келiсiмшарттық деп аталатын мiндеттемелердiң белгiлерi жақын көрiнiс тапқан. Осы
айтылған сөз, жоғары да қарастырылып өткен басқаның мүддесiне тапсырмасыз әрекет
етуден туындайтын мiндеттемелерге де қатысты. Қазақстан Республикасының
мiндеттемелiк құқығында топтастырудың
мұндай негiзi қолданылмайды, алайда
квизвкелiсiмшарттық мiндеттемелердi атап өту конкурстық мiндеттемелердi дұрыс
түсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi. Олардың кейбiреулерi шарттық мiндеттемелерге
өте ұқсас, өйткенi конкурстық мiндеттемелер қатысушылардың ерiктерiн iс жүзiнде
келiстiру алдағы уақытта бәрiбiр орын алады, бiрақ заңнама сол бiр немесе өзге нысанда
конкурсқа бастамашылдық бiлдiрген субъектiнiң еркiне ғана және егер оның ерiк бiлдiруi
құқықтық қатынастың негiзi
ретiнде жеткiлiктi болса, басымды құқықтық маңыз бередi.
Қалған субъектiлердiң еркi есте ұсталады және олар көмекшi маңызға ие болады (олардың
мiндеттемелерге қатысуы, бiрқатар жағдайларда олармен конклюденттiк iсәрекеттердi
жасаумен қамтамасыз етiлуi мүмкiн, алайда олардың белсендi iсәрекеттердi де жасауды,
кокурстың барлық талаптарын сақтауы жоққа шығарылмайды).
Осы мiндеттемелердiң
мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конкурсанттардың әдетте борышқорлармен
бiрқатар азаматтық құқықтық шарттарды мердiгерлiк тапсырма, комиссия және т.б
жасалатын iсәрекеттердi қамтуы мүмкiн.
Конкурсанттардың заңдық қылықтарды – ғылым, әдебиет және өнер туындысын жасау
жоққа шығарылмайды. Бiрiншi жағдайда конкурсанттармен
конкурсы жария еткен
субъектiнiң пайдасына заңдық маңызды бар iсәрекеттердi iс жүзiнде жасау туралы емес, сол
конкурсты жария еткен тұлғамен өз талаптарын сақтаудың орнына өздерiнiң өздерiн
заңдық мiндеттеуге дайын екендiгi туралы сөз болып отыр. Егер конкурсанттардың қайсы
бiрiмен iс әрекеттер жасалса (жұмыс орындалса, тауарлар берiлсе, қызметтер көрсетiлсе)
және конкурс жария еткен тұлға оны қабылдаса (олармен келiссе) және соңғысының
мүлiктiк аясы конкурсан iсәрекеттерiнiң салдарынан белгiлi бiр игiлiктермен толықса, онда
тараптардың арақатынасына белгiлi бiр шарт туралы ережелер қолданылуға тиiс. Конкурс
жария еткен, шарттарды бекiтуге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды және өзiне ең
жақсы жағдайлары бар офереттаға қосылу мiндеттемесiн алады. Ғылым, әдебиет және өнер
туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты iсәрекеттердi жасау талап етiледi.
Конкурстық мiндеттемелердiң көмегiмен тараптардың ара
қатынасы және қажет болған
кезде шарттар мен интеллектуалдық меншiктiң әртүрлi объектiлерiн жасаудан басқа, өзге
де заңдық маңызы бар iсәрекеттер реттелуi мүмкiн. Конкурстық мiндеттемелер туралы
нормалар Қ.Р. азаматтық кодексiнiң “конкурстық мiндеттемелер” деп аталатын
46тарауында (910-914баптар) қамтылған. Аталған баптардаң нормаларымен сыйақы беруге
көпшiлiк алдында уәде беруден туындайтын конкурстық мiндеттемелер және саудаластық
негiзiнде (тендерлер, аукциондар) туындайтын мiндеттемелер реттеледi.
Достарыңызбен бөлісу: