының табысынан тұтыну және жинақтауының серпіндерін анықтайтын негізгі факторлар: табысы; жинаған дәулеті, байлығы; экономикалық күтілісі; тұтынушылық қарыздарының шамасы; салықтық және салықтық емес төлемдерінің шамасы; елдегі баға деңгейі және т.б..
Үйшаруашылығының тұтынуға шекті бейімділігінің және жинақтауға шекті бейімділігінің шамалары эмпирикалық зерттеулер көрсеткендей, мемлекет оларды өзгерту үшін қандай да бір, соның ішінде салық салу жүйесі арқылы арнайы шаралар қолданбаса салыстырмалы түрде ұзақ мерзімді уақыт кезеңдерінде тұрақты болып қалады. Сондай-ақ, тұтынуға және жинақтауға шекті бейімділіктер көбінесе елдің дамуы деңгейіне, тұрғын халықтың «тұтыну» және «жинақтау» дәстүрлеріне тәуелді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |