Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Экономикалық теория қызметтері



бет33/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
дәріс кешені (2)

Экономикалық теория қызметтері. Тауар мен қызмет көрсету өндірісін дамыту барлық ғылымдарда қарастырмай болмайды. Соның ішінде экономикалық ғылымдарда да. Оның бастысы - күнделікті бақылау, интуиция. Одан кейін - ғылыми білім. Осыдан барып теориялық ғылым туады. Көптеген ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, экономикалық теория таным мен қайта құруда үлкен роль атқарады. Осыған байланысты экономикалық теорияның бірнеше қызметтерін қарастырамыз:

  1. методологиялық

  2. сынаушылық

  3. танымдылық

  4. прагматикалық (тәжірибелік)

  5. болжам жасау

  6. идеологиялық

Экономикалық теорияның бастапқы 5 қызметі нарық экономикасына сәйкес келеді, ал соңғы 6-шы қызметі әкімшілік-әміршілік жүйеге сәйкес келеді.


4. Экономикалық теория және оның категориялары. Экономикалық категориялар дегеніміз - адамдардың қоғамдық-өндірістік қатынастарының нақты орын алуын теориялық тұрғыдан анықтау. Экономикалық ғылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Экономиалық категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды.
Экономикалық заңдар- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.
Экономикалық заңдардың 2 түрі бар:

  1. жалпылама заңдар;

  2. ерекше заңдар

Жалпылама заңдар – бүкіл адам тарихында немесе бірнеше ғасыр бойы күшіне енген заңдар (еңбек өнімділігін жоғарлату заңы, керексіну заңы).
Ерекше заңдар- жеке қоғамдық өндіріс түрлерінің ерекшеліктері мен оларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізін көрсететін заңдар.
Адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастар 2-ге бөлінеді:

  1. ұйымды-экономикалық қатынастар;

  2. әлеуметті-экономикалық қатынастар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет