Дәріс №1 Тақырыбы



бет4/8
Дата10.05.2023
өлшемі35.97 Kb.
#473469
1   2   3   4   5   6   7   8
№2 Дәріс ЛЗӘ

Негізгі ұғымдар
Корреспонденция(лат. correspondero – жауап беру, сәйкес келу) – тек қана айтылуы бойынша (нан – жейтін зат, nun – монашка) немесе тек қана мағынасы бойынша сәйкес келу (қаз.нан – bread – ағылшынша нан деген сөз.) немесе айтылуы да, мағынасы да сәйкес келу (қаз. лаборант – орыс. лаборант ).
Изоморфизм(гр. іsos – бірдей, ұқсас, тәрізді) салыстырылып отырған тілдердегі корреспонденттеліп отырған элементтердің ұқсасатығы. Бұл элементтер табиғатына қарай изофон (ұқсас дыбыстар), изоглос (мағынасына қарай ұқсаса сөздер: қаз. зайып, әйел, жар = орыс. жена = ағыл. wife = нем. Weib) және изотаксема (ұқсас синтаксистік конструкция: орыс. я читаю книгу – ағыл. I read a book) болып бөлінеді.
Салыстыру әдісінің негізгі кемшіліктері – біріншіден, әлем тілдеріндегі тек қана ұқсастықтарды табу, ал өте маңызды айырмашалықтар көбінесе назардан тыс қалады. Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдіс тілдердің қазіргі күйіне, олардың құрылымдық, жүйелік сипатын айқындауға жете мән бермейді.
Тілді зерттеу тәсілдері
Ғылымның дамуында зерттеу тәсілінің қандай рөл атқаратыны белгілі. Тәсіл – зерттеу объектісінің теориялық тиянақтылығы. Қолданған тәсіліне қарай зерттеу жұмысы нағыз ғылыми және мақсатты сипат алады. Зерттеудің әдістері мен тәсілдерін таңдау – зерттеу жұмысының тақырыбына, зерттеушінің алдына қойған мақсат-міндеттеріне байланысты болады.
Тәсіл – зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік тәсіл. Зерттеуші ғалым өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін белгілі бір зерттеу әдісін, немесе әдістерін таңдап алады. Содан кейін қажетті материалды жинап алғаннан кейін оны сұрыптап, жүйеге келтірудің амал-тәсілдерін іздестіреді. Осындай зерттеудің амалдары мен жолдары зерттеудің тәсілі болып табылады. Тәсіл әдістен туындайды. Ол – зерттеушінің мақсатына жету үшін қолданған құралы. Тәсіл мен әдіс бір бірімен тығыз байланысты.
Сонымен, лингвистикалық әдіснаманың (ұстаным → әдіс → тәсіл) бөлімдері арасында белгілі бір байланыс бар: әдіс танымның жалпы ғылыми ұстанымдарынан келіп шығады және жұмыстың тәжірибелік тәсілдерінің жиынтығында фактілер негізінде қарастыруда іске асады.
Ғылымда зерттеудің төмендегідей тәсілдері бар:
Бақылау тәсілі
Бақылау тәсілі – ғылымның кез келген саласында қолданылатын өте кең тараған тәсіл. Бақылай білмейінше қажетті деректерді, материалды дұрыс жинап, топтау мүмкін емес. Бақылау – қажетті материалды, деректі дұрыс танып, таңдай білудің жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет