Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар


Дәріс 2. Денсаулық сақтау адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде



бет2/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

Дәріс 2. Денсаулық сақтау адами қоғамның әлеуметтік жүйесі ретінде
Әлеуметтік медицинаның шығу тарихын әдетте дін, жазушылық саласындағы ғана емес, сонымен қатар медицина саласындағы реформатор – Эхнатон – Аменхотеп IV (б.э.д. 1368-1351) есімімен байланыстырады. Ол зұлматпен (мракобестік) аяусыз күрескен; бақсы, балгер, тәуіптердің ем-доммен айналысқандары үшін олардың соңдарына қатал түскен болатын. Эхнатон дәрігерлерді абыз деңгейіне дейін көтеріп, оларды пір тұтатын. Халықаралық медициналық белгі – кубокка шырмалған жылан. Бұл белгі Эхнатонның реформасы кезінде патша (патшаның тәжінде де жыланның белгісі болатын) мен дәрігердің қоғамдағы теңдігінің куәсі ретінде пайда болды. Археологтардың тапқан дәрі дайындау рецепттері, хирургиялық операция жоспары мен әр түрлі дене және жан дерттерінің симптомдық сипаттамалары әлі де ескірген жоқ. Эхнатонның кезінде дәрігердің әлеуметтік маңызы жоғарылап, отандастарының денсаулығы мен тағдырына жауапты болды. Қоғамдық денсаулық Эхнатонның кезінде мемлекеттік құндылық болып саналды. Тылсым мағынадан аулақ «денсаулық» және «ауру» ұғымдары қалыптасты.
Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде.
Әдетте Гиппократтың есімімен (б.э.д. 460— 370) 4 зат байланыстырылады: 1) Гиппократтың анты, 2) Гиппократтың бетпердесі, маскасы (жүрек-өкпе жетіспеушілігіндегі адамның түр әлпеті), 3) Гиппократтың бас-киімі (бас сүйегі зақымданғанда тағылатын таңғыш), 4) Гиппократтың темпераменттері (сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик). Гиппократ ішімдікке салыну, наркотизм сияқты адамдардың ақауларымен белсенді күрескендіктен – оны әлеуметтік медицинаның әкесі деп атайды.
Гиппократ бір Құдайға табынды – Асклеп (римдік Эскулап). Осыдан барып дәрігерлерді асклепиидтер (эскулаптар) деп атап кеткен. Гиппократ өте қызық уақытта өмір сүрді. Оның өмір сүрген уақыты біздің өмірімізге ұқсас болып келеді. Спарта жеңіс тапқан Пелопоннес соғысы басталған кезде Гиппократ 30 жаста еді. Оның қызметінің белсенді кезеңі Лакедемонның гүлденуімен тұспа-тұс келеді. Гиппократ 90 жасында қайтыс болады және артынша Фивамен соғыста Спарта жеңіліс тауып, ұлылығы таяды. Ол Спартада ешқашан болмаған. Бірақ Лакедемонның әсіресе қоғамдық денсаулыққа байланысты мемлекеттік тәжірибесі, Спартадағы дәрігердің екіұшты – ұлылығы және қауіпті жағдайы Гиппократты қатты қызықтырып, ол соны тиянақты зерттеді....Гиппократтың екі қарама-қарсы жақтан қарсыластары болды. Бірінші қарсы жақ: көне Египеттен, мұнда дәрігерлер Осирис – өлім құдайының қызметшісі болып қала берді. Екінші жақ: күшті, құдіретті Спарта, мұнда ауру кемтарлық сияқты ұят нәрсе болып есептелетін. Біз де спартандық мемлекет пен халық денсаулығын жақсарту тәжірибесіне толығырақ тоқталайық.
Гиппократ айта кету керек, халықтық мәдени дәстүрден шыққан екі сұмдық әлеуметтік ақаулармен тайынбай күрес жүргізгендіктен де оны әлеуметтік медицинаның әкесі деп толық түрде айтуға болады. Ол екі құдіретті Құдай – Аполлон мен Диониске (және оның ең жақын досы Вакхаға) соғыс жариялады. Грецияның көп бөлігі табынатын Аполлонның ғибадаты пайдалы дене шынықтыру мен спортты мағынасыз, пайдасыз тек бұлшық ет өсіруге ғана бағытталды. Ол физикалық жаттығулар емес, арнайы шөптерден жасалған тұнбалар мен малдың ішек-қарын сығындыларын, яғни қазіргі анаболиктердің баламасын қолдану нәтижесінде жүзеге асырылды. Міне, осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін жетіп отырған, ешнәрсеге негізделмеген «Дені сау тәнде – дені сау рух» ұраны тасталған болатын.
Грек жастарының басқа бөлігі кері шекке шықты. Құдайлары етіп Дионис пен Вакханы таңдаған олар вакханалияға беріліп, яғни ішімдікке салынып, наркотикалық шөптерді пайдаланып және бей-берекет жыныстық қатынастарға түсу арқылы өз жастық шақтары мен денсаулықтарын құртты. Гиппократ осы әлеуметтік апаттардың жолын бөгеуші бірінші дәрігерлердің бірі болды. Қазіргі кезде біздің өркениетті елімізде осы Аполлон, Дионис және Вакхалардың ізбасарлары жетіп артылады.

Гиппократтан екі ұрпақ кейін туылған оның апологеті (жақтаушысы, жалғастырушысы) Асклепиад ұстазының кейбір медициналық-әлеуметтік көзқарастарының спартандық қатаңдығының жұмсартуға тырысты. Гиппократтың уағыздарын ол «емдеу – сенімді, тез және жағымды» деп толықтырды. Бірақ бұл уағыз-өсиет Гиппократтан кейін өмір сүрген барлық уақыттар мен халықтар дәрігерлерінің антына кіріктірілмеді. Айтпақшы, оның осы антқа авторлығын көптеген ғалымдар жоққа шығарып жүр.


Гиппократ қайтыс болған жылы Аристотельдің досы, жалғастырушысы, перипатетикалық мектептің танымал өкілі – Теофрат дүниеге келді. Біз оның дайындаған 30 мінездемелік түрлеріне (гиппократтық темпераментердің және адамның этосы туралы түсініктер негізінде) қызығушылық танытамыз. «Этос» – (грек тілінен – дәстүр, мінез) – жеке мінездің тұрақты (туа біткен) сипаттарының жиынтығы. Ежелгі гректердің өзі «мінез – адамның тағдыры» деп түсінген. Теофраст сипаттаған барлық «мінездер» нормадан ауытқушы іс-әрекетке бейім адамдарға тән. Осылайша, Теофраст бүгінгі медицинаға да өте маңызды мәселе – девиантты және делинквентті іс-әрекет мәселесін көтерген болатын. Кейін Теофрасттың еліктеушілері көбейе түсті. Осы «адамгершілік мінез» ұғымы оған әлемдік атақ алып берген болатын. Тіпті Аристотельдің өзі шәкіртінің бұл ісіне бей-жай қарай алмады. «Этос» ұғымға сүйене отырып, ол философиялық білімнің жаңа саласы – этиканы жасады.
«Спартандық қайырымдылық» қазіргі кезеңде «спартандық өмір салты» ұғымынан сирек қолданылады. Бірақ галлалардың Еуропаны жаулап алу кезінде, II Фридрихтің басқаруы, тіпті гитлерлік Германия кезеңінде «спартандық қайырымдылық» дәрігерлердің кәсіби іс-әрекетіндегі басты қағидасы болатын.
Спарта дәрігерлері сол кездегі оның негізін қалаушы Ликург кезеңінен бастап ең құрметті каста болып саналды. Олар эфорларға, кем дегенде герусийлерге жатқызылды, яғни жоғарғы мемлекеттік шенеуніктер болды. Алғашында герусийлер кеңесі – ауру адамды, жаңа туған нәрестені, оның ата-аналарын (әлсіз немесе шала туылған бала туылғанда), қарт адамдарды тірі қалдыра ма қалдырмай ма немесе олардың өлуіне «көмектесе ме» деген сияқты мәселелерде шешім қабылдайтын. Өйткені Спартада адам ауру болғанша өлі болғаны дұрыс деп табылатын. Спартандықтар жарым адамдарды жардан лақтырып жіберетіндігі туралы бәрімізге аян. Герусийлердің бұл шешімін эфорлар бекітеді – соңғы саты патшалардан да жоғары тұрады. Мұнда ешкімнің әлеуметтік жағдайы ескерілмейді: құзға ауру соңғы илот та, ауру патша да тасталады. Бұның өзі Спарта дәрігерлерінің ауру, әлсіз адамдарға деген «спартандық қайырымдылығы». Алға көз жүгіртіп айтатын болсақ, бүгінгі күнде барлық дамыған елдерде тартысқа түсіп жүрген эвтаназия – сол, Спартадан!

«Асклепий өлімнен мықты» деп ұрандаған Гиппократ, осылайша өз қарсыластарына жауап қатқан болатын. Айтпақшы, «дәрігер пациент өмірі үшін соңына дейін, өлімнің биологиялық белгілері – мәйіттің дақтары шықпайынша күресу керек» дегенді де Гиппократпен байланыстырамыз. «Өмірмен байланысы жоқ аурулар» ұғымын Гиппократ қабылдай алмады, сонымен қоса ол спартандық дәрігерлерден бойын аулақ ұстады. Спартандық дәрігерлердің тәжірибесінен ол салауатты өмір салтын насихаттауды қабылдап, салауатты өмір салтының барлық ережелерін (тамақ мен жыныстық қатынастардағы ұстамдылық, күнделікті дене жаттығулары, күнделікті оқыл-ой жүктемесі, алкоголь мен есірткі заттарды қолданудан бас тарту, көңілді билер билеу және т.б.) ұстануды талап етті. Өз өмірінде Гиппократ осы қағидаларды ұстанды, ал бұл ережелерді орындамаған дәрігерлерге: «Сен адамдардың өмірі үшін жауаптысың, ал өзіңнің өмір сүру салтыңның түрі мынау», - деп ренішін білдірген болатын.





Қай мемлекетте болмасын әлеуметтік-медициналық жұмыс сол мемлекеттің тарихи жағдайларын есепке ала отырып қалыптасады. Қарастыратын мәселелерінің ұқсастықтары мен пен біртиптілігіне қарамастан, олардың әдістерінде, жолдарында және ұйымдық рәсімдеуінде өзіндік ерекшеліктері бар. Әртүрлі мемлекеттердегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың мазмұнын салыстырмалы түрде талдау – осы қызметтің теориясы мен тәжірибесін одан әрі байыта түсетіндігін барлығын білеміз.
Мысалы, АҚШ-та әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты ерекшелігі орталықсыздандыру (децентрализация) болып табылады. Бұл әртүрлі әлеуметтік-медициналық бағдарламалардың федералды, штаттық және жергілікті сияқты әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылуы арқылы көрінеді. Мемлекеттік сақтандыру жүйесі екі түрлі формада болатын – ұжымдық және индивидуалды жеке сақтандыру жүйелерімен толықтырылады. Соңғы жылдары интернат-үйлерінде, күндізгі ауруханада, сауықтыру курстарындағы, стационарлы және диспансерлік қызметтердің үйлесімділігі сияқты қызмет түрлері кеңінен қолданылуда. Әсіресе, қарт және мүгедек адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетуге ерекше назар аударылуда. Үйге тамақ әкеліп беру, шомылдыру, шаш қырқу, кір жуу және іш-киім ауыстыру, нұсқаушының көмегі арқылы гимнастика жасату сияқты қызмет түрлері көрсетілуде.

Канадада әлеуметтік-медициналық жұмыс жүйесі адамдардың өз еркімен көмек көрсетуіне негізделеді. Дегенмен, ол мемлекетпен де басқарылып отырады. Заңды түрде белгіленген әлеуметтік-медициналық қызметтер тұрғындардың келесі категорияларына көрсетіледі, олар: қарт адамдар; жұмыссыздар; ата-аналары тастап кеткен балалар; зорлық зомбылыққа ұшырағандар; эмоционалдық және психологиялық қиындыққа шалдыққан балалар; физикалық және ақыл-ойы кем балалар; заңға қарсы келетін жасөспірімдер; эмоционалдық мәселелері бар жасөспірімдер; маскүнемдікке салынған немесе есірткі қабылдауға бейім жасөспірімдер.


РЕКЛАМА
Яндекс.Директ
Канаданың денсаулық сақтау жүйесін мемлекет қаржыландырады және медициналық сақтандыру карточкасы бар әрбір мемлекет азаматы тегін медициналық қызметке жүгіне алады. Сонымен қатар, әрбір жұмыс істейтін азаматқа айлықпен бірге сақтандыру өтемақы пакеті ұсынылады, ол өз кезегінде тіс емдеу, окулист және т.б. қызметтердің басым бөлігін жауып отырады.
Англия аймақтық принципке байланысты оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Негізінен әлеуметтік-медициналық жұмыс солтүстік аймаққа бағытталған, себебі бұл аймақтағы тұрғындардың әл-ауқаты төмен дәрежеде. Әлеуметтік-медициналық көмек көрсету орындарына тек ауруханалар ғана емес, сонымен қатар қарттар үйі, мүгедектер үйі, жетімдер, қарттар паналары, психикасында ауытқулары бар адамдар мен мүгедектерге арналған қонақ үй іспеттес жатақханалар жатады. Әлеуметтік-медициналық көмектегі басты жауапкершілік жергілікті өкіметке тапсырылады. Оларға қаржылық қаражаттың көп бөлігі бөлініп отырады.
Германияда әлеуметтік-медициналық жұмыс мемлекеттік сипатқа ие, бірақ ерікті және жеке ұйымдар да жоқ емес. Әсіресе, әлеуметтік-медициналық патронаж кең түрде қолданылады. Клиенттер өздерінің қажеттіліктері мен ауру деңгейлеріне байланысты әлеуметтік қызметтерді өз бетінше таңдай алады, олар кеңес беру, дәрігерлік, ақпараттық, жалпы күтім бойынша, ұжымдық сияқты әлеуметтік-медициналық қызмет түрлерін пайдалана алады.
Германия үшін әлеуметтік шаралардың дәстүрлі саласы денсаулық қызметі болып саналады. Ол өз кезегінде салыстырмалы биік стандартқа жауап беретін әлеуметтік көмек пен денсаулық сақтау жүйесінен тұрады. Германиядағы денсаулық қызметі мен әлеуметтік қызметтер екі радикалды бөлінген секторлар болып табылады. Бұл екеуінің жұмыс істеу барысында, мысалы, әлеуметтік медицина саласында бірігуі кезінде, әлеуметтік шаралар қажетті бірігудің звеносын құрайды. Сондықтан, денсаулықтың қоғамдық қызметі әлеуметтік қызметтердің, соның ішінде, әлеуметтік саладағы жұмысшылардың маңызды жұмыс істеу ортасы болып табылады.
Скандинавиялық мемлекеттер бюджет қаражатынан мұқтаж жандарға ұзақ мерзімді әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуде биік дәрежеге жетті деуге болады. Мысалы, Швециядағы медициналық және әлеуметтік қызмет мәселелері муниципалды және облыстық билік құзырларына қарайды. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеті сол азаматтың тұрақты тұратын аймағындағы муниципалитетке жүктелген.
Швеция ауруханаларында дағдарыс жағдайлары кезінде көмек көрсету қызметі жақсы дамыған. Бұл жерде әлеуметтік жұмыскерлер бірнеше міндеттер атқарады. Атап айтқанда, ауру адамның емдеудің стационарлық шарттарына және режиміне бейімделуіне көмектеседі; ауру адамдарды операцияға дайындап, операциядан кейінгі жағдайда да көмек көрсетеді; жақындары мен балалары емделмейтін ауруға душар болғандардың ата-аналарына, туысқандарына қолдау көрсетеді; аурудың отбасылық жағдайы туралы және оның туыстарының ауруға көмектесу мүмкіндіктері туралы дәрігерлерді хабардар етеді; балалары қайтыс болған ата-аналар мен ауруханада қайтыс болған жандардың жақын туысқандарымен жұмыс істейді; балалары ауыр науқасқа ұшыраған ата-аналармен жұмыс істеу бағдарламаларын құрайды.
Даниядағы қарт адамдарға көмек көрсету жүйесі ерекше қызығушылық тудырады. Әлеуметтік және медициналық қызметтер қолжетімді болу үшін муниципалды билік қарттарға арналған денсаулық орталығын ұйымдастырды. Әрбір ықшам аудандарда орналасқан мұндай орталықтар әлеуметтік қамтамасыз ету мен денсаулық сақтауға байланысты барлық мәселелерді қарастырады. Сонымен қатар, қарт адамдарды күту мен емдеудегі барлық қызмет түрлері ұсынылады.
Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде жоғары білікті медбикелік күтім үйлері бар. Медбикелік күтім үйлері қарт адамдардың әлеуметтік және тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар білікті медициналық әмбебаптық қызмет көрсету орталықтары болып қалыптасуда.
Көптеген елдерде егде адамдарға әлеуметтік-медициналық көмек түрін дамытуда көмексіз өмір сүре алмайтын қарт адамдарға ұзақ мерзімді көмек көрсетуге басты назар аударылып отыр. Ұзақ мерзімді көмек көрсету қызметі денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар және күту сияқты қызметтерді қамтуы тиіс. Ұзақ мерзімді көмек көрсетудің маңызды компоненті – үйге келіп көмек көрсету, ол – егде адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және үйде отыруға мүмкіндік беретін: медициналық, әлеуметтік, тәжірибелік қызметтердің комбинациялар жиынтығы.
Үйге келіп көмек көрсету қызметі – бұл қауіпті ауруларға, түрлі кеселдерге, функциялардың бұзылуына, терминалды ауруларға ұшыраған пациенттерге үйіне келіп көрсетілетін кәсіби көмек, сонымен қатар, барлық мұқтаж адамдарға қысқа немесе ұзақ мерзімде көрсетілетін кәсіби қызметкерлердің көмегі. Үйге келіп көмек көрсету қызметіне: қызметшілердің үйге келуі; үйдегі инфузионды терапия; медициналық аппараттарды үйге қою; хоспис; патронажды қызметкерлердің жұмысы жатады.
Үйге келіп көрсетілетін көмекті екі түрге бөліп қарастыруға болады, олар: ресми – бригадамен немесе жекелей жұмыс істейтін кәсіби мамандар тобымен қамтамасыз етілетін түрі; ресми емес – ол көршілердің, достардың немесе туысқандардың көмегі. Үйге көрсетілетін көмек түріне үйге тамақ әкеліп беру, жергілікті транспорт, қаржылай көмек, медициналық және әлеуметтік мекемелер базасындағы күндізгі бағдарламалар сияқты қосымша көмек түрлерін жатқызуға болады. Отбасындағы қарт адамдарға күтім жасау да үйде көрсетілетін көмек түріне жатады.
Еуропалық Одаққа мүше-елдерде денсаулық сақтау жүйесі келесідей модельдерге бөлінуі мүмкін:
1. Әмбебап модель (Ұлыбритания, Ирландия, Дания)
- салық салу негізінде қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі қызмет көрсету кешенінің тең және жалпыға бірдей қол жетімділігі қағидаларына негізделеді. Медициналық қызмет көрсету негізінен мемлекеттік мекемелерде ұсынылады.
2. Әлеуметтік сақтандыру моделі (Германия, Австрия, Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург) кәсіпкерлік пен әлеуметтік ынтымақтастық принципі дәстүріне негізделген. Денсаулық сақтауға кеткен шығындардың пайызын құрайтын жалақыдан аударулар мен басқа да мемлекеттік қорлар арқылы қаржыландырылады. Басқару жүйесінде әлеуметтік серіктестік маңызды рөл ойнайды.
3. Медициналық көмек көрсетудің «оңтүстіктің моделін» (Испания, Португалия, Греция, Италия) негізінен мемлекеттік мекемелер (ауруханалар) мен жеке дәрігерлер ұсынады. Алайда, адамдардың көп бөлігінің әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жүйесін қолдануға құқықтары болмағандықтан жалпы салық салу негізінде қаржыландырылатын тек әлеуметтік жәрдемақыларға сенім артуға тура келеді.
Әлеуметтік-медициналық жұмыстың шетелдік тәжірибесін Қазақстанның қазіргі жағдайында қолдану мақсатында оны сараптай отырып, ұқсас әлеуметтік құбылыстар мен процесстерге теоретикалық-әдістемелік ыңғайлардың ерекшелігін, жекелей, тұлғалық деңгейде әлеуметтік көмек көрсету технологиясын, сонымен қатар көмекке мұқтаж жандарға өмір сүрудің қолайлы жағдайларын қалыптастыру әрекетіндегі әдістерді есепке алу керек.
Сонымен қатар Қазақстанда әлеуметтік институттармен тығыз байланысты, өзінің дәстүрлерімен ерекшеленетін әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік-медициналық көмектің үлкен тәжірибесі бар деп айтуға болады.
Осылайша, Қазақстан мен шетелдегі әлеуметтік-медициналық жұмысты салыстыра отырып, келесі жағдайларды қарастыруымызға болады:
1. Шет елдердегі территориясы жағынан шағын елдерде елдің барлық аймағына әлеуметтік-медициналық көмек көрсету мүмкіншіліктері бар. Қазақстанның әр аймағына өзіндік ерекшеліктер тән. Соған қарамастан, Қазақстанда елдің барлық тұрғындарына мүмкіндігінше тегін әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге тырысып бағуда.
2. Қазақстандағы әлеуметтік-медициналық қызметтердің барлық жүйесі мемлекеттік сипатқа ие, ал шет елдерде көбінесе жеке ұйымдар басым және ерікті түрде көмек көрсететін ұйымдар баршылық.
3. Шет елдерде ақылы қызмет көрсету түрі басымырақ. Қазақстанда да ақылы қызмет көрсетулер күннен-күнге өсіп келеді, бірақ бұл әлеуметтік-медициналық көмек көрсету жүйесі мен тұрғындардың кірісіне жатпайды.
Тұрғындардың науқастарының алдын алу (профилактика)
Әлеуметтік жұмыстың денсаулықты нығайтуға және аурудың алдын алу мәселелеріне деген қызығушылығы ең алдымен, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби практикалық іс-әрекет шеңберінің әлеуметтік денсаулық пен әлеуметтік хал-ахуал мәселелерін қамтитындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік медицинаның түп-тамырын практикалық әлеуметтік жұмыстың құрылымынан іздеу керек деген де пікір қалыптасқан. Дәл осы саладан медицина мен әлеуметтік ғылым аурулар мен олардың алдын алу шараларын дәлелдеу үшін ортақ негіз тапқан.
Профилактика ұғымының негізінде тұрғындар тобы мен жеке индивидтердің мүмкін болатын физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-мәдени қиындықтарын шешуге; адамдардың денсаулығы мен өмір сүру деңгейін қорғауға, сақтау мен қолдауға; алдыға қойған мақсаттарына жетуге және ішкі өмірлік потенциалын ашуына көмектесуге бағытталған ғылыми дәлелдемелер мен уақытында орындалатын әрекеттер түсіндіріледі.
Әлеуметтік медицина мен әлеуметтік жұмыс төңірегіндегі ғылыми зерттеулер көптеген созылмалы аурулардың әлеуметтік факторлар мен науқастардың өмір сүру стиліне байланыстылығына негізделіп, көпсалалы бағыт алуды болжайды. Практикалық әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби қызметі үшін денсаулық сақтаудағы профилактика мәселелерінде әлеуметтік қорғау мекемелерінің рөлінің маңыздылығын мойындау да үлкен мәнге ие. Психо-әлеуметтік технологиялар мен әлеуметтік-терапевтік әдістерді қолдана білетін әлеуметтік жұмыскерлер клиентпен құмыс жасау кезінде оған өз денсаулығын есепке ала тұрып, өмірлік жоспарларын айқындауға көмектеседі.
Профилактика (грек тілінен prophylaktikos – алдын ала сақтау, ескерту) - бұл адамдардың денсаулығының жоғары деңгейін және олардың шығармашылық ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге, науқас себептерін жоюға, еңбек, тұрмыс, тұрғындардың демалысы және қоршаған орта шарттарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
Әлеуметтік жұмыста бірінші реттік және екінші реттік профилактика түрлерін бөлу қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет