Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Мәдениет дегеніміз не?
Дүниеге көзқарасты қалай түсінеміз?
Мәдениеттану қандай ғылымдармен байланысады?
Мәдениеттанулық білімнің ерекшелігі неде?
Ойшылдардың мәдениеттану саласындағы үлесі қандай?
Мәдениеттің қандай түрлерін білесіз?
Мәдениеттің постмодерндік түсінігі қандай?
Субьмәдениет ұғымы және оның түрлері қандай?
Мифологиялық көзқарастың мәні неде?
Мәдениеттің негізгі мәселесіне не жатады?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6.
2 Тақырып. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы.
Дәріс мақсаты: Мәдениет тілі. Адам мәдениеттің субъектісі ретінде екенін қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Мәдениет тілі.
2. Адам мәдениеттің субъектісі ретінде.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер); Тіл-адамзаттың білімі мен тәжірибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Олардың әрқайсысы жоқ обьектілердің қарама-қатынастары болған уақытта қолданылып отыратын бейнесі болып саналады. Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие процестерінде біліп үйренеді, содан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін пайдаланылады.
Мәдениеттің екінші элементі - ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық - деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субьектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірліктердің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандыратын құбылыс, процестердің қасиеттерін айтамаыз.
Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәсселен, 1823 ж. гректердің Милос аралы жағалауындағы теңізден табылған Венера (Афродита) аталған, бойы 207 см келетін әйел мүсіні - әйел сұлулығының үлгісі аталды. Теңіз ішіндегі құмнан шығармақ болғанда мүміннің қолысынып қалса да, ондағы әйелдің тұрған тұрысы, бейнесі, мойыны, омырауы, белі, мықыны қай заманда блсын ғажап сұлу көркемдікті паш ететін құбылыс.
Ол б.з.б 33-2-ғ. жасалған көрінеді. Ал енді мүсін тек адамдарға ғана рухани ләззат береді. Адамнан басқа тірі жанға оның ешқандай әсері жоқ болмайды да. Олай болса, сол мүсіннің тек геометриялық түрі емес, оның рухани мәні болғанын байқатады.
Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра ол адамның өзі оның өткен жолы, болашағының сатысы, сондықтан бұрыңғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау ойлауды қажет етеді. Мәдениетті қоғам дамуынан бөліп алуға болмайды, өйткені мәдениет – сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі бір мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына тиек етті. Солардың бірі табиғи ортамен байланыстыра қарау.
Мәдениеттің ерекшелгі сол, ол тек обьективті шындық түрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның обьективті мазмұны. Мәдениеттің материалдылығының өзі, шығу көзі адамға байданыстылығында. Адамның өмір сүру тәсілі мен обьективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Материалдық мәденет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы сондай-ақ өлең, жыр, терме, жұмбақ, жаңылтпаш, әңгімелерден мәлім болады. Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек..
Достарыңызбен бөлісу: |