Дәріс Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік жұмыс: негізгі түсініктер, категориялар, бағыттар



бет8/16
Дата12.09.2022
өлшемі139.22 Kb.
#460592
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Дәріс 1.docx әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік бағытталған қызметтер:
• денсаулықты сақтау және медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне қатысты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
• медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың қызығушылығын билік органдарында көрсету;
• қоғамдық қауіпті әрекеттердің алдын алуға көмектесу;
• бақылау мен қамқорлықты рәсімдеу;
• әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізуге қатысу;
• тұрғындардың мұқтаж бөлігіне реабилитациялық әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жасауға қатысу;
• клиенттердің өз денсаулығына байланысты ақпараттарға оңай қол жеткізуін қамтамасыз ету;
• клиенттерді жеңілдіктер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік қорғау түрлері туралы ақпараттандыру;
• клиенттерге әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын-үй мәселелерін шешуге, зейнетақы, жәрдемақы мен төлемдерді алуға көмектесу;
• отбасылық кеңес беру және психотүзету;
• психотерапия, психикалық өзін-өзі бақылау;
• коммуникативті тренинг, әлеуметтік қабілеттер тренингі және т.б.


Интегративті (біріктіруші) бағытталған қызметтер:
• клиенттің әлеуметтік статусын кешенді бағалау;
• жеке, топтық және аймақтық деңгейде соматикалық, психикалық, репродуктивті денсаулықтың әлеуметтік тәуелді бұзылуларының алдын-алу іс-шараларына қатысу;
• клиент, топтар мен тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру;
• отбасын жоспарлау;
• медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
• мүгедектердің медициналық, әлеуметтік және кәсіби реабилитациясын жүзеге асыру;
• психиатрия, наркология, онкология, гериатрия, хирургияда және клиникалық медицинаның басқа да салаларында басқа әлеуметтік жұмыс жүргізу;
• АИВ-індетін (адамның иммунды дефицит вирусы) таратудың алдын алуға ат салысу және індетке шалдыққан отбасылармен оның мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
• әлеуметтік-құқықтық кеңес беру;
• реабилитациялық, психологиялық-педагогтік, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзіндік және өзара көмек көрсетуші терапевтік қауымдастықтарды ұйымдастыру;
• тұрғындардың әр түрлі деңгейдегі мұқтаж топтарына медициналық-әлеуметтік көмектің кешенді бағдарламасын жасауға қатысу;
• клиенттің мәселелерін шешуде аралас мамандық мамандарының өзара іс-әрекет сабақтастығын қалыптастыру;

Медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге қатысушы әлеуметтік жұмыс маманының осы ұсынылған қызметтік сипаттамасы тұрғындарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында әлеуметтік жұмыс бойынша нормативті құжаттарды дайындау кезінде және ведомстволық бұйрықтарды, нұсқауларды және басқа да нормативтік құжаттарды дайындауда әдістемелік тәсіл ретінде қолданылуы мүмкін.


Аталған мәселе бойынша әлеуметтік жұмыс тәжірибесін денсаулық сақтау мен ғылыми зерттеулерде кеңейте түсу – мамандардың қызметтік міндеттемелері сияқты нақтыланады. Ол кәсіби іс-әрекеттің жаңа түрінің нормативті құқықтық базасын әрі қарай қалыптастыруға әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет