Қолданылған әдебиеттер:
1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.
2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.
3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
№ 1 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Волебол сабағындағы арнаулы жаттығулар.
Мақсаты: Волейбол ойынына тән дене қабілетін дамыту.
Жұмыс барысы:
Волейбол сабағында жалпы дамыту жаттығуларын орындағаннан кейін арнаулы дайындық жаттығулары өткізіледі. Оған қозғалыс реакциясының жылдамдығымен бағдарлай білу, тез орын алмастыру, секіргіштік, қол буындарының күші мен ептілігі, статистикалық қалыптан қозғалысқа көшудің жеделдігі сияқты қасиеттер жатады.
Арнаулы дайындық жаттығуларын өткізудің мақсаты- ойынның айла-тәсілдерін дағдыландыру, яғни шабуыл және қорғаныстағы әдістерді жетілдіру. Жеңістің кілті болып есептелетін допты шабуылдап ойынға қосудан, оны өзара беруден, шабуылдай соғудан тұратыны белгілі. Егер ойыншылар түрлі әдістерді жақсы игерген болса, ойын да барынша қызықты болмақ.
Волейболшылар допты ойынға берудің бірнеше түрін (тура, жанама, астынан) игереді.Допты шабуылдап ойынға қосқанда әртүрлі әдіспен беру қарсы жақтың ойынын қиындата түседі. Алайда допты берудің мұндай тәсілдерін игеру үшін иық, шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Өзара беру, шабуылдай соғуда допты қатты ұшыру үшін қолды сілтегенде иық, шынтақ буындары бос болады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секіре білумен қатар координация, кеңістікте бағдарлау, т.б. қасиеттерге дағдылануына байланысты. Ал мұның өзі дененің қозғалыстық қабілетін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау арқасында іске асады. Қорғаныс кезінде алаңдағы, яғни доп түсетін орынды білу-ойыншының ерекше қасиеттері. Доп төмен және шапшаң берілсе, жағдайды шапшаң бағдарлау, тез қозғалып допты ұмтылып, немесе айналып барып қабылдау- жеңіс бастамасы. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осында керек. Арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол ойынының айла-тәсілдерін үйренуде негізгі роль ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |