Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Азаптау тәсілдерін қолда­нуға қарсы күрес



бет13/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
дәріс кешені (2)

Азаптау тәсілдерін қолда­нуға қарсы күрес. Швеция Үкіметі адам құқығын осын ­дай бұзушылықтарға жұр т­шылықтың назарын аудартады және азаптау құрбандарына көмек көрсететін ұйымдарды қолдайды

8

Кемсітушілікке қарсы күрес.
Көптеген елдерде қаншама
халық өзіне деген тең құқылы
қатынасқа қол жеткізу үшін
ұзақ жолдан өтеді. Швеция
үкіметі әйелдердің, бала­лардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының сақталуына ерекше көңіл бөл ­ген жөн деп есепт ейді

Осылайша, швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі – демократия болып табылады, ол ерікті баспасөз, демонстрацияларға қатысу құқығын, табиғатты еркін пайдалану және билік басында тұрғандарды бақылау құқығын көздейді.




Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, азаматтық ұстаным, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту.


Дәрісті бекіту үшін тапсырмалар

  1. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты.

  2. Мемлекеттік басқаруды реформалаудың Сингапурлық тәжірибесі.

  3. Швециядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі.

4 тақырып. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы



  1. Стратегияның жалпы ережелері

  2. Стратегияның мақсаты мен міндеттері

  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шаралары

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.


Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
Әлеуметтік шығу тегі мен мүліктік жағдайына қарамастан, оның кезінде басшылық орындарға қабілетті және кәсіби дайындалған адамдар орналасатын меритократия қағидаттарының негізінде мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасты, оның ішінде мемлекеттің әрбір органы мен лауазымды адамының функциялары мен өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылып және айқындалып қалыптасты.
Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.
Қазақстанға әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге мүмкіндік берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың өсуі, бизнесті жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, электрондық үкіметті енгізу жөніндегі қолданылып жатқан шаралар да заңға бағыну мәдениетін және жүріс-тұрыстың жалпы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.
Сонымен бірге экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік берер еді.
Бұл орайда қазіргі кезеңде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны (бұдан әрі – Стратегия немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) айқындайтын жаңа бағдарламалық құжатын қабылдау қажеттігі болып тұр.
Мұндай құжатта сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шараларға жетекші рөл берілуі тиіс. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен тиімді қорғау жөніндегі шаралардың басымдығын да көздейді.
Тұтастай алғанда, мұндай Стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жан-жақты және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің әзірленуін және жүзеге асырылуын көздеуге, сөйтіп, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ, жекеше секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға тиіс.
Бұл ретте Стратегия айқындайтын базалық бағыттар түпкілікті болуы мүмкін емес. Олар жекелеген іс-шаралардың орындалуына байланысты және сыбайлас жемқорлық құбылысына, оның себептеріне, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысты ынталандыруға терең талдаудың нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы істердің жай-күйін байсалды және объективті бағалауды ескере отырып түзетілуге тиіс.
Қазақстандық мемлекет дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды, оларды күшейту және дамыту ел дамуының қазіргі заманғы кезеңіңде осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны табысты іске асырудың кепілі болады.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып осы келеңсіз құбылыспен күрестің мақсатын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады.
2001 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі нақты шаралар қабылдануда.
1999 жылдан бастап қолданыстағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және 2005 жылы Мемлекет басшысы бекіткен Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі Қазақстанда есеп берушілік, ашықтық және меритократия қағидаттарында құрылған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін негіз жасады.
Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық қорғау функцияларын біріктіретін арнайы мемлекеттік орган құрылды. Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен өткеру және мемлекеттік аппарат тазалығына мониторинг жүргізу мәселелерін реттеуге ғана арналған емес, оған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның профилактикасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциясы да берілген.
Бұл ретте алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган үшін басымды болып табылады.
Жаза бұлтартпастылығы қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасағаны үшін әшкереленген шенеуніктер атқарып отырған қызметтері мен шендеріне қарамастан, заңның барынша қатаңдығы бойынша жауапты болады.
Қылмыстық-құқықтық саясат сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін лауазымды адамдардың қатаң жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатал жауапкершілік қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген.
Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарға мерзімнің ескіруі қолданылмайды, шартты түрде соттауға тыйым салынған, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойына тыйым салу енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін басшылардың дербес жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген маңызды ұғым бекітілген.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтумен қатар олардың әлеуметтік кепілдіктері де жетілдірілуде.
Мемлекеттік аппараттың еңбекақысын кезең-кезеңмен, үнемі көтеріп отыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуін арттыруға және олардың өз міндеттерін адал және әділ негізде орындауы үшін жағдайлар жасауға арналған.
Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасында құқық тәртібі органдарына деген сенім деңгейін арттыруға, мінсіз жүріс-тұрыспен және құзыреттіліктің жоғары деңгейімен ерекшеленетін персоналды қалыптастыруға бағытталған шаралар көзделген.
Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданды.
Жер-жерде ақпаратқа колжетімділік кеңейтілді, оған электрондық үкіметті, сондай-ақ мемлекеттік және жекеше құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру жөніндегі шаралар ықпал етті.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасалды.
Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың сапалы және тез арада мемлекеттік қызметтерді алуын қиындататын әкімшілік кедергілер жойылуда.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңның қабылдануымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалды, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін бағалау және оның сапасын сыртқы бақылау жүйесі қалыптастырылды.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін бұзу саны (2012 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге) және оларды көрсету сапасына шағымдардың саны (25%-ға) жыл сайын төмендеп келеді, сондай-ақ автоматтандырылған қызметтердің үлесі (2 еседен астам) және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі (51%-ға) ұлғайды.
Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артуда, бұл бәсекеге қабілетті ортаның қалыптасуына, бюджет қаражатының ашық және тиімді игерілуіне ықпал етеді.
Экономиканың мемлекеттік емес секторында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, жұмысқа орналасу және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
Тұтастай алғанда, аталған шаралардың қабылдануы Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орталық Азия өңірінде де, ТМД елдері арасында да көшбасшы орындардың бірін алуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлық адамзаттың ұйымдасқан қоғам пайда болғаннан бері оның құрамдас бір бөлігі болып келетіні ежелден анық. Билік басындағы адамдардың өз құзырын асыра пайдалануына жол бермеу жолдарын қарастыру ежелгі Грекия мен Рим заманындағы зерттеушілер, ғалымдар еңбектерінде маңызды орын алған тақырып. Бүгінгі күні мемлекеттің дамуын тежейтін ішкі факторлардың ішінде сыбайлас жемқорлық, онымен күрес жолы ең күрделі және мемлекеттің халық алдында, халықаралық деңгейде беделін түсіретін құбылыс болып отыр. Жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оның халықаралық құқық саласында бірауыздан мойындалған анықтамасы жоқ екенін, онымен күрес салдары, тәжірибесі әр мемлекетте әртүрлі болғандығын көрсетіп отыр. Дамыған Еуропа елдері мен АҚШ-та саяси партиялар арасында партиялық сыбайлас жемқорлық етек алған. Дамушы елдерде сыбайлас жемқорлық мемлекеттің аппараттың барлық сатыларында кездеседі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 2003 жылы қабылданды, 2008 жылы конвенцияны Қазақстан Республикасы да ратификациялай отырып, оған мүше 140 мемлекеттің қатарына кірді. Осы конвенцияда қатысушы мемлекеттерге ұсынылған талаптардың басым бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылуда. Конвенцияның 6, 36-баптарында айтылған сыбайлас жемқорлықпен күресуге арнайы мамандандырылған мемлекеттік орган құру, мемлекеттік қызметке кадрларды конкурс негізінде қабылдау, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін қабылдау, мемлекеттік сатып алуларда ашықтық пен бәсекелестікті қамтамасыз ету туралы талаптар жүзеге асырылды. БҰҰ ұсыныстарындағы 13-бап қарастыратын талаптар сыбайлас жемқорлықпен күреске мемлекеттік ұйымдармен қатар азаматтық қоғамды жұмылдырумен байланысты болады. Осы бағытты іске асыру Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады.
2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара сабақтас, тұрақты мемлекеттік деңгейдегі шаралардың жүзеге асырылуына Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» стратегиясында көрсетілген міндеттер жаңа қарқын беріп, күрес бағыттарын айқындай түсті. «Қазақстан 2050» стратегиясымен белгіленген жаңа міндеттер арасында онымен күресті жалпы халықтық деңгейге көтеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын нығайту, қоғамның барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік органдарға халықтың бақылауын күшейту бар.
Елбасының «Қазақстан 2050» стратегиясында айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бағытын жүзеге асыру мақсатында көптеген мемлекеттік органдарда, қоғамдық-саяси ұйымдарда 2015 жылдан басталатын сыбайлас жемқорлықпен күрестің салалық бағдарламалары қабылданды. 2014 жылдың 11 қарашасында жан-жақты қоғамдық талқылаулардан соң «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасы жарияланды. Оның басты мақсаты – кез келген жемқорлық белгілеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастырып, бұған бүкіл қоғамды тарту. Алдағы онжылдықта «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оның алдын алу, мемлекеттік басқару органдарында қоғамдық бақылауды күшейту, жергілікті басқару өкілеттігін кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру міндеттерін жүзеге асырады.
2015 жылғы 1 сәуірде мақұлданған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлықпен күрестің әдістемелік ұсынымдары кадрлық мәселелерінде оны түп-тамырымен жоюға бағытталған. Әдістемелік ұсынымдарда кадрларды таңдау, дайындау, біліктілік жоғарылатуда жемқорлық белгілерінің алдын алу, министрлік құзырындағы мекемелерде кадрлар құрамына жауапты тұлғалар және олардың жауапкершілігі анықталған.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күрес тек атқарушы немесе басқарушы биліктің ғана емес, жалпыұлттық, халықтық мақсатқа айналуы тиіс, тек сонда ғана осы қоғамдық індет тамырына балта шабылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет