Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері



бет31/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
дәріс кешені (2)

Қылмыс істеу сатылары деп қасақана істелген қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз.Олар:
Қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу, қылмысты аяқтау.
Қылмыстық құқық принциптері: заңдылық қағидасы, заң алдында теңдігі, жауаптылықтан құтылмайтындық, жеке жауаптылық қағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздік презумпциясы.
Жаза соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
11-тақырып. Экономиканың мәні және зерттеу әдістері


Дәрістің мақсаты: Экономиканың мәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету.
Дәріс жоспары:

  1. Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері

  2. Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері

  3. Экономикалық теория қызметтері

  4. Экономикалық теория және оның категориялары

  5. Экономикалық жүйе түсінігі, элементтері және классификациясы




  1. Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері. Саяси экономия гректің «политейя» қоғамдық құрылыс, «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - заңдар деген 3 сөзінен шыққан. Экономикалық ой-пікір алғашқы рет Азияда, Қытай мемлекетінде дамиды. Экономика ұғымын ғылымға енгізген грек философы Аристотель болған.

Экономика дегеніміз – адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.
Экономикалық ғылымның дамуын 5 кезеңге бөлуге болады:

  1. Меркантелистік кезең (Антуан де Монкретьен);

  2. Физиократтық кезең (ф. Кенэ, А.Тюрго);

  3. Ағылшын классикалық буржуазиялық саяси экономия кезеңі (А.Смит, Д.Рикардо, У..Петти);

  4. Марктік саяси экономия кезеңі (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин);

  5. Қазіргі экономикалық ой-пікір (К.Менгер, Дж.Кларк, А.Маршалл,Дж. Мейнард Кейнс).

Меркантелизм итальянның «мерканте» - сауда, көпес деген сөздерінен шыққан. Олар экономиканың сауда саласына көп мән беріп, қоғамдық байлықты ақша, бағалы металдарды жинау арқылы жасауға болады деп тұжырымдаған.
Физиократтар қоғамдық байлық - ауыл шаруашылығы деп есептеп, алғашқы реет «Экономиалық кестені» жасап шығарды.
Ағылшын классиктері өндірістің барлық салаларын дамыту арқылы ғана қоғамдық байлықты көбейтуге болатынын дәлелдеді. Олар «Еңбек-құн теориясын» жазып, ең алғаш рет экономикалық категорияларға анықтама берді.
Маркстік саяси экономия мектебінің өкілдері еңбек құн теориясын дамыта келе қосымша құн теориясын жан-жақты талдады. Бұл теория ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В.И.Лениннің еңбектерінде дамыды. Бұл теория жұмысшы табының мүддесін қорғайтын экономикалық теория.
Қазіргі экономикалық ой-пікір ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі уақыт аралығын көрсетеді. Бұл мектептің өкілдері шектілік теорияларын, шектелген өнімділік пен өндіріс факторларының кему заңдылықтарын тұжырымдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет