Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері



бет32/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
дәріс кешені (2)

2. Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері. Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей.
Методология дегеніміз - ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Диалектикалық әдістің негізін салушы неміс философы Гегель. Ғылыми танудың формалары мен әдістері көп. Ол объектіні бақылаумен жинақталған материалдарды талдау және синтездеу, индукция және дедукция, жүйелік қарау, гипотезалар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық формаларда үлгілер жасау.
Экономикалық зерттеудің маңызды әдісі - ғылыми абстракция.
Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.
Өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Олар өзара байланысты ғылымның іздегені- шындық әрқашанда жүйе формасында болады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция мен дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция дегеніміз - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады. Дедукция дегеніміз- керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшкліктері сипатталады.
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген елеулі бағыттың негізін қалаушылар: М.Вальрас, В. Парето, У.Джевонс. Қазіргі көрнекті өкілдері: В.Леонтьев, Шаталин, Макаров.
Экономикалық теория пәні дегеніміз - шектелген ресурстар әлемі мен оларды басқару кезіндегі өндірістік игілік жасау процесіндегі адамдардың тигізетін әсері.
Оның мақсаты: пайда табу негізінде адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру. Экономикалық теория пәнін 2 ірі бөлімге бөліп оқиды:

  1. микроэкономика;

  2. макроэкономика.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет