Дәрісті бекіту үшін тапсырмалар
Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары, кезеңдері мен тетіктері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ҮЕҰ, саяси партиялар мен БАҚ рөлі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
5-тақырып. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық саясаты
Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заманауи саясатындағы сыбайлас жемқорлық және жемқорлық құқық бұзушылығы ұғымдары
Сыбайлас жемқорлық қылмысының жалпы криминологиялық сипаттамасы
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сыныптамасы
1.Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заманауи саясатындағы сыбайлас жемқорлық және жемқорлық құқық бұзушылығы ұғымдары
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодек-сінің (ҚР ҚК) өзінде «сыбайлас жемқорлық қылмысы» ұғымы аталған Кодекстегі кейбір ұғымдарды түсіндіруге арналған 3 б. 29 т. бекітілген. Бірақ бұл ұғым дефинициарлық сипатқа ие емес, яғни түсінік беру көзіне, анықтама сөзінің тура мағынасында анықтамаға жатпайды. Аталған бап жемқорлық қылмыстарына жататын қылмыстық тұрғыда жаза қарастырылған әрекеттер тізбесін қамтиды. Сонымен қатар «сыбайлас жемқорлық» ұғы-мының осындай анықтамасы болмай мемлекеттің жемқорлыққа қарсы қылмыстық саясатының мәнісін ұғыну мүмкін емес.
Қажетті анықтама 1998 ж. 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңында (2011 ж. 1 сәуірде берілген өзгерістер мен толықтырулармен) берілген. Аталған заңның 2 б.1т. сәйкес сыбайлас жемқорлық ретінде «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» ұғынылады.
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымымен қатар жем-қорлыққа қарсы қылмыстық саясатта «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы» ұғымы маңызға ие. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы» ұғымының мазмұндық жағы «сыбайлас жем-қорлық» ұғымынан тиісті құқық бұзушы-лықтар факт ретінде жемқорлықтың өзін қамтып қоймай, онымен бірге жүретін құбылыстарды, әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) қамтитынымен ерекшеленеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы» ұғымының өзіндік анықтамасы бар. Осылайша, аталған заңның 2 б. 2 т. сәйкес сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеліп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер жатады.
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының анық-тамасында түсіндіруді қажет ететін бірқатар терминдер бар. Атап айтқанда, жемқорлық субъектілері (яғни жемқорлық қылмыстарын тікелей жасайтын тұлғалар) ретінде мемлекеттік функцияларды орындайтын тұлғалар аталады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 2 б. 3 тармағында қарастырылып отырған ұғымға мынадай анықтама берілген:
мемлекеттік функциялар – бұл ҚР заңна-масымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызметкерлердің өкiлеттiгiне жатқы-зылған iс жүргiзу мәндерi.
Бұл ретте мемлекет функциялары ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары ұғынылады, осы бағыттардың арқасында мемлекеттің тағайындалуы іске асырылады.
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының анықтамасында «жеке тұлғалар» және «заңды тұлғалар» ұғымдары пайдаланылады.
Жеке тұлғалар – бұл азаматтық қарым-қаты-настардың қатысушысы немесе азаматтық құқық-тар мен міндеттердің тасымалдаушы азаматтар. Жеке тұлғалар мәмілелер жасасып экономикалық активтерге ие болуы мүмкін, міндеттемелер бойынша жауап бере алады.
Заңды тұлғалар – бұл азаматтық айналымда азаматтық құқықтар мен міндеттердің дербес (айрықша) тасымалдаушысы ретінде болатын мекемелер, кәсіпорындар немесе ұйымдар. Олар өз меншігінде, шаруашылық қарауында немесе оперативтік басқаруында оқшауландырылған мүлікке ие болуы мүмкін және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен жауап беруі тиіс. Дербес теңгерімге немесе сметаға ие болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |