Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Көркем мәдениет пен өнер ұғымдарының арақатынасы?
Өнердің пайда болып қалыптасуы туралы қандай ілімдерді білесіз?
Өнердің мәдени-әлеуметтік мәні неде?
Өнер пен әдептің арақатынасы қандай?
Мәдениет тарихындағы дін мен ғылым қарым-қатынасының мәселесі неде жатыр?
Синкретицизм, тотемизим және басқа да діни сенімдердің сипаттамасын беріңіз?
Неліктен дін магия ғылымының алдын алушы болып есептеледі?
Мораль ұғымы дегеніміз не?
Адамгершіліктің қандай бастауларын білесіз?
Саяси жүйе денеміз не?
Саяси жүйенің мәні неде?
Мемлекет- қоғамның неліктен саяси институт болып есептеледі?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7, 8.
4. Тақырып. Мәдениет және өркениет.
Дәріс мақсаты; Мәдениет және өркениеттің өзара қатынасы. Формациялық және өркениеттілік қағидаларымен таныстыру
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Мәдениет және өркениеттің өзара қатынасы
2 . Формациялық және өркениеттілік қағидалары
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырайық. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. «Өркениет» олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Мәдениет пен өркениеттілік осы екі ұғым біріне-бірі өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениетт - адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңделген заты, құбылыс. Мәдениет пен өркениет бір біріне байланысты ұғымдар.
Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемде алғанда- алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында – бір қоғамдық формациядан екіншісіне көшу, ақырында, тар мағынада - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері,Үнді өркениеті, Вавилион өркениеті.
Дүниежүзілік мәдениеттің дамуы - мәдениеттің бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық-экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын процесс, яғни мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәулді болады. Сондықтан ғылым қоғам мен мәдениетті бір-біріне қарсы қоймай, олардың тарихи ажырамас тығыз бірлігін ашып көрсетеді. Бұл бірлік адам дамуы қоғам дамуымен жеңгейлес болғанда толық мүмкіндік табады. Адам дамуы- оның қызметінің әмбебаптық сипат алуы. Өндіріс, айырбас, тұтыну қоғам өмірінде неғұрлым кең орын алған сайын, адам болмысы да жан-жақты сипат алады, ал ол мәдениеттің гүлденуіне жағдай туғызады. Жалпы адамзаттық мәдениет ұлттық мәдениеттерден құралады, бірақ ол сол мәдениеттердің жай жиынтығы емес. Ұлттық мәдениетсіз жалпы адамзаттық интернационалдық мәдениеттің де болуы мүмкін емес.
Өркениеттілік - қоғамдық қатынастар мен рухани көзқарастың нәтижесі. Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |