Дәріс №1Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет25/46
Дата21.07.2023
өлшемі0.94 Mb.
#475772
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
дене шынықтыру әдістемелік

Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.
2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 30
Тақырыбы: Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісі
Мақсаты: Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісін үйрету, меңгерту.
Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісі шабуылдап соғу үшін допты барынша тәсілденген шебер ойыншыға беру үшін пайдаланылады. Немесе қарсы жақтың доптың берілу бағытынан жаңылдыру мақсатында қолданылады.
С уретте бұл әдістің қалай орындалатыны көрсетілген. Бастапқы қалыпта оқушы қолын алға-жоғары қарай доп бергендегіден биігірек, төбесіне ұстайды. Доптың берілуін нақтылы бақылау үшін бас кейін қарай шалқая түседі. Қол мен жауырын кері қарай ығысып аяқ нық тұрады. (көбіне аяқтың бірі-сол аяқ алда). Доп беру жауырынды кері-жоғары серпу, сондай-ақ қолды иық тұсынан (шынтақты бүкпей) кері айналдыру есебінен жүзеге асырылады. Допты бұлайша беру кезінде торға бір бүйірлей тұру қажет, әйтпесе доп торға не жетпей қалады немесе асып кетеді.
Допты негізгі бағытқа теріс қарап тұрып беру тәсіліне үйреткен кезде жаттығулар тура қарап тұрғандағыдай орындалады, бірақ оның өзіндік ерекшелігі ескеріледі.


  1. Үш адам болып орындайды.(3 сурет). Бірінші ойыншы 2-ге, ол 3-ге арқасып беріп тұрып бітеу допты лақтырады, сонсоң 3- ойыншыға бетімен бұрылады да допты кері бағытта: 3- ойыншы екіншіге, 2-ойыншы – 1 ойыншыға т.б. береді.

  2. Бұл жаттығуды жұптасып орындайды. Допты төбеге секіріп лақтырып, 180 °-бұрылып қағып алу, одан қарсыласына арқасымен тұрып доп лақтыру.

  3. Іліп қойған допты беру.

  4. Жұптасып орындайды. 1-ойыншы 2-ге арқасын беріп тұрып допты төбесінен асыра лақтырады. 2-ойыншы допты қағып алып оған арқасын беріп бұрылады да допты төбесінен асыра лақтырып, қайта береді. Жаттығуды орындау жалғаса береді.

  5. 2-жаттығу қайталанады., бірақ волейбол добыменорындалады. 2-ойыншы допты негізгі бағытқа арқасын беріп тұрып лақтырады.

  6. Бұрын үйретілген –топталып доп беру әдістерінен құрастырылған жаттығулар.

  7. 6-жаттығу қайталанады. Бірақ арқасын беріп тұрып доп берген соң, мысалы, 2-аймақтан допты тор арқылы секіріп беру.

Ойын барысында сәтсіз қабылдаудан, басқа жағдайлардан доп кейде торға соғылады. Егер ол үшінші рет қабылданған болса, әрине ойын ережесі бұзылады.
Егер доп бірінші (допты алғашқы қабылдау) не екінші қабылдау болса, онда жағдайды әлі де түзетуге мүмкіндік бар. Екінші қабылдаудан кейін үшінші рет қабылдаудың өзіндік ерекшелігі бар екенін ұмытпаған жөн. Доп екінші рет қабылданғанда мүмкіндігінше жоғары көтеру жеткілікті, ал үшінші рет алынатын болса, оны қалай да тор арқылы өткізіп, қарсы жақтың осалдау тұсына беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет