Дәріс 1. ҰЛттық табыс: Өндіру, БӨлу және тұтыну игіліктер нарығындағы макроэкономикалық теңдестік. Тұтыну және жинақтау



бет2/6
Дата30.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#466151
1   2   3   4   5   6
ММТ дәріс 11

1ызба– Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың
теңдестігі және ресурстардың толық жұмысбастылығы

Кейіннен экономистер ортасында «Негізгі психологиялық заң» деп аталып кеткен, Дж. Кейнстің өзінің зерттеулеріне сүйене отырып анықтап, көрсеткен «Жиынтық нақты табыстың өсуімен бірге жиынтық тұтыну да артады, алайда оның өсу қарқыны нақты табыстың өсу қарқынынан баяу болады. Өйткені, қоғамның психологиясы солай» дейтін қағидасына сүйенер болсақ, келесідей тұжырымға келеміз: қоғам өзінің табысының тек бір бөлігін ғана тұтынатындықтан, өндірілген өнімнің белгілі бір бөлігі (тұтынылмай қалған табысқа тең шамада) сатылмай қалады және осының салдарынан кәсіпкер өндірісінің көлемін қысқартады. Осылайша, тұтынуға бейімділіктің жеткіліксіздігі, яғни табыстың толықтай тұтынылмауы салдары жиынтық сұранысты ресурстардың толық жұмысбастылығын қамтамасыз ететін деңгейінен ұдайы қалыс қалып отыруына алып келеді. Нәтижесінде, макроэкономикалық теңдестік, яғни жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдестігі ұлттық өндірістің әлуетті деңгейіне жетпейтін өнім көлемінде орын алады.


Макроэкономикалық теңдестік пен ұлттық өндірістің әлуетті көлемі арасындағы мұндай сәйкессіздіктің туындауының себептерінің бірі түрлі уәждермен (мотивпен) байланысты жүзеге асырылатын түрлі экономикалық агенттердің инвестициялау және жинақтау жоспарларының өзгешелігі. Ал, олардың уәждері алуан түрлі факторлармен анықталады.
Үйшаруашылығының жинақтау уәждері:

Кәсіпкерлік сектордың инвестициялау уәждері:

  • таза пайда нормасын максималдау;

  • нақты пайыздық мөлшерлеме және т.т.. Нақты пайыздық мөлшерлеме инвестициялық жоспар құру кезінде ескеріледі және ол инвестициялауға қажетті капиталды сатып алуға жұмсалатын төлем мөлшерін айқындайды.

Классикалық экономикалық теорияға сәйкес жинақтаудың және инвестициялаудың серпіндерін анықтайтын негізгі фактор болып пайыздық мөлшерлеме табылады. Егер, пайыздық мөлшерлеме көтерілер болса, үйшаруашылығы табысының әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбірек жинақтап, азырақ тұтынуға жұмсайтын болады. Үйшаруашылығының жинағының шамасы ұлғайған сайын, олардың несиеге сұранысы азая түседі. Мұның салдарынан несие арзандайды. Ал, несие пайызының төмендеуі, инвестицияның өсуін қамтамасыз етеді.
Кейнсиандық теорияға сәйкес жинақтаудың және инвестициялаудың серпіндерін анықтайтын негізгі фактор болып пайыздық мөлшерлеме емес, үйшаруашылығының қолда бар табысы табылады. Үйшаруашылығы қолда бар табысын өзінің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайды және қалған бөлігін жинақтайды. Тұтыну мен жинақтауға пайыздық мөлшерлеменің әсері табыс әсеріне қарағанда әлсіздеу болады. Бірақ, инвестициялаудың серпіні бірінші кезекте пайыздық мөлшерлеменің шамасымен анықталады. Ол Кейнстік теорияның тұтыну, жинақтау және инвестициялау функцияларында нақты көрініс тапқан.
Енді тұтыну, жинақтау және инвестициялау функцияларында жеке-жеке тоқталайық.
Тұтыну – үйшаруашылығының белгілі бір уақыт кезеңіндегі түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындарының жиынтығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет