Дәріс кешені 1 Бөлім. Мәдениет теориясы


Құран – исламның қасиетті кітабы, мұсылмандардағы құқығын (шариғат) жазуға негіз болған діни, мифологиялық және хұқықтық мәтіндер жинағы. Либеретто



бет3/25
Дата01.10.2023
өлшемі283 Kb.
#479343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
лекция

Құран исламның қасиетті кітабы, мұсылмандардағы құқығын (шариғат) жазуға негіз болған діни, мифологиялық және хұқықтық мәтіндер жинағы.
Либеретто – музыкалық-драмалық шығарманың (опералар, оперетталар) сөзбен берілген мәтіні, балеттік спектальдердің сценарийі; опералардың, балеттердің, оперетталардың қысқаша мазмұны.
Материалдық мәдениет – заттық үлгіге жинақталған адамның рухы; затттардың арқысында жүзеге асырылған адам жаны; материзацияланған және заттанған адам жаны. Ол материалдық байлықтардың барлық түрін қамтиды. Өткен заманның археологиялық ескерткіші, топос мәдениеті, яғни тұрмыстық орындар, сәулет ғимараттары мен құрылыстары.
Мифология мифтердің жеке ерекшеліктері; миф мен аңыздарды ертегіні зерттейтін ғылыми пән.
Модернизм – стиль шарттылығына тәжірибе жасауға арқа сүйеген, өткен өмірдің дәстүрлі пішіні мен эстетикасын жоққа шығарған ХХ ғ. өнер мен әдебиеттегі бағыттың жалпы атауы.
Мәдениет құрылымы – жекеленген артефактілердің түрі мен құрылысы қарастырылатын мәдениет туралы ғылым тарауы.
Нирвана - өмір тіршілігінен және талпыныстардың барлығынан безушілік, адам талпынысының соңғы мақсаты болып табылып құдіретпен бірігетін буддизмдегі жоғары рахаттану қалпы. Нирванаға шому – толық тыныштық қалыпқа берілу.
Ноосфера (ақыл – ой өрісі) – адамзаттың рухани шығармашылығы шешуші мән-мағынаға ие болатын биосфера дамуындағы ерекше кезең.
Оперетта вокалды және аспапты музыка, би мен сөйлесу сәйкестеліп келіп, күлкілі мінезде берілетін музыкалы – сахналық шығарма.
Патетика – асқақтау категориясы шеңберінде жазылатын өнердің түрін сипаттау.
Постимпрессионизм – ХІХ-ХХ ғ. импрессионизмге қарсы пайда болған шетелдегі көркемсурет құбылыстарының шартты белгілері; постимрессинонистер түс тазалығы мен сәйкестігін сақтай отырып, аса шартты, бірақ сонымен бірге, жалпыланған, тұтас әлем бейнесін жасауға тырысты.
Реализм - өзіне міндет ретінде шындықтың толық, жалғансыз бейнесін беруді алдына қойған әдебиеттегі және өнердегі бағыт. Реализм - өмір шындығы деп түсіндіру ежелгі мәдениет дәстүрлері бір және бірнеше тарихи дәуірлерден өтеді. Реализм термині және оны толық түсіну 19 ғ. пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет