Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский)



бет45/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
5.Лекциялық кешен

1. Seseli buchtormense (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
Көпжылдық, кіндік тамырлы, сабағы жуан, жапырақтары тегіс, жалаңаш. Тамыр мойнындағы жапырақтары онша ұзын емес, үш қырлы сағақтары бар.
Негізінен ашық тасты жоталарда және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс ормандарының белдеулерінде таралған.
Алматы облысында жүргізген зерттеу жұмыстары (Кукенов және т.б., 1990) эфир майы бұл өсімдіктің барлық мүшелерінде болатындығын көрсетті. Оның мөлшері өсімдік фазасына, өскен ортасына байланысты екендігі анықталды. Алматы облысында өсетін өсімдіктердегі эфир майының мөлшері 0,71 мл шамасында екендігін көрсетті.
Бұл өсімдіктің популяциялары Батыс және Шығыс Сібірде, Монғолияда көбірек кездеседі.
2. Ferula akitscҺkensis (ақышкен сасыр - ферула акичкенская).
Көпжылдық. Тамыры жуан, өлген жапырақтардың талшықтарымен қапталған. Сабақтары - 1-2 жапырақтары күлгін-жасыл, тамыр мойнындағылары ұзын сағақты, сабақтағылары қынапшалы.
Таудың төменгі белдеулерінде, шөптесін баурайында көбірек таралған. Негізінен Ілe Алатауы, Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатауында астықтұқымдасты әртүрлі шөпті және жусанды-қаулы ассоциацияларда жиірек кездеседі.
Іле Алатауының Медеу шатқалынан жиналған ақышкен сасырда эфир майы мөлшері 2-2,3% шамасында болған. Эфир майының медицинада қолданылатын қосымша бұл өсімдік мал азықтық өсімдік ретінде пайдаланылады.
3. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
Көпжылдық. Тамыры ұршық тәрізді, сабағы дара жұмыр, түкті.
Ылғал жерлерде, өзен аңғарларында және бойында, негізінен Алтайда, Тарбағатайда таралған. Эфир майы тамырларында жер бетіндегі массаларында және аз да болса жемістерінде болады. Гүлдеу фазасында шатырларында және жемістерінде шамамен 0,780 (мл/100гр құрғақ массаларында) болады.
Бұл дәрілік өсімдік тамырлары биологиялық белсенділігімен ерекшеленеді.
Lamiaceae (ерінгүлділер – губоцветные):
l. Nepeta sibirica - (Сібір көкжалбызы - котовник сибирский).
2. Nepeta pannonica - (мадияр көкжалбызы - котовник венгерский).
3. Nepeta mariae - (Мария көкжалбызы - котовник Марии).
4. Salvia sclarea - (мускат шалфейі - шалфей мускатный).
5. Hyssopus ambiguus - (күмәнді сайсағыз - иссоп сомнительный).
6. Hyssopus macranthus - (ірігулді сайсағыз - иссоп крупноцветный)
7. Thymus marchallianus - (Маршалл жебірі - тимьян маршаллиевский).
8. Thymus mongolicus - (монғол жебірі - тимьян монгольский).
9. Thymus sibiricus - (Сібір жебірі - тимьян сибирский).
10. Thymus altaicus - (Алтай жебірі - тимьян алтайский).
11. Mentha arvensis - (дала жалбызы - мята полевая).
12. Mentha spicata - (мята курчавая) (+).
13. Mentha longifolia - (нарпос жалбызы - м. длинолистая).
14. Schizonepeta annua - (біржылдық схизонепета –схизонепета однолетняя).
15. Schizonepeta multifida - (жырық схизонепета -схизонепета многонадрезная).
Енді осы жоғарыда келтірілген 15 ерінгүлділер тұқымдасының өкілдері ішінен әр туыстан бір-бір түрге қысқаша тоқталып өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет