Субъективті құқықтар мен міндеттердің сипаты бойынша:
Құқық беруші
міндеттеуші
тиым салушы
Заң күші бойынша:
Императивтік
jus cogens
диспозитивтік
материалдық
іс-жүргізушілік
Әрекет ету өрісі бойынша:
әмбебап
аумақтық
партикулярлы
Халықаралық құқықтық реттеу қызметі бойынша:
9- тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
Азаматтық құқық дегеніміз - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
тараптардың теңдігі;
шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
еркіндік;
тәуелсіздік;
меншікке қолсұқпаушылық;
біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар - айырбас, жалға алу, сатып алу - сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Азаматтық - адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. [Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды» делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.) [2]
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай ақ азаматығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен іс әрекеттерін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |