5.5-сызба – Жинақтау функциясының қисығы (мысал бойынша)
Жинақтау – тұтынылмай қалған табыстың жиынтық шамасы.
Жинақтаудың қарапайым функциясы:
(6)
мұндағы, S – үйшаруашылығы секторының жинағының шамасы;
(1 – b) – жинақтауға шекті бейімділік.
Енді жинақтаудың қарапайым функциясын келесі түрде бейнелейміз:
(7)
Жинақтау қисығы нақты тұтынудың табысты толық тұтыну қисығынан (биссектрисадан) ауытқу шамасы арқылы анықталады (5.6-сызба).
Жинақтауға орташа бейімділік (average propensity to save – APS) – қолда бар табыс шамасының бір бірлікке өзгеруінен жинақтаудың қосымша өзгеруінің шамасы.
(8)
Жинақтауға шекті бейімділік (marginal propensity to save – MPS) – қолда бар табыстың өзгеруінен жинақтың қосымша өзгерісінің шамасы. MPS-тің шамасы жинақтау қисығының бұрыштық көлбеулілігінің сандық мәніне тең болады (5.7-сызба).
(9)
мұндағы, Δ S – жинақтың өзгеруі шамасы.
7-сызба – Жинақтауға шекті бейімділік қисығы
Эмприкалық зерттеулер көрсеткендей, тұтынуға шекті бейімділік және жинақтауға шекті бейімділік қысқа мерзімді кезеңде өзгермейді және ұзақ мерзімді кезеңде де көбіне өзгеріссіз қалады. Сондықтан, біз бұдан былай MPC пен MPS-тің шамаларын ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты деп ұйғарамыз.
Егер, қосымша табыс толық тұтынылса MPC = 1, ал еш тұтынылмаса, яғни толық жинақтауға жұмсалса MPC = 0 болады. Керісінше, қосымша табыс толық жинақталса MPS = 1, ал жинақталмаса, яғни толық тұтынылса MPS = 0 болады. Бұл олардың мәндері 0-мен 1-дің арасында болатынын білдіреді:
(10)
Достарыңызбен бөлісу: |