Дәріс кешені 1 Бөлім. Мәдениет теориясы


Фетишизм – жансыз заттарға табыну, бойтұмардардың шамадан тыс күшіне сену; заттар мен құбылыстарды құдай деп түсіну. Фольклор



бет5/25
Дата01.10.2023
өлшемі283 Kb.
#479343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
лекция

Фетишизм жансыз заттарға табыну, бойтұмардардың шамадан тыс күшіне сену; заттар мен құбылыстарды құдай деп түсіну.
Фольклор – қазіргі тілдерде бұл термин индустриалды дамыған қоғамда мәдениет құбылыстарының дәстүрлі шығу тарихын зерттейтін академиялық пәннің атауын білдіреді.
Формация – белгілі бір даму сатысына, кезеңіне сәйкес бір нәрсенің түрі, құрылысы; қоғамдық-экономикалық формация тек қана өзіне тән өндіріс әдісімен және осы әдіспен байланысты идеология, мәдениетпен сипатталатын адамзат қоғамы дамуындағы тарихи айқындалған саты.
Хаос – ғарыштың кескінсіз қарама-қарсыжағы, сондай-ақ жаңа бастама түріндегі шексіз, бос әлемдік кеңістік.
Христиандық – біздің дәуіріміздегі 1 ғ. пайда болып еуропа мәдениетінің рухани негізі болған әлемдік діннің бірі. Негізін салушы хрситың атымен аталған. Христиандық құдайы – тағдыр әміршісі, әлемді «жоқтан» жасайтын құдіретті тұлға.
Хронотоп – (сөзбе-сөз (уақыт-кеңістік) – нақты бір (мәдени, көркем) мәнді көрсетуге бағытталған кеңістік және уақыт өлшемдерінің бірлігі.
Цивилизация (өркениет) - (лат. азаматты, мемлекеттік) алғашқы қауымдыққұрылыстың соңынан еретін саты; нақты бір қоғамның, халықтың елдің тарихи, географиялық, социо- мәдениеттік ерекшеліктерінің жеке өзгешеліктері; өзіндік жайлылығы бар қазіргі заманның қоғамы; адамның өзіне, өзінің дамуына деген тәжірибедегі және рухани қарым-қатынасы негізге алынған адамзат тарихындағы негізі типтік бірлік.
Шедевр – орта ғасырдағы шеберлік атағын алу үшін қолөнершінің ұсынатын үлгілік бұйымы; өнердің, шеберліктің ең жоғары жетістігі болып табылатын шығарма.
Эволюция - өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі түрі.
Экзистенциализм - ХХ ғ. басындағы батыс философиясындағы бағыт; идеялық шығу кездері кьеркегор философиясы, өмір философиясы, феноменология. Экзистенциализм діни (Ясперс, Марсель) және діни емес (Хайдеггер, Сартр, Камю) деп бөледі. Негізгі ұғымы – адами тіршілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет