Геноцид (грек.genosis -тек, қауым, лат. Caedo - өлтіремін) – нәсілдік немесе этностық басымдылық пен жеккөрушілікті желеу етіп, адамдық бірлестіктерді жою әрекеттері. Этникалық гноцидтің мысалдарына қазіргі заманда да кездесетін әр түрлі «этникалық тазартулар» мен ұлтаралық соғыстар жатады.
Этномәдени экспанция. Патшалық ресей империясы бастаған миграциялық саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізілген саясаты тек «советтік ұлттарды тазалаумен» шектелген жоқ. «жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады.
1991 жылдан бастап Қазақстан - тәуелсіз мемлкет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі мен басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.
ХХ ғасырдың бас кезінде өлке халқының негізгі көпшілігі оқи да, жаза да алмады. Сондықтан революциядан соң бірден ересектерді оқыту үшін мектептер мен курстар ашыла бастады. Әулие-Ата қалалық жұмысшы және солдатдепуттары кеңесі 1917 ж. қарашада сауат ашу мектебін ашу туралы мәселе қарап, бұл мақсатқа қажетті ақша қаржысын, бөлу туралы шешім қабылдады. 1918 жылыдың бас кезінде Верныйда, Семейде, Ақмолада және басқа тиісті материалдық жағдайы және мәдени күштері бар жерлерде сауатсыздар үшін мектептер ашылды.
Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы соғыстан кейінгі аса ірі ақиға болды: ол: 1946 ж. 1 маусымда ұйымдасты. ҚазКСР Ғылым академиясының толық мүшелері (академиктер) болып аса көрнекті ғалымдар М.О. Әуезов, Ә.Б. Бектұров, М.И. Горяев, А.Қ. Жұбанов, Н.Г. Кассин, Н.Т. Сауранбаев, мүше-корреспонденттері болып, Н.О. Базанова, Р.А. Боруков, Ә.Х. Марғұлан, М.Н. Усанович және басқалар сайланды. Тұңғыш президенті болып Қ.И. Сатпаев сайланды.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Қазақ ағартушылары өкілдерін атаңыз?.
Зар-заман мәдениетін қалай түсінесіз?.
Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры қалай сипатталады?
Ұлттық мәдениет дегеніміз не?.
Қазақстандық ғылым мен мәдениет ордаларын атаңыз?.
Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілікке байланысты айтылған сөздерін еске түсіріңіз?
Ш. Құдайбердіұлының философиялық көзқарастары қалай қалыптасты?
А. Байтұрсыныовтың негізгі өлеңдерінің бірін атаңыз?
Ұлтаралық қатынасты зерттеген ғалымдарды атаңыз?
М. Дулатовтың дүниеге деген көзқарасын қалай түсінесіз?
Ж. Аймауытовтың көзқарастарын қалай түсінесіз?
Өркениет дегеніміз не?
Өркениеттің түрлерін атаңыз?
Қоғам дамуының өркениеттілік, формациялық концепцияларын түсіндіріңіз?
Қоғам дамуында өркениеттің мәні неде?
Мәдениет және өркениеттің арақатысы қандай, түсіндіріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |