Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар


Дәріс. Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері. Қарт адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс



бет10/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

Дәріс. Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері. Қарт адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс
Халықтың қартаюы бірқатар экономикалық және әлеуметтік-медициналық салдарға алып келеді. Қазіргі уақытта көптеген елдерде медициналық-санитарлық көмек жүйесінің қарауындағы барлық бюджеттік құралдардың шамамен алғанда жартысы қарт адамдарға медициналық қызмет көрсетуге жаратылады.
Қарт адамдарға ерекше әлеуметтік-медициналық мәселелер тән, олар: денсаулық жағдайы мен оны толық қалпына келтірудің мүмкін еместігі, материалды қамтамасыздандырудың жеткіліксіздігі және оны жоғарылатуға жағдайдың жоқтығы, жалғыздық пен қарым-қатынастың аздығы және т.б.
Қарт адамдардың жалпы белсенділігінің маңызын ерекше атап кетуге болады. Пассивті өмір салтын ұстанатын зейнеткерлерге қарағанда рационалды өмір салтын ұстанатын зейнеткерлердің физикалық, әсіресе әлеуметтік белсенділігі және бейімделу деңгейі аса жоғары.

Қарт адамдарды өмірдің барлық өзгерістеріне дайындап отыру керек, себебі олар басына түскен барлық мәселелермен күресе алмайды және жаңа жағдайға тез бейімделе алмайды. Осыған байланысты, зейнеткерлікке дейінгі жастағы және зейнеткер қарт адамдарды психоәлеуметтік жағынан қолдайтын арнайы ұйым қажет. Сонымен қатар, психоәлеуметтік жұмыс бейімделудің факторы болып табылатын тұлғалық ерекшеліктерге сүйене алады.


Еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта бейімделуі төмен деңгейдегі қарт адамдар тобымен дезадаптацияның алдын алу бойынша жұмыс жасау қажет.
Психопрофилактикалық жұмыс екі кезең бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:
· зейнеткерлікке шығуға дайындық;
· еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта қарт адамдармен жұмыс.
Әр кезеңде оларды жүзеге асырудың өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар.
Әлеуметтік-медициналық жұмыс маманының дезадаптациялы қарт адамдармен өзара әрекеттесу үрдісі индивидуалды және топтық формада ұйымдастырыла алады. Психопрофилактикалық жұмыстың бағдарламасын құру барысында қарт адамдардың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі сәтті бейімделіп кетуін қамтамасыз ететін қарт адамдардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды. Осы ерекшеліктерді талдау негізінде жұмыстың келесі блоктарын бөліп қарастыруға болады:
· еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта бейімделуі төмен деңгейлі қарт адамдар көп жағдайда өздеріне көңілдері толмай жатады, сондықтан өзін адекватты бағалауды қалыптастыру бойынша жұмыс жасалынады;
· бейімделу деңгейі төмен адамдар өмірлеріндегі көптеген құбылыстарды әр түрлі жағдай мен басқа адамдардың әсерінің нәтижесі деп түсінеді, сондықтан мұнда интерналды бақылауды қалыптастыру бойынша жұмыс жасалынады. Бұл жерде қарт адамдар олардың өмірінде болып жатқан құбылыстар үшін өздеріне жауапкершіліктің бір үлесін алулары керектігін, көптеген жағдай солардың өздеріне байланысты екенін түсінуі керек;
· еңбек әрекетінің аяқталуына байланысты кейбір қарт адамдарда «қоғамға керексіздік» сезімі, «әрі қарай өмір сүрудің маңызы жоқ» сезімдері пайда болады. Сондықтан, жұмыс істемейтін зейнеткерлердің әлеуметтік белсенділіктерін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізіледі.
Үлкен жастағы тұлғалардың денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік-медициналық сипаттағы іс-шаралар кешенінде ерекше орынды әлеуметтік-медициналық көмек ұсынатын стационарлық мекемелер мен әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін ауруханалық емес формадағы мекемелер алады.
Үлкен жастағы тұлғаларға стационарлық әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін мекемелерге денсаулық сақтау жүйесінің стационарлық мекемелерін, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің стационарлық мекемелерін жатқызамыз:
· гериатриялық аурухана;
· ұзақ мерзімге қалуға болатын гериатриялық бөлімше;
· учаскелік ауруханалар негізіндегі әлеуметтік-медициналық бөлімшелер;
· соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдар;
· интернат үйлері;
· мейіркештік қарау үйі (бөлімшесі);
· хоспис;
· гериатриялық орталық.
Жалпы соматикалық интернат үйінің әлеуметтік-медициналық жұмыс үлгісін қарастырайық. Интернат үйіне түсуші әрбір адам алғашқы екі аптада әлеуметтік бейімделу бөлімшесінде болады, онда әртүрлі мамандар (гериатр-дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер, валеолог, невропатолог, реабилитолог) денсаулық резервтерін және әрбір осы мекемеге түсушінің жеке ерекшеліктерін зерттейді. Содан соң денсаулық жағдайына байланысты қарт адам әлеуметтік-еңбектік оңалту (егер еңбекке жарамды болса) бөлімшесіне, әлеуметтік-медициналық оңалту бөлімшесіне (егер физикалық еңбекпен айналыса алмаса) немесе қайырымдылық бөлімшелеріне (егер өз-өзіне қызмет ете алмаса) жіберіледі.
Өз кезегінде, мейірбикештік қарау үйінің (бөлімшесінің) негізгі міндеті болып созылмалы аурулары бар егде және қарт жастағы адамдарға әлеуметтік-медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылату болып табылады.
Мейірбикештік қарау үйі (бөлімшесі) келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
· кәсіби медициналық қамқорлық және қарт және ауру адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету;
· дәрігерлік нұсқаулар мен процедураларды уақытымен орындау;
· ауру мен қарт адамдарды еңбек терапиясы элементтері арқылы медициналық оңалту;
· ауру және қарт адамдардың жағдайларын динамикалық бақылау;
· созылмалы аурулардың асқынуларын дер кезінде диагностикалау;
· келісімде бекітілген және денсаулық сақтау органдарымен бекітілген мерзім бойынша ауру адамдарды өз уақытында шығаруын ұйымдастыру;
· жалғызбасты қарт азаматтарды интернат үйлеріне орналастыру.

Мейірбикештік қарау үйі (бөлімшесі) келесідей қызметтерді қамтамасыз етеді:


· алғашқы шұғыл көмек;
· қарт және ауру адамдардың созылмалы ауруларының нашарлауына немесе асқынуына байланысты сәйкесінше емдеу-профилактикалық мекемелерге ауыстыру;
· денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға жатқызылған тұлғаларды кезеңдетілген дәрігерлік қарауды ұйымдастыру (аптасына 1 реттен аз болмауы керек);
· созылмалы ауруы бар адамдарға дәрігерлердің ұсынысы бойынша кеңестік көмек;
· психологиялық көмек пен адекватты симптоматикалық терапия;
· тамақтану, соның ішінде дәрігерлік ұсыныстарға сәйкес диета;
Жалпы соматикалық профиль бойынша мейірбикештік қарау үйіне бағыттауға қарсы көрсетулер: туберкулездың белсенді формалары, өткір инфекциялық және психикалық аурулар.
Ауру адамдарды терминалды кезеңде симптомикалық емдеу үшін, оларға кәсіби қарауды ұйымдастыру, ауру адамдарға және олардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін қайырымдылық медициналық мекемелер – хоспистер құрылады. Хоспистің міндеттері:
· қайрымдылық медицина – инкурабельді ауру (емделмейтін аурулар) адамдарға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін қалыптастыру;
· терминалды стадиядағы ауру адамдарға стационарлы медициналық көмектің және оларға үйге медициналық көмек көрсетудің жақсартылуын ұйымдастыру;
· терминалды кезеңдегі ауру адамдарға симптомикалық емдеу жүргізу, оларға психотерапевтік және дәстүрлі әдістерді қолдана отырып, кәсіби қарауды ұйымдастыру;
· ауруды сездірмейтін терапияларды қажеттілігіне қарай таңдау және жүргізу;
· ауру адамдар мен олардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оларға аса ауру адамдарға қарау дағдыларын үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет